9 соөЖ, СӨЖ. Қазіргі психодиагностикадағы тұлғаны тексерудің жағдайы


Топтың ауа – райының тексеру жолының психологиясы



бет8/12
Дата06.01.2022
өлшемі51,93 Kb.
#14803
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Топтың ауа – райының тексеру жолының психологиясы
Тұлғааралық қарым-қатынас сферасының қамтитын саласы көп. Қазіргі кезде психологияда тұлғааралық қарым-қатынасты зерттейтін нақты әдістемелік тәсілдер көптеп кездеседі. Мұндай әдістемелерді жүйелеу әртүрлі негіздерге байланысты:

  1. объектілерге объектілерге негізделеді (топтар арасындағы, топішілік қарым-қатынасты диагностикалау)

  2. зерттеу арқылы шешілетін міндеттерге негізделеді (топтық ынтымақтастық пен бірлікті анықтау т.б.)

  3. қолданылатын әдістемелердің құрылымдық ерекшеліктеріне негізделеді (сауалнамалар, проективті әдістемелер, социометрия т.б.)

  4. тұлғааралық қарым-қатынасты диагностикалаудың бастапқы нүктесіне негізделеді (субъективті қалаулар әдістемесі, қарым-қатынасқа қатысушылардың жеке тұлғалы сипаттарын анықтау әдістемелері, тұлғааралық қарым-қатынастардың субъективті бейнеленуін зерттеу әдістемелері т.б.)

Субъективті қалауларға негізделген тұлғааралық қарым-қатынастарды диагностикалау. Бұл топтың әдістемесі - социометриялық тест. Дж. Морено негізін қалаған. Бұл әдістеменің мәні - белгілі бір сфера бойынша (мысалы, жұмыс, демалу т.б.) топ мүшелерінің субъективті тұлғааралық қалауларын анықтау. Топ мүшелерінің таңдаған адамдарының санына сәйкес индивидтің жеке социометриялы мәртебесі (көшбасшы, шеттетілген, оқшауланған), тұлғааралық қарым-қатынас құрылымы топтың ынтымақтастығы т.б. анықталады.

Тұлғаарлалық қарым-қатынасты жанама бағалау әдістемелері. Бұл әдістемеде тұлғааралық қарым-қатынастарды соның негізінде адамның вербальды емес мінез-құлқы мен паралингвистикалық параметрлеріне эмоционалдық қарым-қатынастың әсері әлеуметтік психологияның заңдылықтарына сәйкес зерттейді. Зерттеу тәсілдерін 3 категорияға бөлуге болады:

А) Ақиқатты ситуацияларды бақылау әдістемелері, бұлар тұлғааралық қарым-қатынас туралы жеткілікті ақпарат береді. Адамдардың немесе топтың проксемикалық мінез-құлқы мен бір-бірімен қарым-қатынастығы дистанциясы сырттай бақылау арқылы анықталады. Зерттеуші жазып алып отырады немесе видеоға түсіріп алады.

Б) Ақиқат ситуацияларды символикалық модельдеу әдістемелері, мұнда зерттелушіге әртүрлі қашықтықтағы орналасқан столдар мен оындықтардың суреттері беріледі. Зерттелушіден қай стол мен орындықта қолайлы сезінетіндігін сұрайды.

В) Проективті әдістемелері.петерсонның әдістемесі жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге арналған. Бұған комнатаның моделі, жанұя мүшелерінің ойыншық фигуралары кіреді. Бала «жанұя» ойынын ойнап отырып және жанұя мүшелерін орналастыра оырып, оңай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Тұлғааралық қарым-қатынасқа әсер ететін жеке-тұлғалық қасиеттерді

диагностикалау. Қарым-қатвынас процесіне әсер ететін жеке тұлғалық қасиеттерді

анықтау өте маңызды. Мұндай қасиеттерді өлшеу үшін тесттер мен шкалалар

құрылды. Олар мынадай қасиеттерді зерттейді:көшбасшылық стилі, беделділік,

сәйкес келушілік, үйренушілік, тұлғалық құндылықтар. Жеке тұлғалық қасиеттерді

зерттеуге арнайы мынадай тесттер қолданылады. Тұлғаны зерттеудің

Калифорниялық психологиялық сауалнамасы (СРІ). 60 жылдары американдық

психолог Дж. Гоух ММРІ принципі бойынша жасады. Бұл сауалнаманың мақсаты –

адамдардың белгілі бір ситуацияда не істейтіндігін және айтатындығын, өзі туралы

басқа адамдардың не ойлайтындығын анықтау. ММРІ-мен салыстырғанда СРІ сау

адамдар үшін арналған және тұлғаның патологиялық емес, әлеуметтік психологиялық

сипаттарын анықтайды. Сауалнама 480 сұрақтан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет