Құрақ көрпені құраған Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.
Алтын алма, алғыс ал!
Аллаға алғыс
6 жыл бұрын құрсағыма біткен құлынымды дәрігерлер
«құбыжық» туылады деп еді... Бірақ ана атаулы бөбегі кім болып ту-
ылса да, бәрібір жақсы көреді емес пе? Мен де сөйттім. Денсаулығым
сыр беріп, «Тусаң, өлесің» деген диагноз да қойылды. Бірақ мен саған
өмір сыйлағым келді, кішкентай құдірет!
Сен өмір есігін ашқанда, екеуміз де өлім аузында ес-түссіз жаттық.
Кейін есімді жия сала, дәрігер сенің болашағың беймәлім екенін жеткізді.
Сол сәт қара көзімнен қан тамып, сені ойладым. Әлі өзіме толық келе
қоймаған маған өмір үшін арпалысып жатқан сені көрсетуден ақ
халаттылар бас тартты. Белімді ақ жаймамен қыса байлап алып,
бір тыныш сәтті пайдаланып, сен жатқан 1-ші қабатқа қашып
шықтым. Бірақ мен саған барар жолда ұсталып қалып ботадай
боздадым. Палатама сүйреген дәрігердің жанайқайыма жаны
шыдамаса керек, мені қапсыра құшақтаған күйі ол да егілді.
Ышқына шыңғырып, алға, саған қарай ұмтыла бердім.
У-шуға елегізіп, жүгіре жеткен бас дәрігер: «Баласының
қасына ауыстырыңдар» – деп бұрылып жүре берді.
Мен әлсіз едім. Медбикеге сүйеніп, сен жатқан палатаға
кірдік. Айқара ашылған ақ есіктің ар жағында бетіне
әлдебір аппарат қосылған, аяқ-қолы дамылсыз дір-дір
етіп, ышқына шыңғырып жатқан шақалақтың менің ұлым
екенін ұқтым. Рас, қорықтым. Әлдебір күш кері итеріп,
тысқа қайта атылғаным сол, мені тосып алған дәрігер тоқтатып: «Ұлыңыз іште
тұншыққан. Бетіндегі алақандай қара дақ – ұйыған қан. Туылғалы 2 күн бойы
осылай шыңғырып, дірілдеп жатыр» – деді. «Адам бола ма?» – деппін мен. Ол:
«Білмеймін. Оны қолыңызға алғыңыз келмей ме?» – деді. Мен ұлымды қолыма ал-
дым. Жарты сағаттан соң ол дамылсыз шыңғырғанын да, дірілін де қойды. Сәлден
соң ұлымды тексеруге келген дәрігер: «Екі күн бойы арпалысып, ұлыңыздың емін
таппаған едік. Ол анасын іздеп жатыр екен ғой» – деп күлді.
Аллаға мың алғыс!
Анаға алғыс
Інім қоңырау соқты. Жүрегім елжіреп кетті. «Үйің жылы, төрт құбылаң сай ма?» – деді. Соңыра:
«Мамаң уайымдап жатыр» – дейді.
Әкем қоңырау соқты. Жылынып қалдым. «Табаныңнан сыз өтпеді ме? Қаражатың таусылмады
ма?», соңыра: «Мамаң сұрап жатыр» – дейді шынын айтып.
Келінім қоңырау соқты. Қуанып қалдым. «Жағдайыңыз қалай? Бәрі дұрыс па? Мама сұрашы
деп еді» – дейді ол да.
Жолдасым айтады: «Жылы киін. Ауырсаң, мамаңның соры ғой».
Аналар болмаса, адамдар өздігінен ойлай да алмайды-ау осы...
Қайран қара нардай аналарым-ай, жұдырықтай басына жұмыр жерді сыйдырған!
Аналарға мың алғыс!
Қамқорлық
Автобус зымырап келеді. Жүргізушінің қасында
тұрған түбіт иек кісі масаң көзбен көлік ішіндегілерге
барлай қарап тұр. Аялдамасына жақын қалса керек,
есікке жуықтап, әлгі 40-ты алқымдаған алпамсадай
азаматпен иық тіресіп жас қыз тұрды. Жиырмаға
толар-толмас бойжеткенге әлгі масаң кісі тиісіп,
ыржалаңдай күлді. Әкесіндей адамның ерсі қылығы
жас қыздың қытығына тигені айдан анық. «Жөніңізге
тұрыңыз, әкемдей адамсыз» – деген дауысы қатты
шығып, теріс бұрылды. Әлгі шамданып қалса керек,
сыбырын қойып дауыстап: «Өзіңді сұлу сезініп
тұрсың ба не? Түрің құрысын!» – деді де, білегін
ұстай алды. Сүймек болып ұмтылып, аузына келгенін
айтып жатты.
Мені таңдандырғаны, әлгі еркектің алып денесі
зәрелерін алды ма, әйтеуір автобус ішіндегілер
ләм-мим демеді. Жүргізуші де «аялдамаға жетсе
болдының» қамымен ол да тас жұтып алғандай. Сол
сәт артқы жақтан жасы он бестер шамасындағы нәзік
бозбала атып шықты. Әлгі дәу нәзік балаға қарап
қарқылдай күлді де: «Бала, артыңа қара! Жайыңа
отыр, таяқ жеп қаласың, нең бар?» – дегені сол,
ашуға булыққан бозбала: «Жібер қызды! Аямаймын!
Қаракөз қыздарды қорғайтын мен сияқты інісі, мына
жігіттер сияқты ағалары бар» – деді отырған бір топ
ер азаматты нұсқап. Жұдырығын ала жүгірмек оймен
Қарыз
Түс кезі. Күн көзі тиген
жерін қарып жіберердей. Көлеңке
қуалап әзер жүріп келемін.
– Тоқтаңызшы, – деген дауысқа жалт
қарадым. Ақ көйлегінің етегі жер сүйген,
сұңғақ бойлы әйел маған қарай адымдай басып
келеді. Иығына төгілген шашы, көздері, қастары
қап-қара. Шөлдесе керек, ерні кезеріп кетіпті. Жүзі
жүдеу, киімі көнелеу, жұпыны көрінді.
Қасыма жақын келді де:
– Луговой деген жерден келдім. Қожайынымнан
адасып қалдым. Телефоным да жоқ. Таңнан бері іздеп жүрмін. 50 теңге бере
аласыз ба? Бірдеңе алып жейін деп едім, қарным ашты... Бұрын сұрап
көрмеген соң қиын екен, – деді жанарын төмен салып.
Сөмкеме қолымды салар-салмас:
– Балаларыңыз бар ма? – деппін сасқанымнан.
– Ауылда. Уайымдап тұрмын сол.
Өз ауылымның жолкіресіне жететін қаражатты санап алдым да,
дүкеншіге берешек қарызымды әйелге ұстата салдым. Ол есі шығып
жылап жіберді.
Менің көз алдыма оның анасын күтіп отырған балалары елестеді.
– Сіңілім, рахмет, алғысым шексіз. Қарызымды қалай өтесем екен?
Ризалығымды қалай білдірсем екен? – деді сосын.
– Сіз де қиналған адамға көмектесіңіз, – дедім. Ол құшақтап,
арқамнан қақты.
– Тез ауылға қайтыңыз. Сізді балаларыңыз күтіп отыр, – деп
асықтырдым. Ол аз-кем кідіріп: «Рахмет» – деп сыбырлады да, аялдамаға
қарай жүгіре жөнелді.
... Кешкісін ауылға жеткенімде ба-
лаларымды құшақтап тұрып, әйелдің
емес, әлемнің алғысын арқалап
келгенімді ұқтым. Дүкенші өзіміз
ғой. Бір бұрқылдап алып, тағы да
қарыз берді.
тістенген қалпы әлгі дәу қозғалыссыз тұрып
қалды. Себебі бұл сәтте автобус ішіндегілер енді
оянғандай жан-жақтан дауыс шығарып, шулап
жатқан. Көп жиналса аямайтынын түсінген әлгі
дәу тынши қалды. Осы сәт автобус ішіндегі
жолаушылар әлгі бозбаланың тапқырлығына
тамсанып, ризалықтарын білдіріп жатты.
Ұстазым, менің ұстазым!
Қаратаудың бөктерінде қызғалдақ теріп,
Билікөлдің толқынында тербеліп өскен ауыл ба-
лаларымыз. Жер ананың төсінде жалаң аяқ асыр
салып, табаннан тікен кіріп, талай тасқа маңдай да
тиді. Өрістен қозы-лақ айдап, көк аспанның асты
мен қара жердің үстінде ойнақ салған ойын бала-
сы едік. Алтыға шыққан жылы құрдастарыммен
қатар «Біз алты жастан оқимыз» айдарымен мектеп
табалдырығын аттадық. Сол бір қимас күндердің
дәлеліндей болып, қолымызға қалам ұстатқан
жас мұғалім Жұмакүл әпкидің суреті бейнелен-
ген «Менің алғашқы ұстазым» атты портретіміз,
балалықтың исі аңқыған күндердің бір белгісіндей
төрде ілулі тұр. Әріп үйретіп, сурет салдырып,
сәлемдесу мен қоштасудың қағидаларын сәт сайын
санамызға құйды.
Жұмакүл әпкиден кейін бізге жетекшілік етіп,
Әбіл ағай келді. Бұйра шашын ақ шалған, аққұба
өң, алып денелі ағай тақтаға бойым жетпеген сәттері
алақанына отырғызып, тақтаның ең биігіне жазу
жаздырушы еді. Бәрінен кішкентай мен сол сәт
бәрінен биіктеп кеткендей масаттанып қалатынмын.
Тұла бойынан әкелік иіс аңқыған сүйікті ұстаз
құшағына сыныптың барлық оқушысын сыйды-
ратын. Құрғыр жүрек мектепке, балалық шаққа
деген сағыныштың қоңырауын соға қалса, Әбіл
ағай ұстаздардың символындай болып, көз алдымда
күлім қағып тұра қалады...
Қыз қылығымыз байқалып, маңдайға кекіл
біткен күндері бізге сынып жетекшісі болып орыс
тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Гүлсара әпки
келді. Бала мінез, балғын кезеңнен есейіп, ой өсіп,
бой түзеп келе жатқан жеткіншек жасымызға
қарапайымдылығы мен ұстамдылығы астасқан
асыл апайдың дөп келуін Тәңірдің тәтті
сыйындай қабылдадық. Әлдекім әлдебір
бұзықшылық жасап қойса, кабинетті тазалап
шығуға міндеттелетін оқушыларды тазалыққа
баулыған апайдың да жазасы сол – еңбекке
баулитын. Біздің сынып сөйтіп, бір ұстаздан
әріп үйренсек, екінші ұстаздан бір-бірімізге
мейірбан болуды сіңірдік. Ал Гүлсара апайдың
қанатымызды қатайтып, қияға ұшырған ана
қырандай биіктен: «Менің шәкірттерім!» деп
ту-ту алыстан-ақ сүйсініп отыратынын ешқашан
ұмытқан емеспіз. «Бұл ғұмырда кімге алғыс
айтасың?» деген сұрақ туындаса, әрбір шәкірттің
«Ұстазыма!» деуі заңдылық емес пе?!
// «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ» // №9 (1349), 1 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ //
ТАРАЗЫ
11
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Сала сарапшыларының айтуын-
ша, ескі көліктер экология үшін ғана
қауіпті емес, сонымен қатар жол
қауіпсіздігіне де кері әсері бар. Олар-
ды айналымнан шығарудың жалғыз
жолы – утилизация. Қазақстанда
4600 қоқыс полигоны болса, олар-
дан тыс жүздеген айыппұл тұрағы
бар. Кәдеге жарамайтын көліктер
қазір осындай алаңдарда тау болып
үйіліп жатыр. Тозығы жеткен неме-
се жол-көлік оқиғасына тап болып,
жүруге жарамай қалған көліктердің
қорымы Тараз қаласында да аз
емес. Биыл қаңтардан бастап
елімізде ескі көліктерді жою
орталықтарын құру туралы жаңа
бағдарлама енгізілген болатын.
Себебі Қазақстан аумағында жүрген
әрбір алты көліктің бесеуі ескі деп
танылған. Тек соңғы 3 жылдың
ішінде Қазақстанға шетелден 1
жарым миллионнан астам автокөлік
әкелінген екен. Алайда сол
көліктердің жартысынан көбісінің
шығарылғанына 20-30 жыл болған.
Қоршаған ортаға тікелей тигізіп
отырған зардабы аздай, ескі
«салдырлақтардың» салдарынан
талай мәрте тас жолдағы қауіпсіздік
те бұзылған екен. Мәселен, ҚР
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің мәліметі бой-
ынша, 2016 жылдың небәрі үш айын-
да елімізде 3570 жол-көлік оқиғасы
орын алған. Бұл оқиғалардың дені
ескі көліктердің еншісіне тиесілі.
Яғни утилизация жүйесі елімізге
ауадай қажеттіліктен енгізіліп
отыр. Дегенмен қазақстандық көлік
нарығын ескі көліктерден толық
тазарту үшін кем дегенде жылына
220 мыңнан астам көлікті утилиза-
циядан өткізу керек екен. Ол үшін
ел аумағында он шақты зауыт қажет.
Сондықтан да елде утилизацияға
қажетті жағдай қалыптаса қойды
деп айту қиын. Дегенмен 2017
жылы жалпы ел аумағынан 40 мың
ескі автокөлік жоюға қабылданады
деп жоспарланып отыр. Яғни 2017
жылдың 16 қаңтарынан бастап
Қазақстанда (квота игерілмеген
өңірлерде) ескі көліктерді жоюға
қабылдау жобасы жалғасуда. 2016
жылы ҚР Энергетика министрлігі
жеке және заңды тұлғалардан ескі
көліктерді сатып алуға 10 мың кво-
та бөлген болатын. 2016 жылдың
қорытындысы бойынша 5 665
автокөлік қабылданған. Қалған
4 335 квотаны игеру 2017 жылдың
16 қаңтарынан жалғасын тапты. Ескі
көліктерін ақшаға тапсыратындар
үшін биыл бағдарлама оңтайланып,
қағазбастылықтан арылуға қадам
жасап отыр. Мәселен, 2017 жылдың
11 қаңтарынан бастап электронды
кезек жүйесі енгізілді. Кезекке
тұрудың екі жолы бар. Олар: ӨКМ
операторының Call-орталығына
8 800 080 08 65 хабарласу немесе
auto.recycle.kz сайтына кіріп, ар-
найы форманы толтыру арқылы
кезекке тұру. 2017 жылы бекітілген
бағдарламада салық міндеттемесіне
қатысты өзгеріс енгізілген. Яғни
бағдарламаға қатысушыға берілетін
өтемақы есебінен оператор жеке
табыс салығын ұстап қалады (10%
көлемінде). Ал көлік иесі немесе
өткізуге сенім білдірген адам-
нан (көлік иесінің атынан әрекет
етуші) салық алымы ұсталмайды.
Дегенмен автокөлікті өткізушінің
құжаты жіті тексерілетін болады.
Егер құжат күмәнді болса, оператор
3 жұмыс күннің ішінде қабылданған
құжаттардың дұрыстығын анықтау
мақсатында құқық қорғау органы-
на тапсырады. Сондай-ақ ҚР ІІМ
Әкімшілік полиция комитетімен
бірлесіп «Көлік құралын жоюға
жіберу жөнінде анықтаманың»
бірыңғай формасы әзірленбек.
Және халыққа қолайлы болу үшін
«Қазпошта» АҚ әріптестік жөнінде
меморандумға қол қойылып, кез
келген филиалдан жедел түрде есеп-
шот ашу жүйесі де жоспарлануда.
Қазіргі таңда мәселеге жауапты
мамандар алдында ҚР Энергетика
министрлігі ӨКМ операторының
«Жылжымалы мобильді бекет»
жобасын 26 елді мекенде жүргізу
міндеті тұр. Жоба мақұлданатын
болса, мобильді бекет бағытын
о бл ы с т ы қ ж ә н е ауд а н д ы қ
әкімдікпен бірлесе жүзеге асыратын
болады. Биылғы бағдарламаның
тағы бір ерекшелігі, бұдан былай
автокөліктер қабылданатын бекет-
терде олар бірден жоюға әзірлене
бастайды. Яғни экологиялық та-
лапты сақтай отырып, автокөлікті
тасымалдау және оны жою процесі
бойынша аккумулятор, шиналар
шешіліп, техникалық сұйықтықтар
стандартқа арнайы ыдысқа
құйып алынады. Сонымен қатар
ӨКМ операторы тозығы жеткен
көліктерді өткізуді ынталандыру
бағдарламасы бойынша (серти-
фикат беру) дайындық жүргізуде.
Ескі көліктерді қабылдау бой-
ынша елімізде Шымкент қаласы
бірінші орында. Онда бір айда
764 автокөлік тапсырылыпты. 688
көлік өткізген Қостанай екінші
орында тұрса, Алматы қаласында
496 ескі көлік қабылданған. Тозығы
жеткен көлік құралдарын өткізуді
ынталандыру бағдарламасы бой-
ынша қабылданған 5659 автокөлік
бірінші санат бойынша (150 мың
теңге) қабылданса, 6 машина 48
мың теңгеге бағаланыпты. 2016
жылдың қорытындысы бойынша
бағдарламаға қатысып, ескі көлігін
тапсырғандарға 1 санат бойынша
848 млн 850 мың теңге ақшалай
өтемақы төленген. Екінші санат
бойынша барлығы 288 мың теңге
(6 көлікке) аударылған. Пилоттық
жоба аясында ескі көліктерге
берілген өтемақы сомасы 849
млн 138 мың теңгені құрапты.
Жобаның жүзеге асырылуы жай-
ында білу үшін бағдарламаны
бақылап отырған Астанадағы
орт а лық мамандарымен де
байланысқан едік. Олардың ай-
туынша, жоюға тапсырылған та-
нымал көліктердің қатарын «ВАЗ
2105», «ВАЗ 2106», «ВАЗ 2101»,
«ГАЗ 3110», «Москвич 2140» және
«Мазда 626» сияқты техникалар
құраған. Бағдарлама бойынша
тапсырылған ең ескі көлік құралы
1948 жылы шығарылған «Мо-
сквич» автокөлігі екен. Оны Орал
қаласының тұрғыны тапсырған.
«Жылы жаңа» деген көліктердің
соңын 2007 жылы шыққан тех-
ника түйіндеп отыр (7 көлік
тапсырған). Жоюға қабылданған
көлік құралдарының орташа жасы–
25-30 жыл. Тараздағы жайды білу
үшін Ниетқалиев көшесі, 95
мекенжайындағы ескі көліктерді
қабылдайтын автотұрақтың маман-
дарымен де байланысқа шықтық.
Асқар НҰРЛЫБАЕВ,
«Оператор ӨКМ» ЖШС-нің Тараз
қаласы бойынша менеджері:
– 2016 жылдың 21 қарашасынан
бастап жұмыс жасаудамыз. Нақты
уақытта 608 көлік қабылдадық.
Бізге келетін көліктердің көбі
1970 жылдарға, кеңестік кезеңнің
өндірісіне тиесілі. Ең бірінші көлік
келгенде, оны жіті тексереміз.
Әрбір бөлшектерін суретке түсіріп,
құжаттамасын Астанаға жібереміз.
Техникалық сұйықтықт ары
тазаланған бойда арнайы техникаға
тиеп, Теміртаудағы шрейдер зауы-
тына жөнелтеміз. Ол жерде көлік
қаңқалары қайта өңделіп, отандық
жаңа көліктерге шикізат ретінде
пайдаланылады. Қалада үш маман
жұмыс жасайды. Күніне қалада
сегіз көлік қабылдаймыз. Көлік
бөлшектерінің түгелдігіне қарай
иелеріне Астанадан ақша аударыла-
ды. Бірақ бұл бағдарлама тек жеңіл
көліктерге ғана қатысты.
Ескі көліктерді қабылдау бой-
ынша Шымкенттің бірінші орында
тұрғаны да тегін емес. Себебі
ондағы көрсеткішті көбейтіп тұрған
көліктердің кейбірі тараздық темір
тұлпарлар екен.
– Менің көлігім жол апатына
түскен. Жүруге жарамай қалғаны
болмаса, қосалқы бөлшектерінің
барлығы түгел. Көліктің өзі де
жаңа еді. Апаттан кейін оны сатуға
бел будым. Тараздағылардың
көбісі 45-50 мың теңгеге бағалады.
Ақыры сұраған бағасына берейін
деп жүргенімде, шымкенттік
жігіттер хабарландыруым бойынша
байланысқа шықты. Көлігімді көріп,
қолыма 120 мың теңге ұстатты. Мен
ойланбастан келістім. Жуырда ути-
лизациялау бағдарламасы бойынша
қаладағы арнайы мамандармен
танысып, сатып жіберген көлігімнің
суретін көрсеткен едім, олар оны
150 мың теңгеге бағалады. Яғни
олар менің көлігімді Шымкентке
алып барып, үстінен пайда көріп
отыр деген сөз. Бір рейс жасағанда
менікіндей талай көліктерді ба-
сып алып кетіп жатыр. Бұл да
елімізде болып жатқан көлеңкелі
экономиканың бір көрінісі, – деді
қала тұрғыны Санжар Ермеков.
Астаналық мамандар 2017
жылдың маусымынан бастап жүк
көліктерін қабылдау жоспарда
тұрғанын айтып отыр. Ал оның Та-
раз қаласында қалай жүзеге асары
әлі белгісіз. Себебі қазірдің өзінде
қаладағы ескі көліктерді қабылдау
бекетінде ине шаншар орын жоқ.
Елімізде 5 миллионға
жуық жеңіл автокөлік
болса, соның 60 пайызы
тозған. Ескі көліктердің
кесірінен елімізде ауаға
жылына шамамен 200
мың тоннадан астам
улы газ таралады. Ал
жүйіткіген жүйріктердің
1,5 миллионы мінуге
жарамсыз. Аталған
мәселені шешу
мақсатында елімізде
көнерген көліктерді
утилизациялау жүйесі
іске қосылды. Бірақ бұл
тек жеңіл көліктерге
ғана қатысты. Жүк
көліктерінің жайы әлі де
таз қалпында.
ТЕМІР ТҰЛПАРДЫҢ
ТОЗЫҒЫ ЖЕТСЕ...
СПОРТ
12
// «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ» // №9 (1349), 1 НАУРЫЗ 2017 ЖЫЛ //
ҚҰРАМАНЫҢ НЕГІЗІ – ТАРАЗДЫҚ АРУЛАР
Алан Балфанбаев жаттықтыратын су добынан «Айша бибі» әйелдер командасы Ресейдің ашық
чемпионатында табысты өнер көрсетіп жүрсе, Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Токио
қаласында өткен Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанған болатын. Осы орайда, ҚР Еңбек сіңірген
жаттықтырушысы, су добы спортынан ФИНА техникалық комитетінің мүшесі, халықаралық дәрежедегі
төреші Алан Балфанбаевпен сұхбаттасқан едік.
Облысымызда Ат спортының ұлттық,
классикалық және олимпиадалық
түрлерінің федерациясы құрылып, оның
президенті сайланды.
Бәйге спортының ережесі таныстырылды
Сейділдә ТӨРЕН
Бүгінгі күні өңірдің ат спорты еліміз бойынша алдыңғы қатарда.
Мәселен, «Әулиеата» көкпар клубы еліміздің 8 дүркін жеңімпазы.
Сондай-ақ осы клубтың жанынан құрылған шөген командасы
ел біріншілігінде топ жарып үлгерді. Бір айта кететіні, шөген
ойыны бізде енді ғана дамып келе жатқан ат спортының бірі бо-
лып табылады. Сондай-ақ аударыспақ пен қыз қуудан аймақтың
алыптары қарсыластарын алып та, шалып та жығып жүр десек
артық айтқандық емес. Мұндай жетістіктердің барлығы қаржылық
қолдаудың арқасында келетіні жасырын емес. Сонымен қатар
бәйгеден де жүйріктеріміз өзге өңірдің қыл құйрықтарын талай
бәсекеде шаң қаптырып кетіп жүр. Дегенмен ат спортының ішінде
бәйге жарысының мемлекет тарапынан қаржыландыруы осы
уақытқа дейін дұрыс жолға қойылмай келген еді. Ал қаржылай
көмек алу үшін қоғамдық бірлестік ретінде құрылып, арнайы
Ереже болуы шарт. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа
федерация құрылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының
мәжіліс залында аталған федерацияның құрылтай жиналысы
өтті. Басқосуға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбаса-
ры Еркебұлан Анабеков, «Әулиеата» көкпар клубының басшылары
мен аудандардағы бәйге аттарын баптайтын атқосшылар қатысты.
Онда алғаш болып сөз тізгіндеген Еркебұлан Анабеков облыстағы
ат спортын бір шаңырақ астына біріктіру үшін федерация құру
қажеттігі бұрыннан айтылып келе жатқандығымен, құрғақ сөз
күйінде ғана қалып жүргендігін тілге тиек етті. Ат спортының
ішінде бәйгешілердің жұмысы жүйеленбей, мәселелері де көптеп
кеткендігінен де хабардар етті. Сондай-ақ жиын барысында
Мақсат Ахаев өңірдегі ат бәйгесінің бүгінгі жағдайы және даму
жолдарына тоқталды. Ол 2015 жылы елімізде бәйге спортының
Ұлттық қауымдастығы құрылып, өткен жылдың қараша айында
– Бүгінде жаттықтыру-
шылығыңызбен елімізден өзге,
шетелде танылып келе жатқан
маманның бірісіз. Өзіңіздің осы
спорт жолындағы мансабыңыз
қалай басталып еді?
– Менің спорттық мансабым өткен
ғасырда басталып, аяқталып қойған.
Осы спортпен айналысып жүргенде,
ҚазССР құрама командасымен
жастар арасындағы КСРО чемпионы
болғанбыз. Сондай-ақ құрамадан
өзге, мен алматылық «Медеу»
командасының намысын қорғадым.
Спорттық мансабымды аяқтағаннан
кейін бірден жаттықтырушылыққа
ауысып, еліміздің бас командасын
жаттықтырып келемін. Ал төрешілік
еткен ірі додаларға тоқталатын
болсам, 2004 жылы өткен Афины
Олимпиадасында ерлер бәсекесіне,
Римде өткен әйелдер арасындағы
VIII Әлем чемпионатына, Банг-
кок қаласындағы Универсиаданың
финалдық бәсекелеріне қазылық
еттім.
– Команда өзінің ойын жүйесін
табу үшін не істеу керек?
– Ол үшін, әрине, тынбай еңбек
ету керек. Олар солай еңбектеніп
жатыр да. Себебі біздің команда
Австрия, Голландия және АҚШ-
тың қыздарымен тайталасып жүр.
Ал олардың командаларындағы
қыздардың бойлары 2 метрден
асатын, физикалық әлеуеті жоғары.
Ал біздің қыздар шағын денелі
әрі жастары да кіші. Дегенмен
ерінбей еңбек етіп, өздерінің ойын
жүйесін қалыптастырып, өздерінен
ірі қыздардың алдын орап кетіп
жүр. Олардың әрқайсысын бес
саусағымдай білемін десем, артық
айтпағандығым болар. Команда
мүшелерінің жаттыққан үстіне
жаттыға бергенін қалаймын. Және
әрқайсысына жүз пайыздық сенім
білдіремін.
– Жаттықтырушы ретінде сізге
жастармен жұмыс жасаған оңай
ма, әлде үлкендермен бе? Және жа-
уапты бәсекелерде қай толқынға
көбірек сенім артасыз?
А.Балфанбаев командасымен.
– Осы орайда айта кететінім,
су добынан еліміздің әйелдер
құрамасы «Айша бибі» клубының
тәрбиеленушілерінен тұрады. Ал
жас жағына келсек, біз өте жас
командамыз. Ең бастысы, бізде
ешқандай легионерлер жоқ. Қазірдің
өзінде командаға үміткерлер
шаһардағы №4 велосипед және
су спорты түрлерінен облыстық
олимпиада жеткіншектерін даяр-
лайтын балалар-жасөспірімдер
спорт мектебінен шығуда. Бұл–
қуантарлық жағдай. Меніңше,
жастармен жұмыс жасаған оңайырақ.
Ал үлкендермен жұмыс жасасаң,
олар өздерінің тәжірибесіне сеніп,
кейде жаттығуға құлықсыздық та-
нытып жатады. Жауапты ойындарға
келгенде, жасына қарап жатпай-
мыз. Тәжірибесі мен бабы келіп
тұрған спортшыларды шығарамыз.
Жағдай біз ойлағандай болып жатса,
жастарды да қосамыз. Бұл – олар
үшін нағыз тәжірибе алаңы.
– Құраманың жаттығу жиын-
дары негізінен қай жақта өтеді?
– Өзіміздің елімізде өтеді. Оның
ішінде «Тараз-Арена» спорт кешені
мен Алматы қаласының орталық
жүзу бассейні бар. Осы тұста Жамбыл
облысы әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт басқармасына бізге
жасап жатқан барлық жағдайлар
ү ш і н а л ғ ы с ы м д ы б і л д і р г і м
келеді. Басқарма әрдайым бізге
қол ұшын созып, спортшылардың
жағдайын біліп отырады. Жалпы
құраманың жаттығу жиындары өзге
жаттығуларға қарағанда күрделірек.
Онда әр спортшымен жекелей
жұмыс жасауға тура келеді. Қорыта
айтқанда, үлкен жауапкершілік пен
еңбекті талап етеді.
– Спортшылардың алдына қандай
мақсаттар қойылып отыр?
– Жалпы жоспарға келсек, «Айша
бибі» командасына Ресейдің ашық
біріншілігінде 5-6 орыннан көріну
межесі қойылған. Әуелі осыны орын-
дауымыз керек. Бұдан да жоғары
мақсат қоюға болар еді. Дегенмен ол
чемпионатта Еуропаның элиталық
клубтары, чемпиондар Кубогіне
және ЛЕН Трофиге қатысушы ко-
мандалар бақ сынауда. Сондай-ақ
құрлықаралық Кубок пен наурыз-
сәуір айларында өтетін Әлемдік лига
ойындарына, жазда су добы спорты-
нан Будапештте жалауы желбірейтін
чемпионатқа қатысу жоспарда. Ал ең
басты мақсат – Азиада ойындарында
құрамамызбен жүлде алу.
– Әңгімеңізге рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |