Педагогикалық кәсіби мәдениет– мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері: 1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалім: - ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу тиіс;
- мамандықты және пәнін жақсы білуі керек;
- мұғалімнің өзінің сенетіндегін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергияның болуы қажет.
«Педагогикалық мәдениет» түсінігі бұрыннан педагогикалық іс-әрекет практикасына енгізілген, ал оны теориялық зерттеу енді ғана қолға алынды. Педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін талдауға, педагогикалық қабілетті зерттеуге, мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты бұл проблема С.И.Архангельский, А.В.Барабанщиков, Е.В.Бондарева, З.Ф.Исарева, Н.В.Кузьмина т.б. еңбектерінен көрінеді. Философияда, әлеуметтануда, педагогика мен психологияда мәдени бағыттылықты зерттеумен байланысты, педагогикалық мәдениеттің кейбір жақтары талданды: мұғалім жеке тұлғасының әдіснамалық, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативті, технологиялық, рухани, дене мәдениеті. Бұл зерттеулерде педагогикалық мәдениет педагогикалық іс-әрекет жүйесінде көрінетін мұғалімнің жалпы мәдениетінің маңызды бөлімі. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті қоғамдық құбылыс ретінде педагогикалық мәдениеттің бөлімі болып табылады. Педагогикалық мәдениеттің таратушылары, олар кәсіби немесе кәсіби емес деңгейде педагогикалық практикамен айналысатын адамдар. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті таратушылар, олар педагогикалық әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты, жеке тұлғаны құрастыратын педагогикалық еңбек арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек: 1.Кәсіби-педагогикалық мәдениет - әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы.
2.Кәсіби-педагогикалық мәдениет–ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру.
3.Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет.
4.Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.