10. Қарым-қатынас – педагогикалық іс-əрекеттің негізі.
Қарым-қатынас мəселесін Б.Д. Парыгин, И.С. Кон, А.А.Леонтьев, Б.Ф.Прошнев, Г.М. Андреева, В.С. Мухина, Я.Л. Коломинский, М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина, М.С. Каган, Г.А. Балл, В.Н. Брановицски, А.М. Довгиалло, Б.Ф.Ломов, М.И. Лисина, К.Обуховский, К.А. Абульханова-Славская, Х.Т.Шерьязданова, А.Р. Ерментаева, С. Елеусізова т.б. ғалымдар қарастырған. А.Н. Леонтьев іс-əрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-əрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н. Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-əрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, біздің созге негізі болады, Қарым-қатынас – педагогикалық үрдістегі өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейтесті мәселелердің құрамдас бөлшегі. Қазіргі кезде ащы да болса кездесетін шындық – кейбір педагогтардың бойынан жат қылықтарды жиі ұшырастырып қаламыз. Ондай олқылықтар мінез-құлыққа еніп, педагогтардың кәсіптік психопедагогикалық қарым-қатынасты меңгере алмауына жағдай туғызады.Қарым-қатынас — білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттың дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы. Мемлекетімізде санасы сау, көзі ашық, көкірегі ояу, тәрбиелі маман даярлау үшін педагогтар қарым-қатынас барысында әрбір білімгердің ішкі жан дүниесіне біртіндеп еніп, мінез-құлқын, мәдениетін, өмірге деген көзқарасын тәрбиелей білу керек.
Тәрбиеленушілермен қарым-қатынас жасай отырып, педагог оның жеке және тұлғалық ерекшеліктерін анықтайды; құндылық бағдары, тұлғааралық қарым-қатынасы және іс-әрекеті туралы ақпарат алады. Қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленушінің біріккен әрекетін реттейді, өзара әсерін қамтамасыз етеді, педагогикалық процестің тиімді етуіне септігін тигізед, Педагогикалық қарым-қатынас-бұл мұғалімнің сабақтары кезінде немесе сабақтан тыс уақытта қолайлы психологиялық климат құру және дәл осы мамандық байланыстырушы буын болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынастың дұрысностьстігі-сенімділіктің, сенімсіздіктің, әлсіздіктің, естудің, назардың болмауы. ойлана отырып, мен ептіліктің жойылуын көрсетемін. Адамның асыл қасиеттерінің жиынтығын мұғалім алдымен оны жарыққа шығаруға тырыспай, баламен қарым-қатынаста оларды асыра сілтемей, қоғам, болашақ алдында жауапты істі орындамай-ақ таба алмайды. Бүгінгі таңда мұғалімнің басты мақсаты-балаға өзінің адамгершілік құндылықтарын сіңіру, оның руханиятын ашу, ондағы әр баланы тұлға ретінде жетілдіру үшін бар құндылықтарды дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |