№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


 Жүрекке кезбе нерві мен симпатикалық нервтің әсер ету механизмі



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
3РК

25. Жүрекке кезбе нерві мен симпатикалық нервтің әсер ету механизмі. 

Кезеген жүйкенің әсері . Кезеген жүйкенің жүрекке әсерін 1845 Жылы ағайынды Э. және 

Г. Веберлер ашты . Олар үй қоянының мой нында орналасқан кезеген жүйкені кесіп , 

оның үшын электр тоғымен тітіркендірген , осы кезде жүректің соғуы сиреп , жиырылу 

күші әлсіре ген . Бұл жүйкені ұзақ уақыт қатты тітіркендірсе , жүрек диастола кезі нде 

тоқтап қалатыны байқалған . Сөйтіп , кезеген жүйке жүрек қыз метін тежейтін жүйке 

екені дәлелденді . Кезеген жүйкенің әсерінен жүректің автоматия қасиеті төмендейді , 

яғни жүрек соғуы сирейді . Осы сәтте әрекет потенциалының диасто лалық 

деполяризациясы ұзарады . Осыны хронотроптық теріс әсер деп атайды . Сондай - ақ 

жүректің қозу қабілеті де төмендейді , яғни батмотроптық теріс әсер туады . Осыған орай 

жүрек еті қозу табалды рығынан жоғары күшке ғана жауап береді . Кезеген жүйкенің 

әсерінен жүректің жиырылу күші ( сызықтық амплитудасы ) төмендейді , яғни жүрек 

әлсірейді . Бұны теріс инот ропты әсер деп атайды . Кезеген жүйке , сондай - ақ жүрек 

етінің қозу өткізу жылдамдығын да төмендетеді , әсіресе жүрекше мен қарынша 

аралығындағы ( атрио вентрикулярлық ) кідіру кезеңін ұзартады . Бұл теріс дромотроптық 

әсер деп аталады 

 Кезеген жүйке жүрек етінің ширығу дәрежесін төмендетеді . Жүрек еті қатаймай солғын 

тартады , ал диастола кезінде қатты босаңсиды . Осыған орай кардиограмма диастола 

кезінде төмен қарай ығысады . Мұны теріс тонотроптық әсер дейді . Жүрек 

кардиограммасы кезе ген жүйкені тітіркендірген кезде жазып алынса , оның амплитудасы 

төмендейді , жүректің жиырылуы сирейді , яғни диастола кезеңі созы ла түседі және 

жүрек еті қатты босайды , сызықты жазған қалам төмен қарай ығысады . Кезеген жүйкені 

қаттырақ тітіркендірсе , жүрек диас тола кезінде тоқтап та қалады . Тітіркендіру тоқтамаса 

біраздан кейін тоқтаған жүрек қайта соға бастайды , ол тіпті бұрынғыдан жиірек соғуы 

мүмкін . Мұны жүректің кезеген жүйке әсерінен “ сусып ” құтылып кетуі дейді . Бұл 

құбылыс , Зубковтың топшылауымен , миокардтың аце тилхолинге ( ваготроптық заттарға 

) деген сезімталдығының төменде уіне , адреналинге ( симпатикотроптық заттарға ) деген 

сезімталдығы ның жоғарылауына байланысты . Соңғы кезде , жүректің қатты 

тітіркендіргіш әсерінен тоқтауын диастолалық деполяризацияның ор нына жүрек 

жетекшілерінде гиперполяризацияның пайда болуымен түсіндіреді . 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет