9-Дәріс. Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану Дәрістің жоспары



Pdf көрінісі
Дата27.10.2023
өлшемі324,74 Kb.
#120924
Байланысты:
Zhubanazarova N.S. 9. 2022



9-Дәріс

Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану 
Дәрістің жоспары: 
1.Психологиядағы лидер мәселесі 
2.Басшы және лидер 
3.Лидердің психологиялық портреті 
 
Түйін сөздер: 
лидерлік, басшы және лидердің айырмашылығы, лидердің 
психологиялық портреті 
Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады. 
Басшылық 
әрқашан 
өкіметпен 
байланысты, 
басшыларды 
тағайындайды және олар өкілеттікті қолға алып, ресми түрде әрекет 
істейді. 
Жалпы лидер келесі компоненттер негізінде туындайды: эмоциялық, 
іскерлік, ақпараттық. 
Эмоциялық лидер топ жүрегі. 
Іскерлік лидер топ қолы. 
Ақпараттық лидер топ миы.
Лидер белгілі бір мақсатқа жету үшін адамдарды біріктіре алуға қабілетті.
Лидер қасиеттері: интеллегентілік, инициатива, өзіне деген сенімділік, 
шешім шығара алу, көрегендік, мотивациялық қабілеттер.
Басшы биліктің әр түрін қолданады: қысымға негізделген билік, 
марапаттауға негізделген билік, эксперттік билік, эталонды немесе үлгі 
билігіғ заңды билік.
 Жетекшілік теориялары: 
1. Р. Бейлз лидерлік рөлдер теориясы. Яғни жетекшінің белгілі бір рөл 
атқаруы.
2. Қырлар теориясы яғни жетекші адамның жаратылысынан лидерлік 
қасиеттер (харизма құдай берген қасиет) болу керек. 
3. Интерактивті теория әркеттестік нәтижесінде лидердің пайда болуы.
4. Ситуативті теория яғни жетекшілік белгілі бір жағдайдың арқасында пайда 
болады.
Бұл теория негізін салған Э.Фидлер. Ол лидерлік жағдайларға үш 
фактор әсер етеді деген. 
1. жетекші мен қызметкер адамның арасындағы өзара қатынас. 
2. Топқа қойылатын міндеттер құрылымы.
3. Билік күші.
5. Синтетикалық немесе комплекстік теория лидердің топқа, топтың лидерге 
әсер етуі.


Лидерліктің психоаналитикалық теориясы: лидерлердің типтерін 
көрсеткен.
1. Soveren-повелитель - қатал, бірақ сүйетін әке ретінде. 
2. Көсем - бар тілегіміз көсемде шоғырланған.
3. Тиран - өте күшті персона, қорқыныш тудырады. 
4. Ұйымдастырушы - ол арқылы біздің жағымсыз күйіміз жоғалып кетеді.
5. Соблазнитель - ол біздің әлсіз жерімізді біледі.
6. Герой - басқалар үшін құрбан болу.
7. Кумир - біз оған құсағымыз келеді.
8. Жаман үлгі - өте кұшті сендіре алады. Сондықтан ұқсағымыз келеді.
9. Антилидерлер: изгой – қоғамнан шеттетілген адам. Козел отпущения 
басқалар игілігіне пайдаланады.
Басшы қызметкерлерін жұмыс жасауға мәжбүр етеді, мақсатына жетуге 
бағыттайды.
Көшбасшы-жетекшіні 
айналасындағылар 
сайлайды 
және 
оны 
мойындайды. Әдетте лидер деп сол адамды есептейді, егер қаңдай да бip 
мәселеге шешім қабылдағанға лидердің жоғары дәрежедегі ықпалын 
көпшіліктің мойындауы. 
Көшбасшының міндеттері: 
ұжымның эталонға жақын тәртібін (тілектестік, жауапкершілік, өзара 
нәтижелі еңбек) және ұжымның келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және 
қолдайды (мысалы, агрессиялық, бөлектену, тартысу). 
топтың әр мүшесіне баға бере отырып, бұйрықмен емес, сөзбен немесе дене 
қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға 
мәжбүр етеді 
Ғылым басшы және лидер деген ұжымға шекара қояды, бipaқ қарама-
қарсы қоймайды, себебі олардың арасында ұқсас белгілері бар: 
басшы мен лидер ұжым қызметін үйлестіру poлiн атқарады, тек 
басшы әкімшілік, заңдылық өкілеттің негізінде атқарады, ал лидер 
жеке өзінің бастамасы негізінде басшы мен лидер ұжымдағы әлеуметтік 
ықпалын әр түрлі жолмен жүзеге асырады. басшы мен лидер 
арасындағы
қатынас
реттеленіп, 
субординацияны 
ұсталған болуы керек. 
 
 Тексеру сұрақтары 
1.Лидердің анықтамасы 
2.Басшы және лидер 
3.Лидерлік теориялар 
4. Басшы және көшбасшы ерекшелігі қандай?
5. Басқарудағы көшбасшы рөлінің ерекшелігі қандай?


Әдебиеттер: 
1.Ахтаева Н.С., Абдижаппарова А.И., Бекбаева З.Н. Басқару психология. – Алматы: Қазақ 
университеті, 2018. 
2. Аронсон Эллиот, Уилсон Тим, Эйкерт Робин. Социальная психология. 
Психологические законы поведения человека в социуме. – СПБ, прайм-ЕВРОЗНАК, 2012. 
– 560 с. 
3. Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б. 
4.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - 
Инфра, 2015. 
5.Добреньков В. И. Управление человеческими ресурсами: социально-психологический 
подход. Учеб. пособие. - М.: КДУ, 2015.
6.Морозов, А. В. Управленческая психология. - М.: Академический проект; Трикста, 2015.
7.Салих Гүней. Ұйымдық іс-әрекеттер.-«Нобель» баспасы, Анкара, 2011(түрік тілінде) 
8.Столяренко А.Д. Психология управления. - Ростов - на - Дону: Феникс, 2013. 
9.Sanderson A., Safdar S. Рsychology. - University of Guelph: Wiley-sons Canada. Ltd., 2012. 
10.Эмре Өзкальп, Чигдем Кырел. Ұйымдақ іс-әрекеттер. «Еким» баспасы.- 2012 (түрікше).
 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет