27.аРНҚ-ның посттранскрипциялықмодификациясы. Процессинг. Сплайсинг. аРНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы. РНҚ-ның посттранскрипциялық модификациясы, басқаша процессинг немесе РНҚ-ның жетілуі - эукариот жасушаларындағы үдерістердің жиынтығы, яғни біріншілік транскрипттағы жетілген РНҚ-ның пісіп жетілуі. Транскрипция нәтижесінде пре-аРНҚ («жетілмеген» аРНҚ) түзіледі. ДНҚ молекуласындағы эукариот гендердің құрамында нуклеотидтердің кодталмайтын учаскесі бар, сондықтан пре-аРНҚ құрамында осы кодталмайтын учаске болады, оны интрондар деп атайды. Кодталатын учаске экзондар деп аталады. Процессинг құрамына кіретін үдерістер: 1. Сплайсинг 2. Нуклеотидтердің модификациясы. Сплайсинг екі кезеңнен тұрады: интронды кесу және экзонды тігу. Интрондар рестриктаза ферменттер көмегімен, ал экзондар лигазалар көмегімен тігіледі. Жетілген РНҚ молекулалары құрылымдық гендеріне қарағанда кішірек. Гендердегі интрондар саны 1-ден 50-ге дейін
Эукариот гендері ұсақ бөлшектерге бөлінген: кодтаушы тізбектер –
экспрессиялаушы тізбектер немесе экзондар, - ұзындау тізбектер қосындылар немесе интрондар арқылы үзілген бөлшектер .
РНҚ-ға экзонның да және интронның да тізбектері транскрипцияланады.
Интрон тізбектері РНҚ-ның сплайсинг немесе тұтасу процесі кезінде жаңа
синтезделген РНҚ-дан жойылып кетеді.
Сплайсингтің әр кезінде трансэтерификация реакциясы деп аталатын
фосфорлы топтың тізбектелген екі тасымалдану реакциясы арқылы өтіп бір
интрон жойылып отырады; интронның жойылуы кезінде екі экзон онымен
«арқан» түрінде байланысады.
Пре-мРНҚ-ның бірігуін катализдейтін кешен күрделі болып келеді: ол 5
қосымша РНҚ молекуласынан және 200-ден кем емес белоктан тұрады
және бір сплайсинг кезінде көптеген АТФ молекуласын гидролиздейді.
Сплайсингтік кешен РНҚ-ізашарлары молекуласының үш бөлігін таниды:
сплайсингтің 5‘-сайтын, сплайсинтің 3‘сайтын және кесілген арқанның негізін
қалыптастыратын интрон тізбегіндегі тармақталу нүктесін.
Әрбір участок нуклеотидтің консенсустық тізбегінен тұрады, олар интроннан
интронға дейін ұқсас болып қалады және сплайсинг болып жатқан участогты
белгілеу үшін жасушаны белгімен бөліп қояды.
РНҚ сплайсингінің негізгі сатыларын белоктар емес РНҚ молекулалары атқарады. Маманданған РНҚ молекулалары қай жерде сплайсинг жүру керек екендігін анықтайтын
нуклеотидтік тізбекті таниды, сонымен қатар сплайсингтің химиялық процестеріне қатынасады.
Сплайсинг реакциясының басталуы кезінде сплайсингтің 5 ‘ – шекарасын тану, тармақталу нүктесінің участогын тану және сплайсингтің 3 ‘ –шекарасын тану пре-мРНҚ субстратындағы консенсустық тізбек пен snРНК молекуласы арасындағы негіздің
жұптасуының есебінен жүреді.
Сплайсинг реакциясының басталуы кезінде сплайсома бірнеше қозғалысқа ұшырайды, ол кезде негіздің комплементарлы байланысының бір жинағы ажырайды, ал басқасы оның орнында түзіледі. Мысалы, сплайсингтің 5 ‘-шекарасында U1-ден U6-ға
ауысады.
Бұндай РНҚ-РНҚ қатарын түзу сплайсинг реакциясының басында бірнеше рет жүреді. Бұл химиялық реакция басталмағанға дейін РНҚ тізбегін тексеруді және тағы тексеруді қамтамасыз етеді және осылай сплайсингтің нақтылығы арта түседі.
екі танымал классы