№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


 Қанның артериялар арқылы жылжуы



Pdf көрінісі
бет25/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
 

18. Қанның артериялар арқылы жылжуы. 

Кан ағуының екі тәртібі бар: ламинарлық және турбулентті. 

Ламинарлық ағыс - бұл сұйыктың реттелген ағысы, мұнда сұйық қабаттасып, ағынға 

параллельді бағытта жылжиды. Қозғалу жылдамдығы артқан сайын ламинарлық ағыс 

турбулентті ағысқа ауы- 

сады. Сұйықтың барлық кабаттары араласып, көптеген бұйралар пайда болды. Ағу 

тәртібін Рейнольдс санын анықтау жолымен төмендегі формула бойынша болжауға 

болады. 


NR = pDv/n, 

мүнда р - сұйықтың тығыздығы; D - түтік диаметрі; v - сұйык козғалысының орташа 

жылдамдығы; n - канның тұтқырлығы. 

NR 2000-нан төмен болса, ағыс ламинарлы болады, ал NR 3000-нан жоғары болса - 

турбулентті болады. Одан басқа, қан ағысының жылдамдығы артқанда сұйық 

кабаттарының өзара бір бірімен салыстырғанда жылдамдығы артады. Бұл құбылыс 

жылжудың жұқаруы деп аталады. Сонымен, турбуленттілік сұйықтың тұтқырлығы 

төмендегенде, сұйықтың қозғалу жылдамдығы артқанда, тамыр 

диаметрі үлкен болғанда, сұйықтың тығыздығы жоғары болғанда және тамыр кабырғасы 

кедір-бұдыр болғанда пайда болады. Атап өту керек, ағынның бұйралануы қан 

қарыншадан қолқаға айдалуының басында болады. Тамырлардың тармақталатын жерінде, 

сондай-ақ қан ағысы жоғарылағанда (физикалық жұмыста)қан ағысы артерияларда да 

турбулентті болуы мүмкін. Турбулентті ағыс қосымша энергия жұмсаумен байланысты, 

бұл жүрекке қосымша күш түсіруі мүмкін. 

Қан үлкен және кіші шеңберлер бойымен әр түрлі гемодинамикалық факторлар әсерінен 

жылжитыны белгілі . Қан бөлшегі үлкен және кіші шеңберлер бойымен ағып өтетін уақыт 

қанның айналу уақыты деп аталады және ол тыныштық жағдайда тең болады 21-23 

секундқа. Кан айналу жүйесінің артериялық және веналық тармақтарында әсер ететін 

келесі факторларды ажыратады: 

Артериялық тармақта ондай факторларға жататындар: 

-жүрек жұмысы; 

-ірі артериялардың эластикалық күші; 

-кеуде және аяқ-қол тамырларына түсетін қан мөлшерінің тартылыс күші; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет