10.Жасуша цитоқаңқасы,құрылысы мен қызметі. • Цитоқаңқа - нәруыз жіпшелерінің эукариотты жасушалардың белгілі бір форманы сақтау қабілетін, сондай-ақ, жасушаның өзінің бағытталған де, жекелеген органеллалардың да және координацияланған қозғалысын қамтамасыз ететін күрделі үш өлшемді торы.
• Цитоқаңқа барлық цитоплазмада анықталатын, шоғырлар түзетін ұзын, жіңішке құрылымдар – микрофиламенттерден тұрады.
• Актин микрофиламенттері - диаметрі 7 нм, жиырылу мен жасушалық қозғалысты Оларды каркастық рөл мен бұлшықеттік қамтамасыз органеллалар жасушаішілік етеді. мен орын гиалоплазма ауыстыруын бөліктерінің ұйымдастыруға қатысадыдеп есептейді.
•Аралық филаменттер - диаметрі 10 нм, шетте және ядромаңылық аймақта орналасады, механикалық және каркастық қызмет атқарады. •Микротүтікшелер - диаметрі 25 нм, жасуша цитоплазмасында, құрылымдық элементтерде (жалған аяқтары мен кірпікшелерде), митотикалық ұршық пен центриольдерде кездеседі.
11)Жалпы қызмет атқаратын жасушаішілік органоидтардың құрылысы және қызметі: эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, митохондрия. ЭПТ-•Ядроның айналасында орналасады, мембраналардан түзіледі, қуыстар мен өзектердің тармақталған торы. • тегіс ЭПТ көміртекті және майлы алмасуға қатысады; •Түйіршікті ЭПТ рибосомалар көмегімен нәруыз синтезін қамтамасыз етеді. Түйіршікті ЭПТ құрылысының ерекшелігі оның мембраналарына полисоманың бекуі. Осының нәтижесінде ол белгілі категориясының, нәруыздардың негізінен жасушадан алынып тасталатын, мысалы, без жасушаларымен секреттелетін нәруыздардың синтезі қызметін атқарады
Гольджи жиынтығы. Мембраналардан, түйіршіктерден және вакуольдерден тұратын күрделі құрылымның кешені. Мұнда ақуыздар мен липидтердің биохимиялық модификациясы, протеинликандарды жинау, өнімдердің жинақталуы және бөлінуі жүзеге асады. Гольджи кешенінде заттардың биохимиялық модификациясы жүзеге асырылады: ақуыздар мен липидтердің гликозилденуі; гликозилдеу және протеогликандарды жинау; манноз 6- фосфатты қосу; заттарды әрі қарай тасымалдау үшін сұрыптау жүзеге асырылады. Гольджи жиынтығында ЭПТда синтезделген заттарды орамдау, сақтау және шығару жүреді.
Лизосома Овалды денешіктер (диаметрі 0,2-0,4 мкм), мембранамен қоршалған, құрамында органикалық заттарды ыдыратуға қабілетті көптеген ферменттер болады. Лизосомалар Гольджи жиынтығының құрылымынан түзіледі. Біріншілік лизосомалар (100 нм) – белсенді емес органеллалар; Екіншілік (біріншіліктен түзілген) – қорыту үдерісі жүретін органеллалар. Онда келесі ферменттер болады (әрқайсында 36 фермент): қышқыл фосфатаза, қышқыл рибонуклеаза, гликозидазалар, коллагеназа. Онда ферментті емес компоненттерден фосфолипидтер, гликопротеидтер болады.
Митохондриялар–екі мембраналы органоид, ішкі мембранада өскіндер кристалар болады, ішінде нәруыздар биосинтезінің меншікті генетикалық аппараты орналасады. Митохондриялардың негізгі қызметі – тотықтандыру заттардан жолымен энергияны нақты (АҮФ химиялық синтезі) ферментативті алу. Энергия әртүрлі механикалық, химиялық, осмостық жұмыстарға жұмсалады. Жануар жасушасында митохондрия саны шамамен 150-1500 аралығында. •Митохондрия жасушаның энергетикалық базасы (немесе жасушаның күштік станциялары) болып табылады, оларда энергия көзі болып табылатын аденозинүшфосфат (АҮФ) өндіріледі. •Сондай-ақ, өздігінен екі еселенуге қабілетті, яғни бөліну арқылы көбейеді. Олар бауыр жасушасында 10-20 күндей өмір сүред