90.Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы. Ф. И. Голощекиннің кіші қазан саясаты


-1940 жылдардағы халықтардың Қазақстанға депортациясы.Алғыс айту күні



бет4/21
Дата26.12.2023
өлшемі74,92 Kb.
#143989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
тарих 90-116

95.1930-1940 жылдардағы халықтардың Қазақстанға депортациясы.Алғыс айту күні. Кеңес үкіметі жылдарында жекеленген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар – сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.Депортация – лат. «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тілінен енген сөздігінде қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу.1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру – сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920-1949 ж. аралығында 3,2 млн адамға жетті. Жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:Этностық белгілері бойынша (жазаланған халықтар, шекараларды тазалау, сенімсіз халықтар)Әлеуметтік-таптық белгілері бойынша (1934 ж. дейінгі кулактарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер деп атайды.Саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 ж. көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 ж. бастап арнайы қоныс аударылғандар деген атау қолданылды.Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орал, және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды.1930 жылдардың ортасында жаппай қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси қудалауға жол ашып берді. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облысы, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды.Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазакстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. 1938 жылдың көктемінде 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысына – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанға көшірілді.Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді.1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.
2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деді Президент. Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет