30.Нәруыздар. Нәруыздардың жіктелуі,қызметі, қасиеттері Нəруыздар (протеиндер, поли-пептидтер) –амин қышқылдарынан тұратын жоғарымолекулалық органикалық қосылыстар. Нәруыз синтезі кезінде көп жағдайда 20 стандарттық амин қышқылдары қолданылады. Нəруыздардың жіктелуі: молекулаларының пішіні бойынша (глобулярлы және фибриллярлы) молекулалық массасы бойынша (төменмолекулалық, жоғарымолекулалық және т.б.) химиялық құрамы бойынша (нәруыз емес бөлігінің болуы немесе болмауы) атқаратын қызметі бойынша (транспорттық, қорғаныштық және т.б.) жасушада орналасуы бойынша (ядролық, цитоплазмалық, лизосомалық және т.б.) Глобулярлық нәруыздардың құрылымы тығыз болады (миоглобин және гемоглобиндер) Фибриллярлы (құрылымы керілген жіпше тәрізді болады), оларға коллаген (беріктік), эластин (резинатәрізді қасиет) және кератин) жатады
Амин қышқылдары нәруыздардың құрылымдық бірлігі болып табылады. Нәруыз молекулаларының ерекшелігі амин қышқылдарының бірізділігімен анықталады. Амин қышқылдарының жалпы құрылымдық ерекшелігі - амин- және карбоксил топтарының болуында
31.Нәруыздардың кеңістіктегі ұйымдасудеңгейлері. Бірінші реттік құрылым амин қышқылдары қалдықтарының бірізділігі. Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы үлкенді-кішілі полипептид тізбегін пайда етеді.
Екінші реттік құрылым нәруыздың кеңістіктік ұйымдастырылу деңгейі төмен.
• α- ширатпа пептидтік тізбегін қаңқасы ширатылып, амин қышқылдарының радикалдары сыртқа қарай бағытталған болады.
• βқұрылым пептидтік тізбектігінің қаңқасы зигзаг тәрізді конфигурация түзеді.
Үшінші реттік құрылым - нәруыздық глобуланың түзілуі. Амин қышқылдары радикалдарының арасындағы байланыстар :
-дисульфидті
-ионды
-сутектік
-гидрофобты
Төртінші реттік құрылым бірнеше суббірліктен тұрады. Суббірліктердің байланысуы үшінші реттік құрылым түзілгеннен кейін ғана жүзеге асуы мүмкін.
Нəруыздардың қасиеттері. Денатурация – нәруыз молекуласының табиғи құрылымының өзгеруі.
Денатурация факторлары: сусыздану, рН ортаның өзгеруі,температура, сәулелену, атмосфералық қысымның өзгеруі, ауыр металл тұздарының әсері, органикалық еріткіштердің әсері.
Ренатурация – нәруыз құрылымының қалпына келуі, бұл молекуланың бірінші реттік құрылымы бұзылмаған кезде және ортаның қалыпты жағдайы қалпына келген кезде жүзеге асады.
Лигандалар – нәруыз құрылымына әсер етеді: үшіншілік құрылымды өзгертеді және тұрақтандырады. Глобулаларды қосады, нәруыз суббірліктерінің қозғалғыштығын қамтмасыз етеді.
Шаперондар – жаңадан түзілген нәруыздардың дұрыс фолдингін қамтамасыз етеді, рефолдингті бақылап отырады, нәруыздардың жасушаішілік тасымалдануына қатысады.