Ақыл –ойдың диагностикалық шегі
1. Жеке тұлға және интеллект жөнінде ең алғаш рет ой-пікірді Альфред Бине ұсынған. Оның пікірі бойынша интеллект қандай да бір болмасын қабілеттер жиынтығы. Осыған байланысты өз тұжырымын ұсынған Спирмен болып табылады. Барлық адамдар, яғни жеке тұлға нақты міндеттерді шешуде ерекше қабілеттерге ие. Спирмен кез-келген интеллектуалдық әрекеттің табыстылығы жалпы қабілет, жалпы факт орға байланысты деп түсіндіреді. Осылайша ол екі факторды көрсетті.
1) Генералды фактор 2) Ерекше қабілеттер көрсеткіші
Қазіргі уақытта интеллектінің жоғарыда айтылған 1-факторын диагностикалауда Айзенктің интеллект тестісі, Кеттелдің тесттері қолданылады. Кейін Терстоун жалпы интеллектінің түрлі жақтарын зерттеп, оларды алғашқы ақыл-ой потенциалдары деп атады.
Тесттер жалпы мазмұны бойынша бірнеше топтарға бөлінеді: Интеллект тесттер, қабілет тестттері, жетістікке жету және жеке тұлғалық тесттер.
Интеллект тесттер адамның ақыл-ойының интеллектуалдық дамуының деңгейін зерттеуде қолданылады. Ең алдымен барлық психикалық процестер немесе функциялар (ойлау, ес, қиял, т.б.) көрінеді. Психодиагностикада ақыл-ой дамуының тұрақты көрсеткішінің жеткілікті және негізгі сапасы интеллект коэффициенті түсінігімен тиімді енгізілген.
1. Интеллектіге тұқымқуалаушылықтың әсері туралы қорытынды жасауда 3 түрлі зерттеу жағдайларынан өтеді.
1. Өз балалары мен асырап алған балалардың интеллектуалдық деңгейінің ата-аналардың интеллектулдық даму деңгейімен байланысын анықтау.
2.Монозиготалы (М3) дәне дизиготалы(Д3) егіздердің генетикалық ұқсастықтарын интеллектуалдық көрсеткіштері бойынша анықтау.
3. Әр түрлі жанұяда тәрбиеленіп жатқан монозиготалы егіздерді зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |