А 11 «Механика және молекулалық физика» бөлімінен лабораториялық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Қызылорда. ҚМУ, 2007ж


Эксперименттік қондырғының сипаттамасы



бет15/25
Дата23.09.2023
өлшемі2,13 Mb.
#109915
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Эксперименттік қондырғының сипаттамасы

Қондырғы деңгейін реттеп отыратын реттеуші үш винтті 10 негізден 1 құралады (2 сурет). Осы негізге электрлі магнит 7, шарларды 3 ұстап тұратын ілгіш 5 және штанг 6 ұсталынған тіреу 4 бекітілген.







2 сурет.
Сол жақтағы шарды ұстап тұратын бифилярлық ілмені центр аралық қашықтықты өзгертіп, горизонталь бағытта жылжытуға болады. Ілмені жылжыту тұтқаны 11 айналдыру арқылы жүзеге асырылады.


Шарлардың орналасуын есептеуге арналған градуспен бөліктенген (градуирленген) екі шкала бар. Бірінші шардың орнын көрсететін оң жақтағы шкаланың 9 шар тепе-теңдікте тұрғандағы бағдаршасы нольдік белгіде болады. Сол жақтағы шкала 2 орын ауыстыра алады. Шарлардың центраралық қашықтығын өзгерткенде сол жақтағы шкаланың 2 нольдік белгісі сол жақ шардың тепе-теңдік жағдайындағы бағдаршасына қарама-қарсы орналасуы керек. Шкала 2 орын ауыстырғанда, құралдың негізінде шкаланың артында орналасқан, бұранданы босату қажет (суретте көрсетілмеген). Шкаланы орналастырып болған соң бұранда қатайтылады. Оң жақтағы шарды лақтыру үшін бастапқы жағдайда ұстап тұратын электрлі магнит 7 әр түрлі бағыттарда орын ауыстыра алады. Бұл өз кезегінде қондырғының қажетті центровкада болуын реттейді. Электрлі магниттің түзеткішінде, оны тиісті жағдайда бекітіп қоюға арналған, бұрандалары бар. Электрлі магниттің оң жақ қапталындағы бұранда көмегімен магнит өзекшесі және шар арасындағы саңылауды өзгертуге болады, бұл шардың жеткілікті қатты ұсталынуын қамтамасыз етеді. Оң жақтағы шкала 9 да осы операция арқылы реттеледі. Электрлі магнитті қоректендіру кернеуі 6 В тұрақты токпен қамтамасыз етіледі. Барлық шарлардың орналасу дәлдігін көрсететін бағдаршасы мен ілмеге ілінетін ілгегі болады. Магниттелмейтін материалдардан жасалған шарлардың арнайы магнитке ұсталынатын қаптамасы болады.
Ермексаздан (платилин) жасалған шардың (серпімсіз соққы) пішінін келтіретін арнайы пресс-форма бар. Жұмсартылған ермексаз осы пресс-формаға салынады да оған орналасуын көрсететін қосымша бағдарша және ілмеге ілінетін ілгег жапыстырылады. Жабық пресс-форма бұранда көмегімен сығылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет