9-тақырып. Нарық және оның заңының жұмыс істеуі. Бәсекелестік және Монополия



бет10/16
Дата06.01.2022
өлшемі29,36 Kb.
#16216
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
1. Монополиялық сипаттары бойынша: - кемімелі сұраныс қисығы; - бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.

2. Бәсекелестік сипаттары бойынша:

- нарықты басқа ұсақ фирмалардың көпшілігімен бөлісу;

- іс-әрекеттері басқа фирмаларға тәуелді емес;

- өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.

Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша шығындар осы салаға жаңа фирмалардың кіруіне кедергі болуы мүмкін. Монополистік бәсеке нарығының монополия сияқты қоғам үшін экономикалық тиімсіздікке алып келетін әлеуметтік-экономикалық салдарлары бар. Біріншіден, тауарлар өндірісі үшін ресурстар толық қолданыла алмайды, яғни жоғарыда атап өткеніміздей, артық өндіріс қуаты пайда болады. Екіншіден, тұтынушылар тауарларды төменгі бағамен сатып ала алмайды, яғни оларға қажетті тауарлар тиісті деңгейінде өндірілмейді. Үшіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға үнемі ерекшелік беріп жетілдіріп отыру қажет. Төртіншіден, тауарға тұтынушылық сұранысты бейімдеу үшін сол тауарға жарнама жасап отыруды қажет етеді.

3. Олигополия – шешім қабылдау кезінде өздерінің бәсекелестерінің мүмкін болатын іс-қимылдарын есепке алатын, бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста әрекет ететін фирмалардың саны шектеулі және санаулы болып табылатын жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның бір типі. Олигополия нарығы моделінің түрлері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет