№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


 Жүрек қызметін зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет9/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
4. Жүрек қызметін зерттеу әдістері.  

Физиологиялық (эксперименттік) және клиникалық - физиологиялық әдістер болып екі 

топқа бөлінеді.  

Жүрек қызметін физиологиялық әдіспен зерттеу үшін жануардың кеуде қуысын ашады да 

, жазу аспабын тікелей жүрекке тіркейді. Бұл физиологияда қанды әдіс деп те аталады.  

Клиникалық - физиологиялық әдіс жүрек жұмысын жан шығармай тексеруге мүмкіндік 

береді. Бұл әдіспен әдетте сау адамның да , науқас адамның да жүрегі зерттеледі . 

Клиникалық - физиологиялық әдістер: 

• 

пальпация– жүрек түрткісінің орнын табу,  



• 

перкуссия жүрек шекарасын анықтау;  

• 

аускультация жүрек дыбыстарын естіп тану;  



• 

фонокардиография ( ФКГ ) - жүрек дыбыстарын жазып алу; электрокардиография ( 

ЭКГ ) – жүрек биотоғін жазып алу;  



• 

векторкардиография ( ВКП ) — жүрек тоғының векторлық мөлшерін жазып алу;  

• 

баллистокардиография ( БКГ ) – жүректің қан айдаудағы баллистикалық 



құбылысын жазып алу;  

• 

динамокардиография– жүректің қан айдауына байланысты кеуде білігінің ығысуын 



жазып алу;  

• 

эхокардиография - ультрадыбысты қолданып жүректің қан айдау қызметіне 



байланысты ет құрылысының , қақпақшалары ның және қуыстарының өзгерістерін байқау 

, рентгенмен зерттеу.  

Пальпация – сипау , ұстау әдісі. Мұнымен жүрек түрткісінің орнын және күшін білуге 

болады . Жүрек қарыншалары жиырылған кезде жүрек еті қатайып, онын ені кеңейіп, ұшы 

көтеріліп кеуденің алғы қабырғасына соғылады , сөйтіп жүрек ұшы тиген жер лүпілдеп 

тұрады . Сау адамның жүрек түрткісі сол жақта бесінші және алтыншы қабырғалар 

аралығында , сол бұғананың как ортасынан төмен қарай өткізілген сызыктың бесінші 

қабырға аралығымен түйіскен жерінен 1 см оңға қарай орналасқан . Жүрек түрткісінің 

кеудеге соғылу қарқын нына қарап , жүрек етінің жиырылу күшін шамалауға болады , ал 

түрткінің орны жүректің сол жақ шеті әдеттегідей екенін көрсетеді .  

Перкуссия - жүрек шегін анықтау. Ол үшін кеудеке тақалған сау сакты екінші қолдың 

саусағымен не жазық металл тлікті медицина лык резеңке балғамен қаққан кезде пайда 

болатын дыбыс ерекшелігін ескеріп жүрек шегін анықтауға болады . Кеуде қуысын ауаға 

толы өкпе тіні кернеп тұрады , Екі өкпенің аралығында ауасыз ағза канға толы жүрек 

орналасқан . 

Аускультация - жүрек дыбыстарын фонендоскоп не стетоскоп арқылы тыңда. Жүрек 

жиырылып — босаған сайын скі түрлі үн естіледі . Бірінші үн қарынша жиырылған кезде 

пайда болады . Сондықтан ол систолалық тон деп аталады . Ол сол қатқыл созыңқы дыбыс 

, 0,1-0 ,12 секундқа созылады. Бұл тон систола кезін де өтетін физиологиялық 

құбылыстарға байланысты. 

Фонокардиография - жүрек тондарын жазып алу. Арнайы аспап – фонокардиограф 

арқылы жүректің төрт тоны жазып алынады . Олардың екеуі, атап айтқанда бірінші және 

екінші тондар аускультация кезінде естіледі. Үшінші және төртінші тондар естілмейді: 

олар қарыншалар босаған кезде пайда болады. 

Векторкардиография ( ВКГ ) – жүрек еті тоғының мөлшерін және электр осінің бағытын ( 

векторын ) жазып алу әдісі. Векторкардиограмма имектеліп барып ұштары қабысатын үш 

түрлі ілмектен ( P , Q , R , S , T ) тұрады . 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет