9 соөЖ, СӨЖ. Қазіргі психодиагностикадағы тұлғаны тексерудің жағдайы


Психодиагностиканың дамуын кезеңге бөліп түрлерін атау



бет9/12
Дата06.01.2022
өлшемі51,93 Kb.
#14803
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
9 СОӨЖ , СӨЖ барлық тақырыптары

Психодиагностиканың дамуын кезеңге бөліп түрлерін атау
Психодиагностиканың ғылым ретінде дамуының алғышарттары адамдар арасындағы жеке ерекшеліктерді түсінуді қарастырғаннан бастап дамыды. Ерте заманнан бастап-ақ адамдар көптеген жеке ерекшеліктердің көрінуін сипаттау үшін белгілі бір жүйе құрған. Антикалық кезеңнен біздің заманымызға дейін жеткен Теофрастың «Мінез» атты еңбегі адамның жеке ерекшеліктері туралы көптеген мәлімет береді. «Сараң», «өтірікші», «мақтаншақ» сияқты типтерді бөліп көрсеткен. Мұндай типология диагностикалық қызметті атқарады.

Ерте заманнан қарастырылып келген әртүрлі типологиялар ғылыми психодиагностиканың дамуына өз үлесін қосты: Гиппократ – Гален енгізген темперамент типтері, Канттың темпераментті психикалық қасиеттерден бөліп көрсетуі және қазіргі типологиялар – Павловтың, Кречмердің, Шелдонның темпераментті бөлуі диагностикаға жаңа өзгешеліктер алып келді. Ежелгі Грецияда әйгілі философ және математик Пифагор өзінің мектебіне тек белгілі бір күрделі тексерістерден өткен адамдарды ғана жіберген. Ол адамның күлкісі мен жүрісіне үлкен көңіл аударған, осылар адамның мінез-құлқын бейнелейді деген. Пифагорда оқығысы келген адамдар әртүрлі кездейсоқ, экстремалды ситуацияларға кездесіп отырған. Ең алғаш испан ғалымы Хуан Хуарт 1575 ж. тестке жақын өлшеу құралын пайдаланып, ақыл-ойды, есті және қиялды өлшеген.

Анна Анастазидің мәліметтері бойынша, XIX ғасырда ақыл-ойдың артта қалушылығын өлшеу бойынша зерттеулер психологиялық тестілеудің қалыптасуына өз үлесін қосты.

Ғылыми психодиагностиканың қалыптасуы біріншіден психология ғылымына эксперименттің, яғни өлшеу идеясының пайда болуымен байланысты. Неміс зерттеушісі Вольфтің анықтауынша, біз зейін көлемін өлшеп, көңіл-күйімізді зерттей аламыз. Вольф психометрия ұғымын енгізді. Э.Вебер мен Г.Фехнердің психофизика бойынша жұмыстарынан бастап психикалық құбылыстарды өлшеу идеясы жүзеге асырыла бастады (ХІХ ғ.), сол уақыттағы эксперименталдық психологиядағы зерттеудің маңызды бағыттарын анықтады.

Жеке ерекшеліктерді ғылыми зерттеудің негізін салған ағылшын ғалымы Френсис Гальтон, ерекшеліктерді өлшеудің негізгі құралы - тестті жасаған.

Ф.Гальтонның негізгі мақсаты – адамның қабілеттерін өлшеу. Бұл ғалымды қызықтырған негізгі проблема – қабілеттердің тұқымқуалаушылығы. Адамдарды сұрыптау үшін қабілеттерін өлшеу әдісін құруға тырысты: «Психометрия арқылы ақыл-ой операцияларын сандық өлшеу жүзеге асуы керек, бұл өлшемдер әртүрлі адамдардың реакцияларының уақытын анықтайды»

Өзінің байқауларына сүйене отырып және Дж.Локктың философиялық ілімдерін негізге ала отырып Ф.Гальтон сенсорлық тану көмегімен адамның ақыл-ойын бағалауға болады деді. 1883ж. өзінің ақыл-ойды өлшеу идеясын нақтылады: «Сыртқы жағдайлар туралы біздің қабылдайтын ақпараттарымыздың барлығы сезім мүшелері каналдарымыз арқылы түседі; егер адам сезім мүшелері арқылы нәзік айырмашылықтарды да сезіне алса, онда оның интеллектуалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мен пікірлердің қалыптасуы үшін мүмкіндіктері молаяды». Гальтон реакциялардың уақытын, сезімталдық табалдырығын анықтаудың эксперименталдық-психологиялық тәсілдерін одан әрі жетілдірді. Ол 1888 жылы корреляция коэффициентін анықтау әдісін ұсынды. Ф.Гальтон интеллект тесттерін бірінші құрушысы бола отырып, сонымен қатар жеке тұлғалық ерекшеліктер тестін де алғаш құрастырды. 1884 жылы «Мінезді өлшеу» атты мақаласын басып шығарды. Гальтонның идеясын жалғастырушы және жеке ерекшеліктерді өлшеу әдістерін ұсынушы американдық ғалым Джеймс Мак-Кин Кеттелл. В.Вундтің ассистенті ретінде жұмыс жасады. Оның 1890 жылы «Ақыл-ой тесттері және өлшеу» еңбегі жарық көрді. Кеттеллдің ойынша, тесттер мен статистикалық талдау – жаңа психология дамуының негізгі кепілі және ол нақты білімге негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет