9. Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық бағытылығы


Педагогикалық этика жəне мұғалім əдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі



бет3/7
Дата20.12.2023
өлшемі133 Kb.
#141199
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9-16 бпп

11. Педагогикалық этика жəне мұғалім əдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі.
ЭТИКА- әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым. Педагогикалық әдеп этика ғылымының бөлігі болып табылады. Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдепке оқушылар жүрегіне педагогикалық жол табу деген анықтама беруге болады. Оны оқушылардың сыртынан бақылау жүргізу деп те атауға болады, өйткені педагогикалық әдептің өзі, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, - түптеп келген психологиялық әдеп.
Педагогикалық әдепке анықтама беру үш түрлі көзқарасқа негізделеді.
1)оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілігін сіңіру;
2)мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі;
3)мұғалім шеберлігінің бір бөлігі;
Педагогикалық үдерістің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады
Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе. И.П. Подласыйдың пікірінше, педагогикалық
үдеріс — әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» — мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады.

Оның барлық құрамаларының бір мақстақа бағынатынын айқындайтын тұтастық,


ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары, Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз;
Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. ҰСТАЗ деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет.

12.Педагогтың жалпы жəне кəсіби мəдениеті.
Жалпы мәдениеті – адамдардың іс-әрекетінің моральдық, сапалық жиынтығы.
Педагогикалық мәдениет- жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда рухани және материялдық құндылықтар, адамзаттың шығармашылық педагогикалық әрекетінің тәсілдері сақталған
Педагогикалық мәдениеттің негізгі құндылықтары- бала тұлғасы, жеке тұлғаның дамуы,бала тәрбиесі, баланың әлеуметтік қорғалуы, баланың құқығы мен абыройын қолдау.
Педагогикалық мәдениет компанеттері:

  • Педагогикалық ізгілікті көзқарас;

  • Педагогтың тұлғалық қасиеттері;

  • Мұғалімнің теориялық білімі мен шығармашылық ойлауы;

  • Кәсіби іс-әрекет мәдениеті

  • Шығармашылық әрекет тәжірибесі

Мұғалімге қойылатын талаптар- жауапкершілік жүктелген үлкен міндет, аса педагогикалық шеберлік, өте нәзік псхихологиялық қабілеттілікті талап етеді.

  1. Адам жайында оның жетік тұлға ретінде тани білуі

  2. Ақпаратты жинақтау өңдеу

  3. Педагогикалық қызметті басқару мәлелесін шешу

  4. Табиғат,қоғам және сана басым заңдылықтарн білу

Сонымен қатар қазіргі мұғалімдер бойында гуманисттік бағыттағы жалпы құндылықтарға сүйену кәсіби қабілеттілік щығармашылқ қабілеттерді, психикалық дайындығы мен әдістемелерді білу белгіленеді.
А.Байтұрсынов 1914ж «Қазақ» газетінде «Мектеп керегі» мақаласын да «ең әуелі мектепке керегі -білімді ,педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» Екіншіден оқыту ісіне керек құралдар қолайлы Һәм сайлы болу . Құралсыз іс істелмиді, һәм құралдар қандай болса істеген ісі де сондай болмақ.Үшіншіден мектепке керегі белгіленген бағдарлама
Ал М. Левитанның айтуы бойынша

  • Өз пәнін жоғары деңгейде білу

  • Білімін оқушыларға жеткізе білу

  • Талап қойғыштық пен педагогикалық әдеп

  • Мамандығына деген сүйіспеншілік

  • Шыдамдылық пен әдептілік

  • Өзін -өзі жетілдіру, ұмтылыс ,ұстаным ,еңбексүйгіш

  • Адал ниеттілік, сезімталдық

  • Оқушыларының болашағына сену



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет