91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


 Генетикалық код, құрылысы және оныңқасиеттері



бет25/74
Дата22.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#102968
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74
28. Генетикалық код, құрылысы және оныңқасиеттері.
Генетикалық код – бұл нәруыздағы амин қышқылдарының орналасу реттілігі туралы ақпаратты жазу жүйесі, ол құрамында 4 азоттық негіздің біреуі болатын нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтік қалдықтардың орналасу реттілігі арқылы жүзеге асырылады. Жалпы 64 кодон болады, олардың 61-і мағыналы және 3 - мағынасыз (терминацияланған, stop-кодондар, бұл УАА, УАГ және УГА триплеттері). Генетикалық кодтың қасиеттері Триплеттілігі - әрбір амин қышқылына аРНҚ-ның үш нуклеотидінің сәйкес келуі – кодон деп аталады. Үздіксіздігі (нуклеотидтердіңарасында бөліп тұратын белгілері жоқ) –геннің ішінде тыныс белгілері болмайды; Колинеарлық -аРНҚ кодондарының сызықтық реттілігі мен нәруыздағы амин қышқылдарының сәйкес келуі. Арнайылығы - әрбір аминқышқылына белгілі бір кодондар ғана сәйкес келеді, ол басқа амин қышқылдары үшін қолданылмайды. Артықтықтылығы -бір аминқышқылын бірнеше кодон кодтай алады (әрбір амин қышқылына шамамен 3 кодон сәйкес келеді); бұған метионин мен триптофан жатпайды. Əмбебаптығы –генетикалық кодтың жоғарыда айтылған барлық қасиеттері вирустар мен прокариоттардан эукариоттарға дейінгі барлық тірі ағзаларға тән.
29. Нәруыз фолдингі. Шаперондар. Қызметтері.
Жасушада ақуыздың фолдингіне белсене қатысатынарнаулы молекулалар да болады. Осындай ақуыз фолдингіне қатысатын молекулалар жиынтықтарын бірнеше типтерге бөледі. Мысалы, ақуыз фолдингі қарқынын арттыратын молекулалар – фолдинг катализаторлары деп аталса, ақуыз 
пішінін өзгертуге ат салысатындары фолдинг шаперондары делінеді. 
Шаперондар дегеніміз – қосымша белоктар. Шаперондарда – рефолдингті бақылау жүреді. Рефолдинг – қайтадан құрылу деген мағынаны білдіреді. Шаперондар барлық органеллаларда және цитоплазмада табылды
Шаперондардың кейбір сипаттамасы 
1. Көптеген ағзаларда болады: бактериядан адамға дейін
2. Көбісі жылылық шокты ақуыз деп атайды (hsp); 
4. Олар жазылған және оралған ақуыздармен байланысады; ие болады;
6. Әртүрлі клеткалар бөліктерінде: цитозоль, митохондрия, ЭПР қуысында табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет