94 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы.
№4 (49
). 2009
5.
اجن دمحم ميهاربإ
"
تاوصلأاو ديوجتلا
"
رهزلأا ةعماج
–
ةرهاقلا
.
1991
م
.
111
ص
.
6.
يقارع داوجلا دبع يبنلا دبع نسح
"
يف نيبلاطلا ةيغب
نيملاعلا بر ملاك ديوجت
"
رهزلأا ةعماج
–
ةرهاقلا
.
3000
م
.
114
ص
.
7. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері».
Алматы, 2002 жыл. 664 бет.
***
В статье рассматривается вопрос
транскрипции гласных звуков арабского
языка в казахском языке.
***
This article deads with the transcription
matters of vowels of the Arabic language in
the Kazakh language.
Ә
. Сүлейменова
ҚАЗАҚ, ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ КЕЙБІР
АНАЛИТИКАЛЫҚ
ФОРМАЛАРЫ
Қазақ, қытай тілдері әр түрлі тілдер
тобына
жатады,
алайда
екі
тілдің
морфологиялық құрылымдарында ұқсас-
тықтар бар. Ұсынып отырған мақаламызда
қазақ және қытай тілдеріндегі кейбір
күрделі
етістіктердің
морфологиялық
құрылымдарындағы
ұқсастықтар
мен
айырмашылықтарын анықтауды көздеп
отырмыз.
Қазақ тілінде грамматикалық катего-
риялардың мағынасының әрі синтетика-
лық, әрі аналитикалық тәсіл арқылы
жасалуы кең орны алады. Мысалы,
барғайсың, барсаң екен сияқты мысалды
алсақ, екеуі де бір лексикалық мағына
береді, яғни екеуінде де субъектінің
қимылды жасауын сөйлеуші қалайтынын
білдіреді. Сол мағына барғайсың дегенде
синтетикалық формамен (-ғай жұрнағы
арқылы); барсаң екен дегенде аналитика-
лық форма арқылы берілген.
Қытай тілі аналитикалық тілдер
қатарына жатқандықтан (Сепирдің класи-
фикациясы бойынша), қытай тілінің
күрделі етістіктері аналитикалық тәсілмен
жасалуы күмән туғызбайды. Алайда қазақ
тілінде күрделі етістіктер лексикалық,
грамматикалық сипатына қарай екі түрге
бөлінеді:
күрделі
етістіктер
және
аналитикалық формалы етістіктер.
Күрделі етістік - қазақ тілінде өте көп
қолданылатын етістік формаларының бірі.
Күрделі етістік деген ұғым күрделі зат
есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім,
күрделі үстеу т. б. сияқты ұғымдардан
грамматикалық сипаты жағынан мүлде
бөлек, я кез - келген екі я одан да көп
түбірден (сөзден) құрылған етістіктің бәрі
бірдей күрделі етістік бола бермейді, тек
негізгі етістік пен көмекші етістіктің
белгілі тәсіл арқылы тіркесіп барып, бір
сөздің (етістіктің) мәнінде жұмсалып,
етістіктің белгілі грамматикалық катего-
риясын жасайтын түрі ғана күрделі етістік
бола алады /1, 185/.
Күрделі етістіктер мен аналитикалық
формалы етістіктерді ажыратуда қиындық
тудыратын төмендегідей ұқсастықтар бар
/2, 54/:
1.Екеуі де ең кемі екі сыңардан тұрады:
келіп кетті, күйіп кетті
2.Екеуінің де құрамындағы сыңарларының
дыбыстық құрамы дербес сөз қалпында:
кіріп шық, оқып шық
3.Екеуінің де сыңарлары бірімен бірі
көсемше арқылы байланысады: алып
келеді, келіп кетеді
4.Екеуінің де сыңарлары бөлек жазылады
5.Екеуі де сөйлемнің бір мүшесі бола ала-
ды
6.Екеуінің де сөйлемдегі басқа сөздермен
сөз тіркесін жасауында айырма жоқ
Берілген етістіктің екі түрін ажырату
үшін олардың сыңарларының семантика-
лық мағыналарына көңіл бөлу керек.
Біріншіден, күрделі етістіктердің сыңарла-
рының бәрі толық мағыналы сөздер,
сондықтан күрделі етістіктің құрамындағы
жеке сыңарлары күрделі қимылдың белгілі
бөлімін білдіреді.
Екіншіден,
күрделі
етістік
пен
аналитикалық формалы етістіктің сыңар-
лары түрлі қызмет атқарады. Күрделі
сөздің құрамындағы сыңарлар сол сөздің
лексикалық мағынасын жасайды. Ал
аналитикалық формалы етістіктің бірінші