93. Қосымша білім беру бағдарламасының мақсаты


 Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктері



бет3/4
Дата16.05.2023
өлшемі25,74 Kb.
#93671
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
98. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктері
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың білімділік жетістіктерін анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бұл инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеудің қажеттілігін негіздейді.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын басты талаптардың бірі, олардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы оқу мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бағалау критерийлерін, жалпы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қабылданған принциптеріне сүйене отырып әзірлеу қажет және ол білу деңгейінен бастап, нәтижені бағалау деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды. Оқушы:
−өтілген оқу материалын білетінін және түсінетінін көрсете алады; 
−алған білімін стандартты және өзгеше жағдайларда қолдануға қабілетті; 
−тиісті тәсілдерді қолдана отырып, қандай да бір тапсырмаларды зерделей алады, заңдылықтарын таба алады, олардың арасындағы байланысты анықтай алады
−шартты белгілер мен тиісті сәйкес терминологияларды қолдана отырып, ақпаратты түсінікті жеткізуге қабілетті; 
−оқу міндеттерін шешу мақсатында таңдалған тәсілдердің дұрыстығы мен тиімділігін зерделеп, ойын айта алады. 
99. Жалпы және арнайы білім беруді дамытуға қойылатын заманауи талаптар 
Инклюзивті білім беру ісінде Қaзaқстaн əлемдік тəжіри- беде қaбылдaнғaн тaлaп ережелерді негізге aлa отырып, өзіндік дaму жолын aйқындaды. Ол жaлпы білім беру үрдісіне енгізілген бaлaлaрдың оқуын жеңілдету үшін aрнaйы жaғдaй, көмек, қолдaу ұйымдaстыруды қaрaстырaды.
Қaзaқстaн Республикaсының қaзіргі жaғдaйындa инк- люзивті білім беруді дамытуға талаптар aнықтaлғaн:
– мектепке дейінгі жaстaғы бaлaлaрдың ерте диaгнос- тикaсын жəне психологиялық-педaгогикaлық қолдaу жүйе- сін дaмыту;
– ерекше білім қaжеттілігі бaр тұлғaлaрдың сaпaлы бі- лім aлуын қaмтaмaсыз ету мaқсaтындa оқытудың ғылыми- педaгогикaлық негізін, мaмaндaр əлеуетін жəне мaте- риaлдық-əдістемелік бaзaны жaқсaрту;
– инклюзивті білім берудің дaмуын қaмтaмaсыз ету үшін ғылыми-əдістемелік жəне іргелі зерттеулер жүргізу;
– инклюзивті білім беруге қолaйлы жaғдaй тудырaтын институционaлдық ортaны жетілдіру;
– мүмкіндігі шектеулі тұлғaлaрдың кəсіби еңбек дaйын- дығы жəне оңтaйлы əлеуметтенулері үшін жaғдaйлaр жaсaу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет