№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


 Систолалық және минуттық қан көлемі, жүрек көрсеткіші



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
3РК

5. Систолалық және минуттық қан көлемі, жүрек көрсеткіші.  

Жүректің негізгі қызметі қан тамырлар жүйесіне қан айдау . Систола кезінде әр 

қарыншадан шыққан қан мөлшері жүректің систола лық қан көлемі ( СҚК ) не екпінді 

мөлшері деп аталады . Ол ересек адамда 70-80 мл . СҚК - ін жүрек соғуының минуттық 

санына көбейту арқылы жүректің минуттық қан көлемін ( МҚК ) есептеп шығару қиын 

емес . Жүрек минутына 15 рет соқты делік , ал систолалық кан көлемі 70 мл болса , 

жүректің минуттық көлемі : МҚК 75х70 5250 мл , яғни 5,25 л болғаны . Сонымен бір 

минут арасында әр жүректен шыққан қанның көлемі жүректің минуттық қан көлемі ( 

МҚК ) деп аталады . Клиникада жүректің МҚК газ әдісімен анықталады . Бұл әдіс 1870 

жылы ұсы нылған . Кейде ғалымның атымен Фик әдісі деп те аталады . Жүректің МҚК - ін 




анықтау үшін артериялық және веналық қандағы оттегінің пайыздық мөлшерін 

анықтайды да , олардағы оттегі айырмасын есеп теп шығарады . Мәселен , артерия 

қанында 18 % , ал вена анында 12 % оттегі бар делік . Бұлардың айырмасы 18-12 - 6 % . 

Бұдан кейін адамды таза оттегімен дем алдырады да , бір минут ішінде жұтылған оттегінің 

мөлшерін біледі . Адам минутына 300 м оттегін жүтты , а оттегінің артерия мен вена 

қанындағы айырмашылығы 6 мл . Енді 300 мл - ді 100 - ге көбейтіп , 6 - ға бөлу керек . 

Себебі өкпе арқылы минутына 100 мл қан өтсе , бұл 6 мл оттегі өкпеден қанға сіңді деген 

сөз . Ал , 300 мл О , қанға сіңсе , онда өкпе арқылы минутына қанша қан өтпек ? МҚК = ( 

300 х 100 ) : 6 - 5000 мл Жүректің оң қарыншасынан минутына қанша қан шықса , өкпеден 

де сонша қан өтеді , яғни МҚК - 5 л - ге тең . Фик әдісін қолдану үшін вена қанын 

жүректің оң жүрекшесінен зонд арқылы алуға тура келеді . Сондықтан бұл әдіс қиын , 

әрдайым қолданыла бермейді . Жүректің минуттық қан көлемін табу үшін интегралдық 

реогра фия , қанға таңбаланған атом не бояу енгізу әдістері қолданылады . Интегралдық 

реография әдісі бойынша адамның кеуде тіндерінің электр тоғына деген кедергісі жазып 

алынады . Қан - сұйық зат , оның электр тоғына деген кедергісі басқа тығыз тіндер 

кедергісінен әлде қайда төмен . Сондықтан кеуде тіндерінде қан неғұрлым көп болса , 

олардың кедергі жасау қабілеті де төмендей түседі . Кеуденің электр тогына кедергі 

жасауы систола кезінде айдалған қан мөлшеріне бай ланысты . Ол реограмма арқылы 

анықталады . Содан кейін белгілі фор мула бойынша систолалық қан көлемі есептеп 

шығарылады . СҚК жүрек соғуының минуттық санына көбейтіледі де МҚК табылады . 

МҚК - ін венаға құйылған бояудың ( Стюарт пен Гамильтон әдісі ) не радиоактивті заттың 

қанда жылжу жылдамдығы мен оның қанда еру ( жайылу ) дәрежесі арқылы есептеп 

шығаруға да болады . Ол үшін қанға құйылған заттың деңгейін әрбір 2 секунд сайын 

өлшеп туру қажет . Қандағы еріген заттың мөлшері алдымен біртіндеп жоғары лайды да 

кейін төмендей бастайды , қан екінші рет сол жақ жүрек арқылы өткен кезде ол қайтадан 

жоғарылайды ( рециркуляция - кері ағу ) . Қандағы зат деңгейінің қайтадан ерлеу уакыты 

T әрпімен белгі ленеді . Қандағы зат мөлшерлері табылған соң , оның зерттеу уакыты на 

қарай өзгеруін көрсететін қисық сызық сызылады , сөйтіп зат кон центрациясының 

бірінші толқынына кететін уақыты табылады ( Т ) . Қанға құйылған заттың мөлшері ( J ) 

және оның бір литр кандағы ор таша концентрациясы ( С ) есептеп шығарылады да , мына 

формула бойынша минутына канига қан айдалғаны анықталады . 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет