6.Кернс – Сейра синдромы. Тұқымқуалау типі. Фенотиптік белгілері. 1958 жылы анықталған. Ұзындығы 2000-10 мың нж тең мтДнқ-сының ірі делециялары негізінде дамиды. Ауру белгілері 4-20 жас аралығындабайқалады.
Алғашқы симптомдары: 1) офтальмоплегия
2)қол-аяқ бұлшықеттерінің әлсізденуі
3)көздің тор қабатының дегенерациясы.
Жүректің зақымдануы, көру нервінің атрофиясы. 10-20 жылдан кейін дүние салады.
7.Прадер-Вилли синдромы. Тұқымқуалау типі. Фенотиптік белгілері. Белсенді хромосома. Ақыл-есінің дамуы. Прадер-Вилли синдромы • Тұқым қуалау типі - геномдық импринтинг.
• Орналасуы – 15-ші хромосома.
• Таралуы – кездесу жиілігі — тірі туылған нәрестелерде 1:12 000-15 000. Көптеген жағдайлар спорадикалық болып табылады, сирек сипатталған жанұялық жағдайларға тән.
• Этиологиясы, патогенезі – себебі 15q1113 хромосома бөлігінің әкелік көшірмесі болмайтын сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру. 15 хромосоманың бұл бөлігінде реттеуіне геномдық импринтинг қатысатын гендер болады. Бір ата-аналық дисомияның пайда болуына анасының жасы әсер етеді (15 хромосоманың трисомиясының немесе моносомиясының бастамасына әсер етеді).Мұндай жағдайлар аналық ажырамаумен түсіндіріледі, бұл кезде жұптың гомологиялық хромосомалары ажырамай, жасушаның бір полюсіне бағытталады.
• Фенотиптік белгілері – егер әкелік болмаса, аналық белсенді болады – ПрадерВилли синдромы.Бассүйектің маңдай бөлігі бүйірлерінен қысылған, бадам тәрізді көз кескіні, езулері түсіңкі, қол-аяқ бастары кішкентай, ақыл-есінің дамуы тежелген, мінез-құлық бұзылыстары, физикалық дамуы тежелген, бойы кішкентай, гипотония, гипогонадизм.
8.Ангельман синдромы. Тұқымқуалау типі. Фенотиптік белгілері. Белсенді хромосома. Ақыл-есінің дамуы. • Тұқым қуалау типі – геномдық импринтинг
• Орналасуы – гендердің 15-хромосомада делециялануы мен инактивациясы. q11-q13 15-ші хромосомалар аймағында.
• Кариотип 46 XX или XY, 15q−.
• Таралуы – 1:10 000
• Этиологиясы, патогенезі - Ангельман синдромы геномдық импринтингтің классикалық мысалы болып табылады. Ауру пайда болуының себептері әкелік дисомия, транслокация немесе осы аймақтағы бір геннің мутациясы.
• Фенотиптік белгілері – 75% жағдайда тамақтану, әсіресе емшек сүтімен тамақтандырудың қиындықтары болады, мұндай нәрестелердің салмақ қиын; • Назар аудару тапшылығы және гипербелсенділік;
• эпилепсия (80% жағдайда), бұзылыстар электроэнцефалографияда да анықталады; • себепсіз жиі күлу;
• Ақыл-есжүргенде аяқтарының иілмеуі – осы ерекшеліктеріне байланысты бұл синдром бар балаларды кейде қуыршақпен салыстырған;
• інің және моторлық дамудың ауыр тежелулері, атаксия, гипотония, себепсіз күлкі ұстамасы, шапалақтау, шүйдесінің жалпақтануымен жүретін микробрахицефалия, төменгі жақсүйегінің үлкен болуы, тілі шығып, аузы ашық тұруы, макростомия, сирек өсетін тістер, гипопигментациялар.