2. Оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындықты қалыптастыру бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесі. Отанды қорғау – конститутциялық қасиетті борышты орындауға оқушылардың дайындығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүйесінің ғылыми негізі осы жүйеге енетін компоненттердің құрамын, оның құрылысын және әскери-патриоттық тәрбие үдерісіндегі қызметін анықтауды талап етеді.
Жүйенің бірінші құраушысы мақсат пен міндетті қою болып табылады. Оқушылардың ӘПТ негізгі мақсаты мектеп реформасының негізгі бағыттарындағы нақты қисынға келтірілген «оларды ҚР ҚК қатарындағы қызметке», «Отанға қатысты жоғары намыс сезімін, оны қорғауға үнемі дайыдыққа» дайындау сияқты оқу үдерісін, оқу пәндерін, сабақтар жүйесін қамтитын жеке мақсаттарға бөлінуі тиіс. Бұл жеке мақсаттар күтелетін нәтиже ретінде жобалануы тиіс және қоғам тапсырған жалпы мақсаттарына сай келуі керек.
Мұғалім сабақ мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру құралдарын іріктейді. Ең алдымен оның мазмұнына көңіл бөледі.
Оқу үдерісінде оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындық қалыптастыру жөніндегі қызметті тиімді жүзеге асыру үшін әр оқу пәнінің мазмұнында, сабақтар жүйесінде және нақты сабақтарда дүниетанымдық мұраттар, білім, іскерлік пен дағдылар орын алуы керек.
Әсіресе әдебиет, музыка, кино, сурет, шығармашылық жұмыстың сан алуан түрлері оқушылардың сезімдеріне әсер етеді. Сондықтан оқу үдерісінде атақты суретшілердің туындылары; шағын музыкалық шығармалардың, азаматтық және Ұлы Отан соғысы әндерінің грампластинкадағы және магнитофон лентасындағы жазбалары, зерделетін оқиға қатысушылардың естеліктері, іздестіру қызметінің материалдары қолданған жөн. Барлық осы құндылықтардың оқушылардың санасы мен сезіміне «енуі» сабақта шығарамашылық ахуал туғызу, өз жадын адамзат жасаған барлық байлықтармен» байытуға ұмтылу болып табылады.
Білім беру мазмұнының мүмкіндігін жүзеге асыру сабақтың жоспарланған материалын жүзеге асыруға бағытталған оқытушы мен оқушының қызметіне, оқыту мен тәрбиенің әдістеріне байланысты.
3. Әскери оқу орындарында кандидаттарды іріктеудегі АӘД оқытушысының рөлі. Дербес, ересек өмірге енердің алдында әр бозбаланың алдында қандай мамандықты таңдау керектігі жөнінде мәселе тұрады. Өз тілегі мен қабілеттерін айқын сезінген кейбіреулері колледж, кейбіреулері жоғары оқу орындарының есігін ашады, кейбіреулері мектептен кейін бірден зауыт пен фабрикаларға жұмысқа кетеді, кейбіреулері шаруа қожалықтарының жұмысына тартылады. Жас адамдардың арасында өз өмірін әскери қызметке арнағысы келетіндер де аз емес.
Жыл сайын мыңдаған сарбаздар мен сержанттар, матростар мен старшиналар, мектеп пен колледж түлектері офицер мамандығын таңдап, жоғарғы әскери оқу орындарына оқуға түседі. Осы бозбалалардың көбі үшін алғашқы емтихандар маңызды сынақ, мектеп бағдарламасын терең және жан-жақты меңгерген және әскери оқу орыны туралы түсінігі бар бозбалалар емтихандарды табысты тапсырады.
Офицер – саяси қызметкер. Бұл мамандықты таңдаған адамдар әрдайым адамдардың көзіне тез түседі. Бүгінгі күні флот пен әскерге жоғарғы жауапкершілік сезімі, дербес іскерлік бастамашылығы бар адамдар керек. Әскерді нығайтуға барлық жеке құрам, әр әскери қызметкердің қатысуын уақыт талап етеді. Ол идеологиялық, саяси-тәрбие жұмысты ұйымдастыруды шығармашылықпен жаңартуды міндеттейді. Қазіргі заман жағдайында бұлар офицерлердің рөлі мен жауапкершілігін арттырады.
Жоғарғы әскери оқу орындарында жоғары білікті офицерлік кадрлар, жақсы әскери мектептен өткен, бай кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар оқытушылар мен мамандар қызмет етеді.
Барлық әскери оқу орындарында оқу-материалдық база қалыптасқан, курсанттар, оқытушы офицерлер заман талабына сай аудиториялар мен сыныптарды қолданады, кабинеттер түрлі техникалық құралдармен және жетілдірілген жабдықтармен жасақталған. Болашақ офицерлер қазіргі кездің техникасын және қаруды қолдануды үйренеді. Әскери оқу орындарында әскери оқудың жетекші принциптері өмірге енгізілген: «әскерге соғыста не керек, соған үйрету керек». Оқу-тәрбие үдерісі қазіргі шайқас талаптарына неғұрлым жақындатылған. Ол курсанттардың бойында саналылықты, жоғары моралдық әскери қабілеттерді, батырлық пен ержүректілікті тәрбиелеуге, оларда әскери шеберліктің, төзімділік дағдыларын, бейбіт кезде әскери дайындық міндеттерін шешу кезінде, соғыс жағдайында жеке құраммен идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізуге бағытталған.
Сыныптарда және зертханаларда, полигондарда және атыс орындарында, тренажерлерде және спорт алаңдарында оқу кезінде және демалыс уақытында болашақ офицерлер өз мамандықтары бойынша мақсатты және үздіксіз әскери істі меңгеруі тиіс. Курсант еңбегі оңай емес, қиыншылық пен кедергіге қарамастан, алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылған ғана өз еңбегінің жемісін көреді.
Кешегі мектеп оқушылары жас жауынгерлер көз алдымызда шыңдалады, жасқаншақ бозбала нағыз кәсіби шыныққан ерлерге айналады, оларға флот пен әскердің тағдырын және оны қорғауды сеніп тапсыруға болады.
Жоғарғы әскери оқу орындарының түлектері – іскер және жігерлі офицерлер, жеке құрамның беделді басшылары, біздің қарулы күштерді қайта құрудың сенімді күрескерлері.
Сондықтан мектептегі АӘД оқытушылары жоғарғы әскери оқу орындарына түсу үшін оқушыларды іріктеуде ерекше көңіл бөлуі тиіс. Бұл жұмыстарды қалалық және облыстық білім бөлімдері жүргізеді.