№9 дәріс №9 дәріс Абсорбция үдерісі


Абсорбция процесін жүзеге асыруда негізгі мәселелердің бірі абсорбентті таңдау және газ бен сұйық фазалардың әсерлесуінің неғұрлым тиімді жағдайларын жасау болып табылады



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі171,5 Kb.
#16580
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абсорбция дер с

Абсорбция процесін жүзеге асыруда негізгі мәселелердің бірі абсорбентті таңдау және газ бен сұйық фазалардың әсерлесуінің неғұрлым тиімді жағдайларын жасау болып табылады.

  • Абсорбция процесін жүзеге асыруда негізгі мәселелердің бірі абсорбентті таңдау және газ бен сұйық фазалардың әсерлесуінің неғұрлым тиімді жағдайларын жасау болып табылады.
  • Абсорбентті таңдауда оған бірнеше талаптар қойылады:
  • жоғары селективтілігі, яғни газ-тасымалдағыштың неғұрлым аз еріген жағдайында бөліп алатын компонентті талғампаз сіңіру қабілеттілігі;
  • абсорбцияланатын компонентті өте жоғары сіңіру қабілеттілігі, басқаша айтқанда жұмыс жағдайларында сіңірілетін компоненттің өте жоғары ерігіштігі. Бұл абсорбенттің жұмсалуын азайтады;
  • неғұрлым аз ұшқыштығы, яғни газ ағынымен кетіп қалмауы үшін жұмыс температурасы жағдайында абсорбент буы серпімділігінің аз болуы;
  • жұмыс жағдайына тұрақтылығы, яғни абсорбент түрлі өзгерістерге ұшырамауы қажет, мысалы, айырылуы, тотығуы, шайырлануы және тағы басқа өзгерістер;
  • жұмысқа қолайлылығы, яғни от алуға беріктігі, зиянсыздығы, аппаратураға коррозиялық әсерінің аздығы;
  • құнының арзандығы мен қол жетімділігі;
  • десорбция жағдайында жеңіл қалпына келуі.
  • Өнеркәсіптік абсорбенттер жоғарыда келтірілген талаптардың бәрін бірдей қанағаттандыра алмайды. Сондықтан практикада абсорбенттерді процесті жүргізу жағдайларына (газ қоспасының қасиеті мен құрамына, температураға, қысымға, газды тазарту дәрежесіне) қарай таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет