Абсорбция процесін жүзеге асыруда негізгі мәселелердің бірі абсорбентті таңдау және газ бен сұйық фазалардың әсерлесуінің неғұрлым тиімді жағдайларын жасау болып табылады
Абсорбция процесін жүзеге асыруда негізгі мәселелердің бірі абсорбентті таңдау және газ бен сұйық фазалардың әсерлесуінің неғұрлым тиімді жағдайларын жасау болып табылады.
Абсорбция процесін жүзеге асыруда негізгі мәселелердің бірі абсорбентті таңдау және газ бен сұйық фазалардың әсерлесуінің неғұрлым тиімді жағдайларын жасау болып табылады.
Абсорбентті таңдауда оған бірнеше талаптар қойылады:
жоғары селективтілігі, яғни газ-тасымалдағыштың неғұрлым аз еріген жағдайында бөліп алатын компонентті талғампаз сіңіру қабілеттілігі;
абсорбцияланатын компонентті өте жоғары сіңіру қабілеттілігі, басқаша айтқанда жұмыс жағдайларында сіңірілетін компоненттің өте жоғары ерігіштігі. Бұл абсорбенттің жұмсалуын азайтады;
неғұрлым аз ұшқыштығы, яғни газ ағынымен кетіп қалмауы үшін жұмыс температурасы жағдайында абсорбент буы серпімділігінің аз болуы;
жұмыс жағдайына тұрақтылығы, яғни абсорбент түрлі өзгерістерге ұшырамауы қажет, мысалы, айырылуы, тотығуы, шайырлануы және тағы басқа өзгерістер;
жұмысқа қолайлылығы, яғни от алуға беріктігі, зиянсыздығы, аппаратураға коррозиялық әсерінің аздығы;
Өнеркәсіптік абсорбенттер жоғарыда келтірілген талаптардың бәрін бірдей қанағаттандыра алмайды. Сондықтан практикада абсорбенттерді процесті жүргізу жағдайларына (газ қоспасының қасиеті мен құрамына, температураға, қысымға, газды тазарту дәрежесіне) қарай таңдайды.