32. Мутагенез. Мутагендік факторлар, жіктелуі. Мутациялар – бұл генетикалық аппаратта ұйымдасудың барлық гендік, хромосомалық жəне геномдық деңгейінде болатын өзгерістер. Мутациялар кенеттен жəне секірмелі түрде пайда болады.
Генетикалық гомеостаз - генетикалық материалдың тұрақтылығы. Генетикалық гомеостаз организмнің генетикалық жекелігін анықтайды және сол түрдің барлық биологиялық ақпараты болатын гендердің теңгерілген жүйесін ұстап тұруға бағытталған. Генетикалық гомеостаз бұзылысының нәтижесі мутациялар (гендік, хромосомалық, геномдық) болып табылады. Мутагенез – мутациялардың пайда болу процесі.
Мутагенді факторлар:
Физикалық: Иондаушы сәулелердің барлық түрі, УК-сәулелер, фотондар, температуралық, механикалық әсерлер.
Химиялық: Күшті тотықтырғыштар немесе тотықсыздандырғыштар (нитраттар, нитриттер, оттегінің белсенді формалары); пестицидтер; кейбір тамақ қоспалары; мұнай өнімдері; органикалық еріткіштер; дәрілік заттар (цитостатиктер, құрамында сынап болатын заттар, иммунодепрессанттар).
Биологиялық: Вирустар (ретровирустар), паразиттер токсиндері, зеңдік саңырауқұлақтар
33.Генетикалық гомеостаздың бұзылуы. Мутация. Мутациялардың жіктелуі.Сомалық, генеративті,спонтандық,индукциялық, летальдық, сублетальды, доминантты, рецессивті. Генетикалық гомеостаз - генетикалық материалдың тұрақтылығы. Генетикалық гомеостаз организмнің генетикалық жекелігін анықтайды және сол түрдің барлық биологиялық ақпараты болатын гендердің теңгерілген жүйесін ұстап тұруға бағытталған. Генетикалық гомеостаз бұзылысының нәтижесі мутациялар (гендік, хромосомалық, геномдық) болып табылады. Мутагенез – мутациялардың пайда болу процесі.
34.Жасуша пролиферациясы туралы түсінік және оның медицинадағы маңызы. Жасушалық цикл. Митоздық цикл. Интерфаза. Митоз. Жасушалық цикл- бұл аналық жасушаның бөлінуі нәтижесінде пайда болған жасушаның қайта бөлінуі немесе өлуіне дейінгі тіршілік ету кезеңі. Жасушалық цикл мынадай кезеңдерден тұрады:
а) митотикалық цикл- жасушалардың бөлінуге даярлануы мен оның бөлінуін қамтамасыз ететін заңды түрде және белгілі бір жүйемен жүретін жасушалық, жасуша ішілік құрылымдардың және генетикалық материалдың құрылымдық- функционалдық қайта құрылу процестерінің жиынтығы болып табылады.
ә) жасушаның өзіне тән арнайы қызметін атқару кезеңі;
б) тыныштық кезеңі;
Митотикалық цикл өз алдына мына кезеңдерден тұрады;
а) митоз- М:
ә) постмитотикалық (пресинтетикалық) кезең - G1;
б) синтетикалық кезең- S;
в) постсинтетикалық (премитотикалық) кезең - G2;
Митоз 4 сатыдан тұрады: а) профаза; ә) метафаза; б) анафаза; в)телофаза