91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма


Генетикадағы негізгі терминдер мен ұғымдар. Ген және хромосома. Гомологтықхромосома және аллельді гендер. Генотип жәнефенотип. Гомозигота және гетерозигота



бет37/74
Дата22.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#102968
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74
Байланысты:
91. Ãåêêåëüä³? áèîãåíåòèêàëû? çà?û. ?ðû? æàïûðà?øàëàðû. Ýêòîäåðì

101.Генетикадағы негізгі терминдер мен ұғымдар. Ген және хромосома. Гомологтықхромосома және аллельді гендер. Генотип жәнефенотип. Гомозигота және гетерозигота. 
Хромосома- жасуша ядросында болатын, гендердітасымалдайтын және организмдер мен жасушалардыңтұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар.
Ген – бір белгінің тұқым қуалауына жауап беретін және бір нәруыз құрылымы туралы ақпараты бар ДНҚ бөлігі. 
Генотип – ата-анасынан алынған гендер жиынтығы, организмнің
барлық генетикалық ақпараты.
Фенотип – организмнің қоршаған орта факторлары мен оның генотипіне тәуелді 
қасиеттердің сыртқы көрінісі.
Гетерозигота – гомологты хромосоманың нақты локусындаекі түрлі аллелден (түрлі 
аллелдер: Аа) тұратын жасуша (организм)
Гомозигота – гомологты хромосоманың нақты локусындаекі бірдей аллелден (бірдей 
аллелдер: АА, аа) тұратын жасуша (организм).
Аллель – геннің әрқайсысы нуклеотидтердің ерекше реттілігімен сипатталатын екі немесе 
одан да көп альтернативті формасы.
Аллельді гендер – гомологты хромосомалардың бірдей локустарында орналасып, бір белгінің тұқым қуалауына жауап береді.
Гомологтық хромосомалар — пішіні, мөлшері мен тұқым қуалаушылық ақпараттары бірдей жұпхромосомалар. Тек диплоидті жасушаларда кездеседі. Эукариоттардың жыныс жасушаларында жәнепрокариоттардың жасушаларында болмайды.
102. Мендельдеуші белгілер. Бірінші ұрпақбудандарының біркелкілік заңы. Ажырау заңы. Гаметалар тазалығы заңы. Белгілердің тәуелсізтұқым қуалау заңы.
Мендель заңдылықтары
Моногибридті будандастыру заңдылықтары 1865 жылыбекітілді. Мендель белгілердің тұқым қуалауынқарапайым математикалық пропорция арқылысипаттауға болатынын көрсетті. Моногибридтібудандастыру.
Тұқымы сары түсті дараларды тұқымы жасыл түстідаралармен будандастырғанда алынған будандардыңбірінші ұрпағында тұқымы сары түсті өсімдік қанаалынды. Ал олар өзара будандастырғанда сары жәнежасыл тұқымнан тұратын ұрпақтарды берді. Сары түстітұқымның жасылға қатынасы 3:1. Тәжірибелердіқорытындылау нәтижесінде Менделдің негізгізаңдылықтары қалыптасты.
Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі
Бір-бірінен бір белгі бойынша ерекшеленетіндараларды будандастырғанда будандардың біріншіұрпағында ата-алынған анасының біреуіне ғанаұқсайтын біркелкі ұрпақтар
алынады.
Будандардың бірінші ұрпағында көрінген белгідоминантты деп, ал көрінбеген белгі –
рецессивті деп аталады.
Ажырау заңы
Ажырау заңы будандардың екінші ұрпағындадоминантты және
рецессивті белгілері бар даралардың қатынасы 3:1 екенін көрсетті.
Гаметалар тазалығының заңдылығы
Гетерозиготалыларда гаметаның түзілуі кезіндеаллелді гендер араласпайды, ал доминантты жәнерецессивті аллелдер гаметаның тең санын түзіп, 
гаметалар таза күйінде ажырайды.
Талдаушы будандастыру. Толық доминанттылықкезінде АА және Аа генотиптері бірдей фенотип береді. Генотипті анықтау үшін сыналатын дараны рецессивтігомозиготалымен (аа) будандастыру керек. Ұрпақбойынша генотипті (гомозиготалы жәнегетерозиготалы) анықтайды.
Тəуелсіз тұқым қуалау заңы
Дигибридті жəне полигибридті будандастыру. Дигибридті будандастыру – екі жұп қарама-қарсыбелгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалыдараларды будандастыру, тригибридті –үш жұпбойынша, полигибридті – бірнеше жұп бойыншабудандастыру.
Дигибридті және полигибридті будандастыру нәтижесібойынша Мендель белгілерді тәуелсіз тұқым қуалаузаңын құрастырды. Оның маңызы екі немесе одан да көп жұп қарама-қарсы белгілер бойыншаажыратылатын гомозиготалы даралардыбудандастырғанда екінші ұрпақта әр жұп белгілертәуелсіз тұқым қуалайды. Бұл кезде әр жұп бойыншаажырау қатынасы 3:1. Белгілерді бақылайтын аллелдігендер гомологты хромосоманың әртүрлі жұптарындаорналасса ғана тәуелсіз ажырау болуы мүмкін. Мейоз кезінде хромосомалардың гомологтық жұбы еріктітүрде әртүрлі гаметаларға таралып, гендердің әртүрлікомбинациясын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет