91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма



бет34/74
Дата22.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#102968
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74
Генетикалық гомеостаз- генетикалық (тұқым қуалаушылық) аппараттың-ДНҚ молекуласының, хромосомалардың, геномның тұрақтылығы болып табылады. тұқым қуалаушылықтың өзгергіштігі, яғни ұрпақтар жалғасында әртүрлі себептердің салдарынан ағзалардың белгілері мен қасиеттері азды-көпті өзгеріске ұшырауы. Бұған да мыңдаған мысал келтіруге болады. Генетикалық гомеостаз бұзылысының нәтижесі мутациялар (гендік, хромосомалық, геномдық) болып табылады. Мутациялар – бұл генетикалық аппараттың ұйымдасуының барлық деңгейінде болатын өзгерістер: гендік, хромосомалық және геномдық. Мутагенез – мутациялар түзілуінің механизмі



59. Гендік мутациялар. Бейтарап (үнсіз), миссенс мутациялар. Нонсенс мутациялар. Реттеуші мутациялар т.б. түрлері.
Гендік мутациялар деп – жай көзге көрінбейтін, тіпті микроскоп арқылы да көрінуге болмайтын, ДНҚ молекуласының бір учаскесінде – ген құрамында болатын өзгерістерді айтамыз. Ген деңгейіндегі өзгерістер келесідей көріністермен болуы мүмкін: Бейтарап мутациялар (үнсіз мутация) – мутацияның фенотиптік айқындылығы болмайды (мысалы, генетикалық код нашарлауы нәтижесінде). Миссенс-мутация – геннің кодтайтын бөлігіндегі нуклеотидтің алмасуы –полипептидтегі амин қышқылдарының алмасуына әкеледі. Нонсенс-мутация – геннің кодтайтын бөлігіндегі нуклеотидтің алмасуы – кодон-терминатор (стопкодон) түзілуіне және трансляцияның тоқтауына әкеледі. Реттуші мутация – геннің трансляцияланбайтын аймағындағы - 5’ немесе 3’мутациясы, мұндай мутация ген экспрессиясын бұзады. Динамикалық мутация – геннің қызметтік маңызды бөліктерінде үш нуклеотидті қайталанулар санының жоғарылауымен негізделетін мутациялар. Мұндай мутациялар транскрипцияның шектелуіне немесе блокадасына, нәруыздық молекулалардың олардың қалыпты метаболизмін бұзатын қасиетке ие болуына әкелуі мүмкін
60. Хромосомалық мутациялар. Делеция. Дупликация. Инверсия. Транслокация т.б түрлері. 
Хромосомалар бүтіндігінің бұзылысы – хромосомалық мутациялар немесе аберрациялар деп аталатын әртүрлі қайта құрылулармен жүретін үзілулер. а) Делеция - бір бөлігінің түсіп қалуы. б) Дупликация – бір бөлігінің екі еселенуі. в) Инверсия – бір бөлігінің 180º бұрылуы. г) Транслокация – бір хромосома фрагментінің басқа гомологтық емес хромосомаға бекуі. д) Реципрокты транслокация – зақымдалған гомологиялық емес екі хромосомалар үзілген бөліктерімен алмасады. е) Робертсондық транслокация – гомологиялық емес екі құрылым біреуге бірігеді немесе бір хромосома екі жеке хромосома түзеді. Хромосомалардың құрылымдықөзгерістері генетикалық бағдарлама өзгерістеріменжүреді
1. Геномдық мутациялар. Гаплоидия. Полиплоидия. Анеуплоидия. Бір ата-аналық дисомиялар.
Генетикалық гомеостаз - генетикалық материалдың тұрақтылығы. Генетикалық гомеостаз организмнің генетикалық жекелігін анықтайды және сол түрдің барлық биологиялық ақпараты болатын гендердің теңгерілген жүйесін ұстап тұруға бағытталған. Генетикалық гомеостаз бұзылысының нәтижесі мутациялар (гендік, хромосомалық, геномдық) болып табылады.
Геномдық мутациялар. Геном деп бір түрге жататын организмдердің хромосомаларының гаплоидті жиынтығын айтады. Хромосома санының ауыткуынан туатын өзгергіштікті геномдық мутациялар дейді. Олардың екі түрі бар:
• полиплоидия
• гетероплоидия (анэуплоидия).
Геномдық мутациялардың түрлері 
Геномның құрылымдық өзгерістерінің себебі мейозда өтіп жатқан үдерістердің бұзылысы болуы мүмкін. а) кроссинговердің бұзылысы белгілі нуклеотидті реттіліктің жоғалуына немесе еселенуіне әкеледі. б) мейоздың І анафазасында биваленттілік айырмашылығының бұзылысы гаметалық гаплоидты жиынтығындағы хромосомалар санының өзгерісінің себебі болады. 
Кариотиптегі анеуплоидия – хромосомалар санының өзгерісі: а) моносомия (азаюы); б) трисомия – хромосомалар санының көбеюі. 
Полиплоидия – гомологиялық хромосомалардың таралу механизмі бұзылғанда жасуша бөлінбеген күйінде қалады. Бір ата-аналық дисомия деп хромосомалар саны қалыпты жеке тұлғадан жұп хромосомалардың екеуі де тек бір ата-анадан тұқым қуалау арқылы алынған жағдайды айтады. Патологияда дисомия рөлі көбіне геннің аналық және әкелік көшірмесінің бірдей емес экспрессиясына әкелетін геномдық импринтингпен күрделіленеді
Гетероплоидия
Бұл құбылыс кезінде жасушаның мейоздың және митоздық бөлінуінің бұзылуынан хромосомалар саны өзгеріп, гаплоидтікжиынтыққа еселенбей артады немесе кемиді. Егер генотипте бір хромосома жұп болудың орнына үшеу болатын болса, ондайорганизмдерді трисомия (2+1) деп атайды. Бұлқұбылысты алғаш рет сасық меңдуана өсімдігінде тауып, зерттеген ғалымдар Блэксижөне Беллинг болды. Трисомия адамдарда, жануарларда және өсімдіктердің кейбіртүрлерінде кездеседі. Мысалы, Дауна синдромымен ауыратын адамдар 21 хромосома бойынша трисомиктер болады. Трисомиктердің көпшілігінің тіршілік ету дәрежесі төмен.
Егер хромосома жиынтығында хромосома артық болмай, кем болса (2п-1), ондайорганизмдерді моносомиктер дейді. Моносомиктердің тіршілік ету дөрежесі төмен, көбінесе өліп қалады. Тернер- Шерешевский синдромымен ауыратын әйелдер (45-хромосома) моносомиктер болып саналады. Өсімдіктерде нулисомия жекелегенхромосомаларды алмастырып, жаңа сорттармактар алу үшін қолда- нылады. Мысалы, бидай селекциясында Чайниз-Спрингсорты. Мүндай будандастырудан алынған буданөсімдіктің мейоз кезінде бивалент түзетін 20 жұп және бір сыңар хромосомасы болады. Осындай зерттеу жұмыстары Қазақстанда профессор H.Л. Удольскаяның басшылығымен Қазақтың ұлттық университетінде жүргізілді.
2. Жасушаның антимутациялық барьері. Репарация.

Жасушада мутациялардың пайда болу жиілігінреттеп отыратын не олардың әсерлерінбайкатпайтын мутацияға қарсы табиғимеханизмдер антимутациялар болады. Оларғамыналар жатады:
1)диплоидты эукариоттық ағзалардыңхромосомаларының жұп болуы. Екі гомологтықхромосомадағы аллелдің біреуімутацияланғанымен рецессивті күйінде оныңәсері байқалмайды;
2) кейбір гендік мутацияларды болдырмайтынмеханизм ол р-РНҚ, т-РНҚ т.б. гендерініңбірнеше көшірме күйінде кезесуі;
3) мутацияны болдырмайтын тағы бірантимутациялық қасиет ол ДНҚ молекуласыныңқателіксіз репликациялануы;
4) биологиялық кодтың триплетті және артықболуы; тік триплеттің бір нуклеотиді өзгергенкүнде де ол кодон-синоним пайналып генетикалықақпарат мағынасын бұзбайды, мысалы адамгемоглабинінің Я-полипептидініңгені 438 нуклеотидтен тұрады. Егер сол 438 нуклеотидтің 25 пайызына жуық нулеотидтерінің біреуіөзгергенімен полипептид синтезі бұзылмайды, ал 2—3 нуклеотид өзгерсе қысқа полипептид синтезделінеді; ал 73 пайыз нуклеотидтерінің біржұбы ауысса полипептидте бір амин қышқылыныңалмасуы байқалады. Триплеттің үшінші нуклеотидіауысса, ол 64 пайыз жағдайда өз мағынасынбұзбайды.
5) полипептидтегі амин қышқылдарыныңқасиеттері де бірдей бола бермейді. Егер де жаңадан қосылған амин қышқылы өз қасиетібойынша ауыстырылған амин қышқылына ұқсасболса белоктың құрылысы және қасиеті болар-болмас қана өзгереді. Мысалы, адамның мутанттыS және С гемоглобиңдерінің қалыпты гемоглобин молекуласымен салыстырғандағы айырмашьшығы: бір-ақ амин кышқылының — 6-амин қышқылы-глутаминаминқышқылының алмасуында; S-гемоглабинде 6-амин кышқылы-валин, С-гемоглобинінде - лизин болады. Глутамин амин қышқылымен лизиннің қасиеттері ұқсас - екеуі де гидрофильді, сондықтан да С-гемоглабиніадамдарда канн аздықтың жеңіл түрін тудырады, ал глутамин амин қышқылы мен валиннің қасиеттеріқарама-қарсы, біреуі гидрофильді екіншісі — гидрофобты. Сондықтан S-гемоглобинніңқасиетікүртөзгеріпадамдардақаназдылықтыңзілді, ауыртүрібайқалады.
Репарация – тірі ағзалардың мутагендік факторларәрекетіне байланысты ДНК молекуласында пайдаболған бұзылуларды қайта қалпына келтіруқасиеті. Репарация құбылысы тек ДНК құрылысындағы мутациялық бұзылулардыжөндеуде емес, сонымен қатар тұқым қуалайтынаурулардың қалыптасуында, ерте қартаюпроцесінде, жасушалардың ісіктіктрансформациясында (канцерогенез) т.б. маңыздырөл атқарады.
Жалпы, мутациялық өзгергіштік гендер мен хромосомалардағы тұрақты өзгерістернәтижесінде қалыптасады да, генетикалықматериалдың геномдық, хромосомалық жәнегендік (ДНК молекуласы) деңгейлеріндегі кезкелген сандық және құрылыстық бұзылуларғаәкеледі. Осыған байланысты, яғни бұзылулардықайта қалпына келтіру үшін ДНК репарациясыжұмыс істейді. 
Репарацияның типтері:
Жарықтық репарация немесе фотореактивация;
Қараңғылық репарация немесе эксцизиялық
МИСМЭТЧ-РЕПАРАЦИЯ;
Рекомбинационная репарация;
SOS-РЕПАРАЦИЯ.
• Жарықтық РЕПАРАЦИЯ
Бұл репарации кезінде бастапқы ДНҚ құрылымытікелей қалпына келеді, Өзгерген учаскелерітүзеледі. Мысалы, Пиримидиндік димерлердіңфотореактивация. Фотолиаза ферментінің қатысуымен жүреді, көзге көрінетін күнсәулелернің әсерінен фотолиаза ферментіактивтелінеді. Димерлерді табады, оларменбайланысып, қалпына келтіреді.
Эксцизиалық репарацияның этаптары:
ДНҚ зақымданған жерін эндонуклеазатабады;
Бұл бөлік экзонуклеазаның
Көмегімен кесіліп алынады;
Полимеразалардың көмегімен жаңа тізбектіңматрицалық синтезі жүреді;
Полинуклеотид – лигаза ферментінің әсерінентүзілген тізбек байланысады.
• МИСМЭТЧ-РЕПАРАЦИЯ
Мисмэтч- репарация жаңатізбектерде AT немесеГЦ комплементарлығы бұзылуынан болатынқателерді түзейді. Бұл репарация кезіндеферменттер ДНҚ – ның «ескі» тізбегін «жаңа» тізбектен оңай ажырата алады және жаңа түзілген тізбектегі қателерді қалпына келтіреді.
Бұл феноменнің негізінде аналық тізбектегі ГАТЦ қатарларындағы адениндер репликация аяқталысымен метилденеді.Сондықтан ,келесірепликациялану циклінде аналық және жаңа түзілген тізбектер ажыратылады, себебі жаңатізбектегі адениндер репликация аяқталғанға Дейінметилденбеген күйінде болады. Нақ осы кездеферментер қателерді түзетеді.
• ДНҚ-ның ПОСТРЕПЛИКАТИВТІК РЕПАРАЦИЯСЫ
Пострепликативтік репарация Зақымдалу өте көпболса немесе репликацияның алдында ғана пайдаболса, немесе эксцизиялық репарацияментүзелмеген болса(мысалы, ДНҚ тізбектерініңбірібіріментігісіпқалуы) пострепликативтік репарация жүреді.
Репарацияның бұл типі эукариоттарда маңызды рөлатқарады, репликацияның қате мен болса дажүруіне мүмкіндік береді. Мысалы, ДНҚрекомбинациалық репарациясы.
• SOS-РЕПАРАЦИЯ
Бұл репарация зақымданған жасушаны жойылудансақтайды, сондықтан SOS-репарация деп аталған.
Бірақ SOS-репарацияның дәлдігі төмен.Олиндуцебельдік процес, ДНҚ молекуласының өзгерген матрицада болса да репликациялануқажеттігінен жүреді. ДНҚ синтезі көптеген қателері бар матрицада жүреді. Мұндай қателері болғанымен репликацияның жүруі, жасушаның тіршілігіне аса қажетті қызметі бұзылмаса, оның өмірі жалңасады.
https://youtu.be/WwU5U63BdLw РЕПАРАЦИЯ
3. ДНҚрепарациясы.Репарациятиптері.Репарацияның ферменттік жүйесі.
Репарация – тірі ағзалардың мутагендік факторларәрекетіне байланысты ДНК молекуласында пайдаболған бұзылуларды қайта қалпына келтіруқасиеті. Репарация құбылысы тек ДНК құрылысындағы мутациялық бұзылулардыжөндеуде емес, сонымен қатар тұқым қуалайтынаурулардың қалыптасуында, ерте қартаюпроцесінде, жасушалардың ісіктіктрансформациясында (канцерогенез) т.б. маңыздырөл атқарады.
Жалпы, мутациялық өзгергіштік гендер мен хромосомалардағы тұрақты өзгерістернәтижесінде қалыптасады да, генетикалықматериалдың геномдық, хромосомалық жәнегендік (ДНК молекуласы) деңгейлеріндегі кезкелген сандық және құрылыстық бұзылуларғаәкеледі. Осыған байланысты, яғни бұзылулардықайта қалпына келтіру үшін ДНК репарациясыжұмыс істейді.  
Репарацияның типтері:
Жарықтық репарация немесе фотореактивация;
Қараңғылық репарация немесе эксцизиялық
МИСМЭТЧ-РЕПАРАЦИЯ;
Рекомбинационная репарация;
SOS-РЕПАРАЦИЯ.
Репарация кезінде ДНҚ-полимераза I ферментікесу-жамау процесін іске асырады. Кесу- бұл РНҚ праймерді 5'-экзонуклеазалық белсенділіккөмегімен алып тастау, ал жамау-ферменттің полимеразалық қасиетінің көмегімендезоксинуклеотидті тізбек құрамына енгізу болыптабылады. Процестің бұл бөлігі ДНҚ-полимераза III ферментінің жаңа полинуклеотидтік тізбектісинтездегеннен кейін орын алады.
Матрицалық ДНҚ-да полимераза І өзінің 5'--3' экзонуклеазалық қасиетінің көмегімен РНҚ праймерді алып тастау және ДНҚ-дағы қателерді түзей алады.
Осыдан кейін ол өзінің полимеразалық белсенділігінің көмегімен бос аймақтардытолтырады. Бұл процесс никтрансляция депаталады.
Полимераза I жалғыз полипептидтік тізбектентұрады,ал полимераза II мен III ортақ мультисуббөлікті болып келеді және олардың кейбір суббөліктері ортақ болады. Полимераза IIрепликация үшін керек емес; ол түзететін репарация ферменті болып табылады. 
Жақында тағы екі полимераза:PolIV және PolVанықталды.Оларда түзететін ферменттерге жатадыжәне клеткадағы SOS жауап атты уникальды түзету механизміне қатысады. Полимеразалардың көңіл аударатын екі қасиеті бар:синтездеу реакциясының жылдамдығы (айналым саны) мен процессивтілік(фермент матрицадан диссоциацияланғанға дейінгіуақыт аралығында байланысқан нуклеотидтерсаны)болып табылады. Қазіргі таңда ДНҚ-полимераза I ферментінің репарация мен түзетуге, ал ДНҚ-полимераза IIII ферментініңполинуклеотид синтезіне жауапты екені белгілі. ДНҚ-полимераза II, IVжәне V ферменттерінің функциясы- репарация болып табылады.
Экзонуклеазалық белсенділік -ДНҚ полимеразаның түзету және репарация қасиеті үшін қажет.Осы процесс кезінде дұрыс емес нуклеотидтержойылып, керекті нуклеотид тізбекке енгізіледі.
Барлық үш ферментке ортақ болатын 3'--5' бағыттағы экзонуклеазалық белсенділік түзету функциясына қажет; дұрыс емес нуклеотид синтез барысында жойылады да, дұрыс нуклеотид тізбекқұрамына енгізіледі. Түзету процесі кезінде бірмезгілде текбір нуклеотид түзетіледі. 5'-3'бағыттағы экзонуклеазалық белсенділіккөмегімен репарация кезінде нуклеотидтердің қысқа тізбегі жойылады. Кейбір ферменттердің түзету мен репарация қасиетінің эффективтілігітөмен болады.
Репарацияның биологиялық мәні:ол генетикалық материалдың мұрагерлік бұзылысы -мутацияның түзілуінің алдын ала отырып, ДНҚ молекуласындағы зақымдалуларды жояды.
Шамалап айтқанда әр 9 секундсайын ДНҚ тіршілікәрекеті кезінде зақымдалады.
Зақымдалған клеткада ол өлумүмкін болмаса, зақымдардыңқайсысы болса да тез жойылады.ДНҚ репарациясына 150 ден асагендер қатысады.
4. ДНҚ репарациясы. Репарациятиптері.Эксцизиялық немесе қараңғылық репарация.
Эксцизиалық репарация көзге көрінетін күндізгі жарықты қажет етпейді. Репарацияның бұл түрінде ДНҚның бұзылған учаскесі арнайы ферменттертобының қатынасуымен кесіпалынып тасталады да, оның орнына қалыпты нуклеотидтер жалғанады. 
Эксцизиялық репарация мына кезеңдерден тұрады: 
1. Мутагеннің әрекетіне байланысты ДНҚ молекуласында тиминдік димер (Т-Т) түзіледі.
2.Тиминдік димер А және В белоктарыментанылады. Тиминдік димерге А белогының екімолекуласы және В белогының бір молекуласыжалғанады. 
3.ДНҚ-ға иілген пішін беру үшін және В белогыконформациясының өзгеруіне АТФ энергиясыжұмсалады. 
4. А ақуызының екі молекуласы ДНҚ-дан бөлініп кетеді де, димерлік аймақта В ақуызының бірмолекуласы ДНҚ- мен байланысқан күйде қалады. 
5.ДНҚ молекуласына С ақуызы жалғанады. 
6. С ақуызы ДНҚ тізбегін 5 1 - ұшынан, ал В белогы 31 - ұшынан кеседі. Соңынан С ақуызы ДНҚ молекуласынан бөлініп кетеді.
7. Геликаза ферменті екі жағынан кесілген, ұзындығы 12 нуклеотидке тең ДНҚ фрагментіннегізгі тізбектен бөліп ажыратады. Бұл әрекет те АТФ-тың бір молекуласындағы энергияны сіңіре жүреді.
8. ДНҚ-полимераза I бұзылған тізбектегі түзілген бос, ашық жерді бұзылмаған, екінші тізбеккекомплементарлы нуклеотидтермен толтырабастайды.
9. Синтезделген жаңа фрагменттің екі ұшын ДНҚ-ның бос ұштарына ДНҚ-лигаза ферменті тігіп, жалғап ДНҚ-ның қалыпты құрылымын түзейді.
5. ДНҚ репарациясы. Репарациятиптері.Пострепликативтікрепарация.
Пострепликативтік репарация Зақымдалу өте көпболса немесе репликацияның алдында ғана пайдаболса, немесе эксцизиялық репарацияментүзелмеген болса(мысалы, ДНҚ тізбектерініңбірібіріментігісіпқалуы) пострепликативтік репарация жүреді.
Репарацияның бұл типі эукариоттарда маңызды рөлатқарады, репликацияның қате мен болса да жүруіне мүмкіндік береді. Мысалы, ДНҚрекомбинациалық репарациясы.
6. ДНҚ репарациясы. Репарация типтері. SOS-репарациясы. 
Бұл репарация зақымданған жасушаны жойылудансақтайды, сондықтан SOS-репарация деп аталған.
Бірақ SOS-репарацияның дәлдігі төмен.Олиндуцебельдік процес, ДНҚ молекуласының өзгерген матрицада болса да репликациялануқажеттігінен жүреді. ДНҚ синтезі көптеген қателері бар матрицада жүреді. Мұндай қателері болғанымен репликацияның жүруі, жасушаның тіршілігіне аса қажетті қызметі бұзылмаса, оның өмірі жалңасады.
7. ДНҚрепарациясы.Репарациятиптері.Фотореактивация немесе жарықтық репарация.
Бұл репарации кезінде бастапқы ДНҚ құрылымытікелей қалпына келеді, Өзгерген учаскелерітүзеледі. Мысалы, Пиримидиндік димерлердіңфотореактивация. Фотолиаза ферментінің қатысуымен жүреді, көзге көрінетін күнсәулелернің әсерінен фотолиаза ферментіактивтелінеді. Димерлерді табады, оларменбайланысып, қалпына келтіреді.
Эксцизиалық репарацияның этаптары:
ДНҚ зақымданған жерін эндонуклеазатабады;
Бұл бөлік экзонуклеазаның
Көмегімен кесіліп алынады;
Полимеразалардың көмегімен жаңа тізбектіңматрицалық синтезі жүреді;
Полинуклеотид – лигаза ферментінің әсерінентүзілген тізбек байланысады.
8. Жасушаның антимутациялық барьерлері. ДНҚ-полимераза, қалпына келуі, өздігінен түзілуі, хромосомалардың жұп болуы, гендердің экстрокөшірмелері, полипептидтегі аминқышқылдарының біркелкілігінің бұзылуы. 
Жасушада мутациялардың пайда болу жиілігін реттеп отыратын не олардың әсерлерін байкатпайтын мутацияға қарсы табиғи механизмдер антимутациялар болады. Оларға мыналар жатады:
1)диплоидты эукариоттық ағзалардың хромосомаларының жұп болуы. Екі гомологтық хромосомадағы аллелдің біреуі мутацияланғанымен рецессивті күйінде оның әсері байқалмайды;
2) кейбір гендік мутацияларды болдырмайтын механизм ол р-РНҚ, т-РНҚ т.б. гендерінің бірнеше көшірме күйінде кезесуі;
3) мутацияны болдырмайтын тағы бір антимутациялық қасиет ол ДНҚ молекуласының қателіксіз репликациялануы;
4) биологиялық кодтың триплетті және артық болуы; тік триплеттің бір нуклеотиді өзгерген күнде де ол кодон-синоним пайналып генетикалық ақпарат мағынасын бұзбайды, мысалы адамгемоглабинінің Я-полипептидініңгені 438 нуклеотидтен тұрады. Егер сол 438 нуклеотидтің 25 пайызына жуық нулеотидтерінің біреуіөзгергенімен полипептид синтезі бұзылмайды, ал 2—3 нуклеотид өзгерсе қысқа полипептид синтезделінеді; ал 73 пайыз нуклеотидтерінің біржұбы ауысса полипептидте бір амин қышқылының алмасуы байқалады. Триплеттің үшінші нуклеотидіауысса, ол 64 пайыз жағдайда өз мағынасын бұзбайды.
5) полипептидтегі амин қышқылдарының қасиеттері де бірдей бола бермейді. Егер де жаңадан қосылған амин қышқылы өз қасиеті бойынша ауыстырылған амин қышқылына ұқсас болса белоктың құрылысы және қасиеті болар-болмас қана өзгереді. Мысалы, адамның мутанттыS және С гемоглобиңдерінің қалыпты гемоглобин молекуласымен салыстырғандағы айырмашьшығы: бір-ақ амин кышқылының — 6-амин қышқылы-глутаминаминқышқылының алмасуында; S-гемоглабинде 6-амин кышқылы-валин, С-гемоглобинінде - лизин болады. Глутамин амин қышқылымен лизиннің қасиеттері ұқсас - екеуі де гидрофильді, сондықтан да С-гемоглабиніадамдарда канн аздықтың жеңіл түрін тудырады, ал глутамин амин қышқылы мен валиннің қасиеттері қарама-қарсы, біреуі гидрофильді екіншісі — гидрофобты. Сондықтан S-гемоглобинніңқасиетікүртөзгеріпадамдардақаназдылықтыңзілді, ауыртүрібайқалады.
9. Канцерогенез. Мутаторлық гендер. Вирустық онкогендер. Протоонкогендер. Ісік супрессорлары.
Канцерогенез-бұл ісіктің пайда болуы мен дамуының күрделі көп сатылы, патофизиологиялық процесі. 
• Канцерогенез процесін зерттеу ісіктердің табиғатын түсіну үшін де, қатерлі ісік ауруын емдеудің жаңа және тиімді әдістерін табу үшін де маңызды.
• «Рак» - әртүрлі онкологиялық аурулардың басын біріктіретін құрама анықтама болып табылады. Бірақ, олардың бәріне ортақ белгіжасушалардың бақылаусыз, шексіз өсуі.
Онкогенез генетикасы.
Адамның, шамамен 30000 гендерінің ішінен тек 120-150және кейбір вирустық гендер онкогенезге қатысады.
Онкогенездің генетикалық табиғатын келесі негіздеррастайды:
а) қатерлі ісіктік жасушалардың геномы «дұрыс емес»,яғни,оларда негізгі геномдардың кейбіреулерімодификацияланған;
б) тұқым қуалайтын ісіктер жыныс жасушаларының белгілі біргенінің біріншілік мутацияларымен негізделген, ал споралық(тұқым қуалаумен байланыссыз) ісіктер қандай да болмасынсомалық жасуша генінің құрылымының өзгерістеріне алыпкеледі;
в) ісіктер – бұл бірегей геннің емес, ал гендер жиынтығының зақымдану салдары. Сондықтан ісіктік зақымдану үдерісі – бір мезеттік мутация емес, ал генетикалық ақаулардың айтарлықтай ұзақ жинақталуы. Олардың қосындысы шектік шамаға жеткенде жасуша ісіктікке айналады. 
Онкогенезге жауапты гендерді бірнеше типтерге бөледі.
1. Мутаторлық гендер
2. Вирустық гендер
3. Протоонкогендер
4. Ісік супрессорлары

Мутаторлық гендер – ДНҚ жағдайы мен оның зақымдануының репарация жағдайын бақылау жүйесінің гендері. Мутаторлық гендердің белсенділігі төмендегенде мутациялар саны жоғарылайды. Гендердің бұл тобы – салыстырмалы үлкен емес. Бұл ДНҚ репарациясыферменттерінің гендері.
Вирусты онкогендер–шығу тегі вирусты болатын гендер.
• Папова вирусы- геномында сақиналы қостізбекті ДНҚ болып табылады және ол зақымдалған жасуша хромосомасымен қосылмай-ақ өзбетінше дербес қызмет ете алады.
• ДНҚ папов-вирустардағы мұндай онкогендерәдеттегі инфекцияда вирусты ДНҚрепликациясын іске қосатын t- және Т-гендерболып табылады. Бұл гендердің жасушалықгеномға интеграциясынан кейін олардың өнімдері жасушалық ДНҚ репликациясын бақылаусыз ынталандырады.
Ретровирустар-бұлардың геномында РНҚ(+) тізбегі болады. Олардың қызмет етуі үшін РНҚ міндетті түрде қожайын хромосомаменбайланысуы керек. Мұнда келесі жағдайлар реттілікпен өтеді: 
а) кері транскрипция – вирусты РНҚ-дан ДНҚ тізбегінің синтезделуі; 
б) вирусты РНҚ-ның бұзылуы
в) ДНҚ тізбегінің жасуша ядросына енетін екітізбекті сақина тәрізді ДНҚ -ның ситезделуі; 
г) осы ДНҚ қожасының жасуша хромосомасына қондырылуы; 
д) вирустық гендердің транскрипциялануы. 
Вирусты нәруыздардың кейбіреуі бір мезгілде онкогендік әсер көрсетуі мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет