А 11 «Механика және молекулалық физика» бөлімінен лабораториялық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Қызылорда. ҚМУ, 2007ж



бет18/25
Дата23.09.2023
өлшемі2,13 Mb.
#109915
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
мех-лаб-каз (2)

Құралдық сипаттамасы

Техникалық лабораториялық таразы массалары 50 г мен 1 кг арасында болатын заттарды өлшеуге арналған және дәріханалар мен лабораторияларда қолданылады.





1 сурет. Техникалық лабораториялық таразы.

Таразы тең иінді иінтіректен құралады. Бір тіреуі 4 және екі жүктерді қоятын призмасы бар тең иінді тіреуіш 5 тіректі призманың ұшымен жоғарғы жағынан арретир 2 стерженімен ұсталынған жастықшада 3 тыныштықта тұрады. Арретир стержені бағана 1 ішінде орналасады және эксцентрлі механизм көмегімен вертикаль орын ауыстыра алады.


Бағана бұрандалар 16 және планка 17 көмегімен тақтайшаға бекітіледі. Жүктерді көтеретін призмалар ұшы арқылы ілініп тұратын сырғалар 9 және алынып-салынатын ыдыстардан 15 құралады.
Таразы тепе-теңдікті реттегішпен 7, бағдаршамен 11 және таразының сезімталдығы мен тепе-теңдігін анықтайтын бөліктермен 12 қамтамасыз етілген. Тіктеуіш 13 және тіктеуіштің бағдаршасы 14 таразының горизонталь орналасуын анықтайды. Тіреуіш 8 иінтіректі ұстап тұру үшін қолданылады.
Таразы жүктері мен тастарды іліп қоятын жіңішке сымдар жиынтығы бар.


Жұмыстың орындалу реті



  1. Өлшеу алдында реттеуші бұрандалар 7 көмегімен таразы колонкасын вертикаль (ілме бойынша), ал каромыслоны 5 горизонталь орналастыру.

  2. Денені суда және зерттелетін сұйықта өлшегенде таразы ыдысының үстіңгі жағына суы не зерттелетін сұйығы бар стақанды П-тәрізді текшеге орналастыру.

  3. Дене сұйық ішінде өлшенгенде толық дерлік сұйыққа батырылуы қажет және ыдыс қабырғасына жанаспай тұруы шарт.

  4. Таразының тепе-теңдігіне көз жеткізгеннен кейін сымдар көмегімен оң жақ ілгекке денені іліп, оны ауада, суда және зерттелетін сұйықта өлшеу. Жүктердің массаларын кестеге тиісті орындарына жазу.

  5. Термометрмен аудиториядағы ауа температурасын өлшеу.

  6. Судың және ауаның белгілі температурадағы тығыздықтарының мәндерін кестеден алу.

Дененің массасы

температура

Тығыздықтар

ауада

Зерттелетін сұйықта

суда



судың

ауаның

Қатты дене

Зерттелетін сұйық













































  1. (8) және (10) формулалармен қатты дененің және сұйықтың тығыздығын анықтау. Есептеулерді кестеге толтыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет