№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


 Қантамырларының функционалды жіктелуі



Pdf көрінісі
бет24/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
17. Қантамырларының функционалды жіктелуі. 

Жүрек пен тамыр жүйесін Б.М.Ткаченко олардың орындайтын қызметіне орай 8 топқа 

жіктейді (1985 ж.): 

1. Жүрек тамырларындағы қан қысымын көтеріп, қолқа мен өкпе артерияларына қан 

айдайтын - генератор. 

2. Қысымы жоғары не магистральды-оман тамырлар. Бұлар қан қысымын жоғары 

деңгейде сақтайтын қолқа, оның бүтақтары (үлкен артериялар, өкпе артериялары), 

қарыншалардан систола уақытында ауық-ауық шығатын қанның үздіксіз ағысын 

қамтамасыз ететін майысқақ тамырлар. 

3. Қан ағысына кедергі жасайтын резистивтік тамырлар. Бұлар екіге бөлінеді: а) қысым 

тұрақтылығын сақтайтын ұсақ артериялар мен 

артериолалар. Бұлар жүректің систолалық қан мөлшеріне сәйкес қан ағысына кедергі 

жасау арқылы қан қысымының оңтайлы деңгейін сақтайды; б) капиллярда қан ағысын 

реттеуші, яғни қан үлестіруші тамырлар. Бұлардың қатарына қабырғасында сақина тәрізді 

еттері бар ұсак тамырлар пре- және посткапиллярлар жатады.Сақина еттер жиырылғанда 

капиллярларға қан өтпейді, ал жапқыштар босағанда капиллярлардан қан қайта аға 

бастайды. Осыған орай қан ағысына катыспайтын капиллярлар саны өзгеріп тұруы 

мүмкін. 


4. Зат алмасу тамырлары. Бүған капиллярлар мен олардың қосылуынан пайда болатын ең 

ұсақ венулалар жатады. Бұлардың қабырғасынан тінаралық сүйықтық пен қан ішіндегі 

заттар алмасады. Кейбір заттар ең ұсақ артериолаларда алмасуы мүмкін. 

5. Сыйымды не қан жинайтын (аккумуляциялайтын) тамырлар. 

Бұларға венулалар мен үсақ веналар жатады, саңылаулары кеңіген сәтте қанның көбі 

(70%)жиналады, ал тарылғанда жүрекке қарай қанның жылжуы тездейді. 

6. Қанды жүрекке әкелетін тамырлар. Бұған үлкен куысты веналар жатады. 

7. Артериола мен венуланы не артерия мен венаны қосатын көпірше - дәнекер тамыр 

анастомоз. Бұлар белгілі бір микротамырларда қанның ағуына оңтайлы жағдай тудырады. 



8. Сорып алатын - резорбция жасайтын тамырларға канайналымы жүйесінің бір бөлігі - 

лимфа капиллярлары мен лимфа тамырлары жатады. Бұлар тіннен белок және суды сорып 

алып лимфа тамырлары арқылы венадағы қанға апарып құяды. В.И. Ткаченко тамырларды 

жіктеу ілімінде олардың маңызын толығынан қамти отырып, жүрек және лимфа 

тамырлары бір әрекеттік жүйе екеніне аса көңіл аударудың қажеттігін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет