56.Зерттеу жұмысы үдерісінде қандай оң қадамды жүзеге асыруына тура келеді: 1) тақырыпты түсіну; 2) ойшақырту амалдарын қолдану; 3) идеяларды шағын тақырыпшаларға біріктіру; 4)кіріспені, негізгі ойлар мен сұрақтарды жазу; 5) негізгі бөлімнің параграфтарын жазу- негізгі сөйлемдерді жазу; 6) негізгі бөлімнің параграфтарындағы түсініктемелер мен әңгімелер, мысалдар жазу; 7) қортынды, зерттеу нәтижесі бойынша нақтыланған мәліметтерге сүйене отырып, қорытынды жазу; 8)бөлімдерін тексеру; 9) идеясы мен сұрағынан ауытқуымауын тексеру; 10)мәтінді тексеру, оның нақыт және дәлелді болуына көз жеткізу;
26.«Аббревиатура», «аннотация», «кросс- дәйексөз» терминдеріне түсінік беріңіз: Аббревиатура (итал. Abbreviatura, ab – қысқару, brevio – қысқа сөзінен) — негізгі сөз тіркестеріне енетін бастапқы сөздер дыбыстарынан немесе бастапқы әріптерден жасалған сөз.; Аннотация,аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.; Дәйек сөз, цитата (лат. Cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.
27.«Парафраза» және «Перифраза» терминдеріне түсінік және айырмашылығы: Перифраз (гр. Perіphrasіs — айналым)[1] — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі.
Парафраз(гр. Қайта айту мағынасында) – әдеби шығарманы қысқаша баяндап беру. Парафраз өлеңді қара сөзбен немесе қара сөзді өлеңмен айтуға негізделген.
31.«Дәріс» түсінік және дәріс түрлері анықтама: Дәріс – мектеп, медреселердегі сабақ. Дәріс ұғымы кейде «лекция» ұғымының синонимі ретінде қолданылып жүр.
Дәріс түрлері: дәстүрлі, кіріспе, шолу, пікірталас лекциясы, лекция-консультация, лекция-конференция, сұрақ-жауап-пікірталас, қатені түзету лекциясы, визуальды лекция, екі оқытушының лекциясы және т.б..