Тарау 1
МИФОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕП
Жалпы сипаттамасы. Ф.И.Буслаев – орыс мифологиялық мектебінің негізін қалаушы.Ғылыми жолының басталуы. Буслаев еңбектеріндегі мифологиялық тұжырымдамалар. Ғалымның теориялық еңбектерінің эволюциясы.Буслаев және орыс фольклорындағы антропологиялық мектеп. Буслаев- көне орыс әдебиеті тарихшысы. Салыстырмалы мифологиялық мектебі (кіші мифологтар): А. Н. Афанасьев,О. Ф. Миллер, А. А. Котляревский. Орыс мифологиялық мектебіндегі революциялық мектеп (И.А.Худяков, И.Г.Прыжов, П.Н.Рыбников). А.А.Потебнидің мифологиялық концепциялары. XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы мифологиялық зерттеулер.
Әдебиет туралы академиялық ғылымның, ең алдымен фольклористиканың филологиялық зерттеулердің ерекше саласы ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарған орыс мифологиялық мектебі XIX ғасырдың 40-50 жылдарының басынан бастап қарқынды дами бастады. Осы уақыт ішінде орыс мифологиялық мектебі ғылыми зерттеудің жаңа әдістемесі қолданылған бірқатар тарихи-әдеби және фольклорлық-этнографиялық жұмыстарды жария етті. Бұл әдістемеге салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісі негіз болды, тілдің, халық поэзиясы мен халықтық мифологияның байланысын орнатуға, яғни, ХІХ ғасырдың бастапқы кезеңіндегі неміс ғалымдары ағайынды Гриммдер әдебиет және халық әдебиеті ғылымына енгізген көзқарастар мен зерттеу әдістеріне негізделген. Орыс тарихнамасында орыс мифологиялық мектебінің Гримм мектебімен байланысын мойындау дәстүрге айналған болатын. Сонымен қатар, орыс мифологтары да соңғы жылдарға дейін неміс мектебінің тікелей ізбасарлары мен шәкірттері ретінде қарастырылды.
Неміс ғалымдары ағайынды Гриммдердің мифологиялық тұжырымдамалары ұлтшылдық идеяларға толы болғанмен бірнеше рет ғылыми әдебиеттерде аталып өткен. Орыс ғалымдары мифологияға түбегейлі басқа позицияда жүгінді. Мифтерді халықтық дүниетанымның көрінісі ретінде қарастыра отырып, ғалымдар халықтың шығармашылық жолдарын анықтау, оның ғасырлар бойғы мәдениетінің мәнін ашу міндетін қойды.
Орыс мифологиялық мектебінде Батыс Еуропа мектебінің төңірегінде пайда болған барлық дерлік негізгі мифологиялық тұжырымдамалар кеңінен көрініс тапты. Ерекше ғылыми бағыт ретінде орыс мифологиясында кіші мифологтар мектебі немесе салыстырмалы мифология мектебі айқын аңғарылды.
Достарыңызбен бөлісу: |