Аймақ басшысы
Кәрім Көкірекбаевтың
қатысуымен
өткен «Нұр Отан»
партиясы облыстық
филиалының
ХIХ кезектен тыс
конференциясында
ел тарихындағы
маңызды оқиға –
Елбасының билік
тармақтары арасында
өкілеттіктерді қайта
бөлу туралы Үндеуі
мен Қазақстан
халқына Жолдауы
жан-жақты
талқыланды.
ӨСІП-ӨРКЕНДЕУДІҢ
БЕРІК КЕПІЛІ
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер
бойынша партия облыстық филиалының
төрағасы, облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы сөз
тізгіндеп, Елбасы Жолдауындағы басымдықтар
бойынша өңірде атқарылып жатқан ауқымды
істерді жіпке тізіп айтып өтті. Және Елбасының
тапсырмасы бойынша елімізде биыл іске
асырыла бастайтын «Нұрлы жер» тұрғын үй
бағдарламасына да кеңінен тоқталды.
– Бағдарлама аса маңызды міндетті орындауға,
атап айқанда, алдағы 15 жылда 1,5 миллион
отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге
бағытталған. Бағдарламада тұрғын үй нарығын
дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан.
Соның бірі – «Даму» қоры арқылы мемлекеттің
субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар
үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар
үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы»
акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін
ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асы-
рылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің са-
лымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын
үй салуы жалғасады. Құрылыс жұмыстарының
көлемі 103,3 млрд теңгені құрап, бұл салаға
инвестициялар көлемі 32%-ға өсті. Оның ішінде
тұрғын үй құрылысы тұрғындар үшін басты
әлеуметтік мәселе болып табылады. Өткен
жылы «Өңірлерді дамыту–2020» бағдарламасы
бойынша 318 мың шаршы метр тұрғын үй
салынды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда
8,8%-ға көп. Соның ішінде, бюджет қаражаты
есебінен 36,6 мың шаршы метр, жеке қаражат
есебінен көлемі 281,6 мың шаршы метр салын-
ды. Кезекте тұрған азаматтар үшін және несие
арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің
желісі бойынша 2 үй пайдалануға берілді. Осы
жылы 325 мың шаршы метр тұрғын үй салуды
жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда автовокзал
аумағы және Сабалақов көшесіндегі екі ықшам
ауданның құрылысын салуға егжей-тегжейлі жо-
спарлау жобасы бекітілген, жалпы алғанда, осы
мақсаттарға 462 гектар бөлініп отыр. Бөлінген
телімдер инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылыммен қамтылып, көп қабатты
үйлердің сметалық-жобалау құжаттамалары
әзірленуде. Бұл бағдарлама аясында облыста
жұмсалатын қаржы және оның іске асырылу
барысы партия облыстық филиалының тұрақты
бақылауында болады. Елбасы Жолдауымен
сабақтасып жатқан партияның «Қазақстан –
2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайла-
уалды бағдарламасында баршаға арналған инно-
вациялар – жаңа технологиялық сын-қатерлерге
жауап ретінде дүние жүзінде «Жаңа технология-
лар пакеті» жинақталатыны және осыған байла-
нысты жоғары технологияларды дамыту міндетін
БҰҰ – Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, 1945 жылы 24 қазанда құрылған дүние
жүзіндегі ең беделді, мәртебесі жоғары халықаралық ұйым. Оның мүшесі болу, ең алдымен
халықаралық байланыстарға жол ашып, елді әлемдік деңгейде танымал етеді. БҰҰ-ның бас
органы болып, оның барлық мүшелері енетін Бас Ассамблея болып табылады. Ол жылына бір
рет шақырылады.
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ға
мүше болып қабылданды
БҰҰ-ның қабылданған Жарғысында
оның төрт мақсатты көздейтіні жөнінде
айтылған. Олар мыналар: 1) бүкіл әлемде
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау; 2)
ұлттар арасындағы достық қатынастарды
дамыту; 3) халықаралық мәселелерді шешу-
де халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;
4) осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың
бірлесіп әрекет ететін орталығы болу. 1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республи-
касы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін
Президент Н.Назарбаев пен командасының
алдында Қазақстанның тәуелсіздігін
сақтау, ішкі-сыртқы саяси, экономикалық
байланыстарды қалыптастыру және
нығайту міндеттері тұрды. БҰҰ секілді
беделді халықаралық ұйымға мүше болу
арқылы Қазақстанның халықаралық
байланыстары мен қатынастарын
қалыптастыруға зор мүмкіндіктер туаты-
нын ел басшылығы жақсы түсінді. 1991
жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев
сол кездегі БҰҰ Бас хатшысы Бутрос – Гали
атына хат жазып, Сыртқы істер министрі
Ақмарал Арыстанбекованы халықаралық
ұйыммен байланыстар мен ынтымақтастық
орнатуға жіберіп отырғанын жазды. Ал 31
желтоқсанда Қазақстан Республикасы БҰҰ
мүше етіп қабылдау жөніндегі Елбасы қол
қойған өтініш Бас хатшыға тапсырылды.
1992 жылдың 23 қаңтарында БҰҰ-ның
Қауіпсіздік Кеңесі өз мәжілісінде ұйымның
Бас Ассамблеясына Қазақстанды БҰҰ-ға
мүше етіп қабылдауды ұсынды. БҰҰ-ның
Бас Ассамблеясының кезекті 46-сесси-
ясында ұсыныс қабылданып, Қазақстан
Республикасы оның толық мүшесі бо-
лып қабылданады. Сөйтіп, Қазақстан
Республикасы өз тәуелсіздігін жария ет-
кеннен кейін, екі жарым ай ішінде өзінің
тәуелсіздігін халықаралық тұрғыда таныта-
ды. 1992 жылы 15 сәуірде ҚР Президентінің
Жарлығымен А.Арыст анбекова
Қазақстан Республикасының БҰҰ-
ның жанындағы Тұрақты өкілі болып
тағайындалады. БҰҰ-ның келесі сес-
сиясында Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаевтың сыртқы
саясаттағы негізгі бағдарламасы жарияла-
нады. Олардың ішінде қарусыздану, саяси
дағдарыстарды бейбіт жолмен шешу, Таяу
Шығыстағы жағдай, БҰҰ-ның бейбітшіл
қызметі, халықаралық экономикалық
ынтымақтастық, есірткі бизнесі және
терроризмге қарсы күрес, адам құқығы
мен гуманитарлық ынтымақтастық секілді
әлемдік мәселелер бар. Қазақстан БҰҰ-ға
мүше болып кіргеннен кейін екі басты
мәселені көтерді. Бірінші, Арал мен Семей
өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық
және экологиялық проблемаларын ше-
шуге қолдау жасау мақсатымен БҰҰ-ның
әртүрлі қорлары және бағдарламаларымен
ынтымақтастықты жөнге қою. Екінші,
Қазақстан БҰҰ-ның әртүрлі органдарының,
әсіресе, Бас Ассамблеясының жұмысына
қатысу арқылы саяси, экономикалық және
гуманитарлық салаларды халықаралық
проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға
қатысу болды. 1992 жылдың 2 наурызынан
бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы
БҰҰ-ның мінбері арқылы өзінің сыртқы
саясаттағы бейбіт ұстанымын дәлелдеп,
халықаралық қатынастарда бүкіл әлем
мойындаған принциптерді басшылыққа
алатынын көрсетіп келеді. Сонымен қатар
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше
болған кезден бастап жаһандық мәселелерді
шешуде халықаралық нормалар мен
құқықтарды басшылыққа алатынын нақты
іс жүзінде дәлелдеп отыр. Соның бір нақты
айғағына Қазақстанның ядролық қарудан
өз еркімен бас тартуы жатады. Біріккен
Ұлттар Ұйымы Қазақстанның бұл қадамын
ерекше атап, ядролық қарудан ерікті түрде
бас тартқан дүние жүзіндегі ең алғаш мем-
лекет екенін мойындады және Қазақстанның
әлемде бірінші болып ядролық сынақ
алаңын жабу жөніндегі шешіміне жоғары
баға берді. БҰҰ-ның әр жылдарда өткен
сессияларында Қазақстанның ұсыныстары
оң бағалануда. 1994 жыл-
дан бері БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясының үш сесси-
ясы ядролық қарусыздану
ж ө н і н д е г і б а р л ы қ
қарарларында Қазақстанның
қосқан үлесін ерекше атап
көрсетті. 1997 жылдың
16 желтоқсанында БҰҰ-
ның Бас Ассамблеясының
52-сессиясы Семей аймағы
халқының денсаулығы мен қоршаған
ортасының ахуалын сауықтыруға жәрдем
көрсету жөніндегі арнайы қарарын
қабылдады. 2015 жылы қыркүйекте әлем
елдерінің 170-тен астам басшылары Нью-
Йорк қаласына БҰҰ Бас Ассамблеясының
70-сессиясына жиналды. Бұл жиынға
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып,
баяндама жасады. Сессия мәжілісінің
алғашқы күні 2000 жылғы Мыңжылдық
саммитінде қабылданған 2015 жылға дейінгі
Орнықты даму бағдарламасының орында-
луын талқылауға арналды. Мәжілісте сөз
сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы
бағдарлама аясында елеулі табыстарға қол
жеткізгенімізді атап көрсетті. «Біріншіден,
біздің еліміз мемлекеттіліктің негізін
нығайтып, азаматтық қоғамды дамытуға
қажетті жағдайларды жасай алды» –
деп жария етті. Елбасы баяндамасының
екінші бөлігі БҰҰ-ның Орнықты даму
бағдарламасы бойынша Қазақстанның
әлеуметтік және экологиялық мәселелерді
шешудегі табыстары мен проблемаларына
арналды. Сонымен бірге Елбасы БҰҰ-ның
бас мінбесінен өз сөзін қазақ тілінде сөйлеп,
Қазақ елімен бірге, қазақ тілінің мәртебесін
халықаралық деңгейде бір көтеріп тастады.
Осылайша, 1992 жылы 2 наурызда Қазақ
елі БҰҰ-ға мүше болу арқылы, біріншіден,
өзін бүкіл әлемге таныстырса, екіншіден,
халықаралық ұйымның мінбері арқылы
өзінің халықаралық беделін арттырады. Сол
себепті де Қазақстанның қазіргі замандағы
тарихында 2 наурыз аса маңызды тарихи күн
болып есептеледі.
Берекет КӘРІБАЕВ,
«Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды
оқиғалары» кітабынан. Алматы, «Сар-
дар» баспа үйі, 2016 жыл.
Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.
қойып, цифрлық қоғамды кеңінен қалыптастыру
көзделіп отыр. Осы орайда, 2016 жылдан ба-
стап «Нұр Отан» партиясы республикалық
деңгейде «NURINTECH» республикалық жа-
стар инновациялық жобалар байқауын өткізуді
қолға алды. Байқаудың мақсаты– еліміздің
экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз
ететін үздік жобалар мен технологияларды
анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке
қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық
қабілеттілігін арттыру. Жоба аясында 14 тақырыпта
қабылдаулар жүргізілуде. Бұл – Жолдаудың
бірінші басымдығы мен партияның сайлауалды
бағдарламасындағы мақсатқа жетудегі нәтижелі
жоба, – деген өңір басшысы партиялық
жауапкершіліктен бастап әр сала бойынша
мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын
партия бақылауына алуды тапсырды.
Бұдан әрі партия облыстық филиалы Саяси
кеңесінің мүшелері, облыс әкімдігінің экономи-
ка және бюджеттік жоспарлау басқармасының
басшысы, делегат Жомарт Әмірханов пен
Қордай аудандық филиалының төрағасы, ау-
дан әкімі, делегат Қайрат Досаев, М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ деканы, делегат Қайрат
Нұрманбетов, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер
палатасының директоры, делегат Қарлығаш
Аралбекова, Жуалы ауданы «Орталық» бастау-
ыш партия ұйымының төрағасы, делегат Руслан
Сайлаубаев және Тараз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің басшысы, делегат Гүлзия Заурбековалар
жарыссөзге шығып, күн тәртібіндегі алғашқы екі
мәселеге қатысты ойларын көпшілікпен бөлісті.
Ал жиында қаралған үшінші мәселе бойынша
партия облыстық филиалы төрағасы Кәрім
Нәсбекұлы үстіміздегі жылдың 2 ақпанынан
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші
орынбасарының бұйрығымен партия облыстық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары
қызметіне тағайындалған Мұратхан Шукеевтің
және Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы
Рустем Бегалиевтің кандидатураларын Саяси
кеңес мүшелігіне және партия облыстық филиалы
Саяси кеңес Бюросының мүшелігіне ұсынып,
аталған азаматтар бір ауыздан сайланды.
// «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ» // №9 (1349), 1 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ //
АЛАҢ
5
– Арын Ілиясұлы, 1 наурыз – «Нұр Отан» партиясының құрылған
күні. Қалалық филиал облыс орталығындағы белсенді ұйымның
біріне айналды.
– Иә, осы жылдың 1 қаңтары бойынша алып қарайтын болсақ, қалада
16141 партия мүшесі бар. Ол партия мүшелерінің басым бөлігі, яғни
4 196 білім беру, 2 873 қызмет көрсету және 2 636 мәдениет саласының
қызметкерлері, 656 адам кәсіпкерлер болып табылады. Ал 419 партиялық
топ болса, 62 бастауыш партия ұйымы бар. Жарна төлеу бойынша өткен
жыл толығымен, биылғы жылдың қаңтар айы болсын 100 пайыз орындап
келе жатырмыз. Бүгінгі күні партия бастауыш партия ұйымдарының
жұмыстарына көп көңіл бөлуде. Өйткені біздің жұмысымыздың
негізгі қозғаушы күші – бастауыш партия ұйымдары. Өткен жылы 24
бастауыш партия ұйымының төраға-төрайымдары жаңадан сайланып,
оларға қалалық филиал және Саяси кеңес мүшелері тәлімгер ретінде
бекітілді. Бүгінгі күні 29 бастауыш партия ұйымының кабинеті бар және
барлығының материалдық-техникалық базасы жасақталған. Биылғы
жылы қалған БПҰ кабинетпен қамту жоспарлануда. Өткен жылы
«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауына барлық
62 бастауыш партия ұйымы қатысып, 3-і облыстық деңгейде жеңімпаз
атанса, 1-і республикалық деңгейде жеңімпаз болып танылып, арнайы
диплом, аспалы белгі және ақшалай сертификат иесі атанды. 2017 жылға
62 бастауыш партия ұйымында көшпелі және тақырыптық қоғамдық
қабылдаулар кестесі жасалып, ұйымдастырылуда. Осы тұста айта кететін
тағы бір жайт, Тараз қалалық мәслихатының 24 депутатының барлығы
100% «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Сондай-ақ фракция мүшелері
55 қоғамдық қабылдау жүргізіп, келген азаматтардың 171 өтінішінің 157-
сін толық шешсе, 4 өтініш бойынша түрлі кеңестер беріп, 10-ын жергілікті
атқарушы билік органдарына жолдап, орындалуын бақылауға алынды.
– Партияның қолға алған 7 жобасы қаламызда қаншалықты іске
асырылып жатыр?
– Қаламызда партиялық жобалар жоғары деңгейде жүріп жатыр деп
айтуға негіз бар. Ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз
ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген
құрметті күшейту мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық
жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қаладағы медицина саласының
қызметкерлері ҰОС ардагерлері, жалғызілікті қарттардың мекенжайла-
рында үнемі медициналық көмек көрсетіп отырады. Сондай-ақ «Нұрлы
жол» бағдарламасы аясында Тараз қалалық мәслихатындағы партия
фракциясының жанынан 5 бағыт бойынша комиссиялар құрылған. Бұл
комиссиялар Ережеге сәйкес, Тараз қаласы аумағында «Нұрлы жол»
бағдарламасы бойынша құрылыстары жүріп жатқан нысандарды ай
сайын аралап, проблемалы мәселелерді зерделеп және қаражаттың
игерілуіне бақылау жүргізіп отырады.
Сондай-ақ «Сәтті қадам», «Бақытты балалық шақ», «Кедергісіз ке-
лешек», «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел», «Жастар Отанға», «Ұлы
Дала Елі» партиялық жобаларының да қаламызда іске асырылуы ауыз
толтырып айтарлықтай.
– Өткен жылдың соңында өңірлердегі партиялық кадрлық резервті
қалыптастыру бойынша жұмыстар аяқталған болатын. Ол бойын-
ша қаламыздан партияның резервіне қанша адам алынды?
– Партияның бастауыш ұйымдарының басшылары мен белсенділерінен,
белсенді жастардан, партия жақтастары мен партия аппараттарының
қызметкерлерінен, яғни кадрлық резервке үміткерлерден өтініштер пар-
тия Тараз қалалық филиалына 2016 жылдың 19 қыркүйегінен бастап түсе
бастады. Облыстық және қалалық деңгейдегі партиялық кадрлық резервке
92 кандидат белгіленген талаптарға сәйкес құжат тапсырды. Тіркелген
кандидаттар ҚР Конституциясы, партия Жарғысы, партия Доктринасы,
партияның Сайлауалды тұғырнамасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл бойынша партиялық бағдарлама, партия мүшесінің Этика
кодексі бойынша білім деңгейі тестілеуден өтті. Тестілеудің және арнайы
комиссияның үміткерлермен сұхбаттасуының нәтижесінде облыстық
және қалалық кадрлық резервке 24 кандидат таңдап алынып, партия
орталық аппаратының келісімімен партия Тараз қалалық саяси кеңесінің
Бюросында бекітілді.
– Қоғамдық қабылдау жұмыстарының барысы қалай болып жа-
тыр? Өткен жылы қанша адам қабылдауға жазылып, қаншасының
мәселесі оң шешімін тапты?
– Қалалық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2016 жылы 626
азаматтан өтініштер мен шағымдар келіп түсті. Оның ішінде 470-нің
өтініші оң шешімін тапса, 153-не заң аясында түрлі кеңестер берілді.
Бұл – жоғары көрсеткіш. Мәселен, біз осы көрсеткішімізбен 2016 жылы
«Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық конкурсының
лауреаты атанып, бағалы сыйлық пен дипломға ие болдық. Ал осы
жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін қоғамдық қабылдау бөлмесіне
66 өтініш пен шағым түсті. Ол өтініштер мен шағымдардың 91% пайызы
оң шешімін тауып отыр.
– Қазіргі таңда қоғамның бас ауыртар мәселесі сыбайлас
жемқорлық болып отыр. Аталған мәселе бойынша қаламызда
партияның сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары қалай
жүргізілуде?
– «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңесінің 9 мүшесі бар.
Оның 4-і Тараз қалалық мәслихатының депутаттары. Жыл басынан бері
«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 4 отырысы
өтті. Ол комиссия мүшелері БАҚ өкілдерімен бірлесе отырып, «Нұрлы
жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарды айына бір рет
аралап, сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алмауына партиялық
бақылау жасап отырады. Сондай-ақ «Жас Отан» Жастар қанатының
ұйымдастыруымен Тараз қаласында орналасқан жоғары және орта
арнаулы оқу орындарында «Таза сессия» акциясы өтуде. Сонымен бірге
қалалық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен жыл басынан бері 7
қабылдау өткізіліп, онда 19 азамат жеке өтінішпен қайырылса, оның 15-і
оң шешімін тауып, қалғандарына түсініктемелер берілді.
– Елбасының биылғы Жолдауы партияның алдына қандай мақсат-
міндеттер қойып отыр?
– ҚР Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің
өркендеуі, мемлекетіміздің демократиялық бағытта тұрақты да-
муы жолындағы атқарылған ұлы істерді жалғастыруға арналған ел
тарихындағы саяси маңызы зор құжат болып табылады. Бүгінде Елбасы
Жолдауын насихаттау жұмыстары жер-жерлерде өз жалғасын табуда.
«Нұр Отан» партиясының ел мүддесі үшін қабылданған саяси маңызды
шешімдерге қатысты рөлі мен жауапкершілігі арта түсуде. Осы ретте
«Нұр Отан» партиясы маңызы зор құжаттарды түсіндіру, талқылау, на-
сихаттау жұмыстарын қызу жүргізуде. Осы мақсатта қалалық филиалға
қарасты 62 бастауыш партия ұйымында ашық партия жиналыстары
өткізіліп, ондағы партия мүшелерімен түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ.
«БИЛІКТЕГІ ПАРТИЯНЫҢ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
ЖОҒАРЫ»
Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы
қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде
де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған
биіктігімен бағалы болып отыр. Мемлекет басшысы өзінің
дәстүрлі Жолдауларында «Нұр Отан» партиясына басымдық
беріп, қоғам тынысындағы қайбір мәселе болмасын партияның
араласуына жол ашып келеді. Бұл бағытта облыстық, қалалық
филиалдардың да атқаратын рөлі орасан. Осы орайда, «Нұр
Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары Арын Асқарбековпен сұхбаттасқан едік.
Арын АСҚАРБЕКОВ, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары:
Тараз қаласы ардагерлерінің қала тұрғындарына
Үндеуі
Құрметті тараздықтар!
Жақында «Тараз қаласы аумағында көріктендіру,
көгеріштендіру және санитарлық тазалық жөніндегі көктемгі
екі айлық өткізу туралы» қала әкімінің қаулысы қабылданды.
Бұл өткізіліп жатқан іс-шара алда келе жатқан Наурыз мейрамы,
Ұлы Жеңіс мерекесі, елімізде өткелі отырған «ЭКСПО-2017»
халықаралық көрмесі, т.б. атаулы күндерге дайындықтың
бастауы болатындығын атап өтуіміз керек.
Баршамызға белгілі, мемлекеттік салиқалы саясаттың
жемісін әрі жеңісін еліміздің әрбір тұрғыны сезініп келеді.
Тотыдай таранған, жас желекке бөленген қаламызда
көріктендіру, көгеріштендіру бағытында ауқымды жобалар
іске асырылды. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ»
болса, қала көркі сол жасыл желекке бөленген тал-дарақтар
екендігі сөзсіз. Олай болса, әрбір саналы азамат өзі тұрып
жатқан қаласына жанашырлықпен қарап, аялай білуі шарт.
Бір қынжытарлығы, тұрғындар тарапынан қаламыздың
тазалығы мен көгеріштендірілуіне деген немқұрайлық қарым-
қатынас арылмай келеді. Маңайына самарқау қарайтын жандар
да аз емес. Әсіресе, көп қабатты үйлерде тұрмыстық қоқыс
үлкен мәселе туғызуда. Олай дейтініміз, тұрғындар пакетке
салып алған тұрмыстық қалдықтарын үйдің шыға берісіне
қалдырып, не болмаса кез келген жерге тастап, ең сорақысы,
терезеден сыртқа лақтырып жатады. Маңайын күнделікті
тазартып отыру былай тұрсын, жылда көпшілікпен өткізілетін
сенбіліктерге мүлдем қатыспайтын үй иелері де баршылық.
Осының барлығы, айналып келгенде, сана-сезімге, ортаға деген
бейжай көзқарасқа байланысты.
Тұрғындардың ішкі мәдениеті қалыптаспайынша,
мұндай кемшіліктен құтылу оңайға соқпайды. Дегенмен қол
қусырып қарап отыруға да болмайды. Біздің бастамамыз қала
тұрғындарының сана-сезіміне тікелей әсер ететініне сенеміз.
Себебі барлық адам таза жерде өмір сүргісі келеді. Ал тазалық
кіреберістен және әрбір адамның өзінен басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |