9-тақырып. Нарық және оның заңының жұмыс істеуі. Бәсекелестік және Монополия


Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары



бет8/16
Дата06.01.2022
өлшемі29,36 Kb.
#16216
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:

1. Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы.

2. Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің болуы.

Монополиялық билік – бұл фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті. Таза монополия шын (толық) монополиялық билікке ие бола алады. Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте салыстырмалы болады. Монополиялық биліктің қажетті алғышарты – фирма тауарының сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болуы керек.

Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:

1. Лернер индексі (IL) – монополиялық биліктің сандық мәнін анықтайтын негізгі көрсеткіш. Кезінде 1934 жылы ағылшын экономисі Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің атымен аталады.

Ол мына формуламен анықталады: IL = (Pm – MC) / Pm = 1 / Ed P ,

мұндағы, Pm – монополиялық баға,

МС – шекті шығын,

Ed P – сұраныстың бағалық икемділігі.

Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға шекті шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығында (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды.

2. Херфиндаль-Хиршман индексі (IHH) – нарықтағы фирмалардың шоғырлану (концентрация) деңгейін анықтайтын және нарықтың барлық қатысушылары арасында нарықтық билікті бөлуді сипаттайтын көрсеткіш. Индексті есептеу үшін әрбір фирманың нарықтағы жеке үлестері бөлшек ретінде шаршының алынуы керек және мына формауламен анықталып, осы шаршылардың қосындысы арқылы алынады:

IHH = S2 1 + S2 2 + . . . + S2 n ,

мұндағы, IHH – шоғырлану (концентрация) көрсеткіші,

S2 1 – ең ірі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы,

S2 2 – көлемі бойынша келесі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы,

S2 n – ең кіші фирманың үлес салмағы.

IHH -дің ең жоғарғы шамасы – 10000, яғни оның мәні салада тек бір фирма болғанда 10000-ға тең болады, өйткені S2 1 – 100%. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S2 1 = 1%-ке, ал IHH 100-ге тең болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет