9. Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық бағытылығы


Үздіксіз білім беру – педагогтың кəсіби қажетілігінің факторы



бет6/7
Дата20.12.2023
өлшемі133 Kb.
#141199
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9-16 бпп


15. Үздіксіз білім беру – педагогтың кəсіби қажетілігінің факторы.

Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.
Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияны да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді. Педагог:
Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол – ақпаратшы.
Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол – жолдас.
Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, онда ол – диктатор.Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол – сұраушы.Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол – шабыттандырушы.Бұл позициялардың әрқайсысы тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты
жағымды және жағымсыз әсер беруі мүмкін.
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет