№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


 Жүректің экстракардиальды механизмі



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
22. Жүректің экстракардиальды механизмі. 


 


 


23. Жүректің интракардиальды механизмі. 

Жасуша ішілік механизмдер: егер жүрек бұлшық еті әрдайым үлкен белсенділікті қажет 

ететін болса, миокард гипертрофиясы пайда болады. Бұл белсенділікке қосымша 

жиырушы нәруыздарды синтездеу арқылы жасуша ішілік механизмдердің жауабының 

нәтижесі. Бұл механизм жүрек ішінде жүзеге асырылады және ол іске асырылу барысында 

ОЖЖ әсерін қажет етпейді, алайда бұл механизмге түзету жүргізу мүмкін. 

Жүрек қызметінің өзіндік реттелудің гетерометриялық және гомеометриялық 

механизмдері.  

Жүрек заңы немесе Франк-Старлинг заңы: жүрек бұлшық еті неғұрлым созылса, 

соғұрлым бұлшық еттің жиырылу күші үлкен болады. Алайда шамадан тыс созылу 

жиырылу күшінің төмендеуіне әкеледі. Алғаш рет бұл байланысты («күш-ұзындық») О. 

Франк анықтаған, ақырғы сипаттаманы 1918 ж. Е. Старлинг жасады. Заң тұтас организм 

шартында дәлелденді. Қазіргі таңда оны келесі түрде сипаттайды: қарыншаның ақырғы 

диастоликалық көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жиырылу күші үлкен, яғни 

соғұрлым систоликалық лактыру мөлшері үлкен болады. Осы заң негізіндегі механизм 

қазіргі таңда гетерометриялық болып саналады, яғни миокардиоциттердің саркомерлері 

ұзындығының (қысқаруымен) өзгеруімен байланысты. Саркомердің 1,9- 2,2 мкм 

ұзындығында миокардтың максималды түрде күш салуы мүмкін екендігі белгілі: бұл 

жағдайда актиндік және миозиндік жіптер актин жібі мен миозин басының (миозин 

көпіршесі) әсерлесуінің ең үлкен көлемін қамтамасыз ететіндей етіп орналасады. Егер 

созылу дәрежесі үлкен (саркомер ұзындығы 2,2 мкм үлкен болады) болса, онда жіптер 

арасындағы әсер азаяды да, жүректің жиырылу күші төмендейді. Алайда кейбір авторлар 

жүректің гетеромериялық өзіндік реттелуін (жүрек заңы) саркоплазматикалық 

ретикулюмнен кальций иондарының бөліну кабілеті саркомердің ұзындығымен 

байланысты деп түсіндіреді: ұзындық неғұрлым үлкен болса, кальций бөлу қабілеті және 

бос кальцийдің жасуша ішілік концентрациясы (фибрилляр аралық кеңістікте) және 

жиырылу күші соғұрлым үлкен болады. 

Жалпы, Франк-Старлинг заңы ағзаның келесі шарттарында жүзеге асады: жүрекшенің 

систоласы кезінде (қарыншалардың қанмен белсенді толтырылу фазасы немесе 

пресистола фазасы) қарыншаларға қанның қосымша көлемі (ақырғы диастоликалық 

көлемнің 30%-ы шамасында) құйылады, және бұл карынша бұлшық еттерінің тез 

созылуына әкеліп, оның жиырылу күшін үлкейтеді. Жүрек заңы энергияны рационалды 

түрде пайдалану мүмкіндіктерін көрсетеді: саркомердің оптимальды ұзындығында 

жұмсалған энергияның бұрынғы көлемімен көбірек жұмыс аткаруға болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет