А 11 «Механика және молекулалық физика» бөлімінен лабораториялық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Қызылорда. ҚМУ, 2007ж



бет19/25
Дата23.09.2023
өлшемі2,13 Mb.
#109915
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
мех-лаб-каз (2)

Нәтижелерді математикалық өңделу

  1. Өлшеулердің салыстырмалы және абсолют қателіктерін есептеу.

  2. Соңғы нәтижені абсолют қателікпен бірге төмендегідей жазу

кг/м3, кг/м3.
Ескерту. Абсолют қателіктер өлшеу дәлдігі негізінде алынады, олар жүктердің таразыны тепе-теңдіктен шығаратын ең кіші массасының жартысы арқылы анықталады.
Бақылау сұрақтары

  1. Тығыздық дегеніміз не? Оның физикалық мағынасы және өлшем бірлігі.

  2. Гидростатикалық салмақ өлшеу әдісінің негізі неде?

  3. Денелер массасының дәл өлшенуін қалай анықтауға болады?

  4. Біртекті және біртексіз денелер тығыздықтарының бір-бірінен айырмашылығы неде?

  5. Қатты дене тығыздығын анықтауға болатын тағы қандай әдісті білесіз?



Лабораториялық жұмыс №2.2
Стокс әдiсiмен сұйықтардың тұтқырлық коэффициентiн анықтау


Жұмыстың мақсаты: Стокс әдiсiмен глицериннiң iшкi үйкелiс коэффициентiн анықтау және гидродинамика заңдарын оқып үйрену.
Керектi құрал-жабдықтар: глицерин құйылған шыны цилиндр, электрлi секунд өлшеуiш, кiшкене металл шарлар жиынтығы, микрометр.
Қысқаша теория
Тұтқырлық (iшкi үйкелiс) – бұл реал сұйық қабаттарының орын ауыстырғанда бiр-бiрiне кедергi жасау қасиетi. Реал сұйықтың бiр қабаты басқа бiр қабатының бетiмен орын ауыстырғанда қабаттардың бетiне жанама бойымен бағытталатын iшкi үйкелiс күшi пайда болады. Бұл күштiң әсерi жылдам қозғалатын қабат тарапынан баяу қозғалатын қабатқа үдетушi күш әсер еткенде және баяу қозғалатын қабат тарапынан жылдам қозғалатын қабатқа тежеушi күш әсер еткенде бiлiнедi.
iшкi үйкелiс күшi S қабаттың ауданы үлкейген сайын көбейедi және сұйық ағысы жылдамдығының қабаттан қабатқа тез ауысуына тәуелдi өзгередi, (1-сурет).

1 сурет.
Суретте бiр-бiрiнен х қашықтыққа кешiгетiн v1 и v2 жылдамдықтармен қозғалатын екi сұйық қабаты көрсетiлген және v1-v2=v. Қабаттар арасындағы қашықтық ескерiлетiн бағыт қабаттар ағысының жылдамдығына перпендикуляр. v/x шамасы, жылдамдықтың қабаттар қозғалысына перпендикуляр х бағытымен, қабаттан қабатқа ауысқанда қалай тез өзгеретiнiн көрсетедi және жылдамдық градиентi деп аталады. Сонымен iшкi үйкелiс күшiнiң модулi
(1)
мұндағы  - динамикалық тұтқырлық (немесе жай ғана тұтқырлық) деп аталатын сұйықтың табиғатына тәуелдi пропорционалдық коэффициент.
Тұтқырлықтың өлшем бiрлiгi - Паскальсекунд (Пас). 1 Пас дегенiмiз, ламинарлық ағыс кезiнде және әрбiр 1 м-ге сәйкес жылдамдықтың өзгерiсiнiң (градиентiнiң) модулi 1 м/с болатын, жанасқан әрбiр 1 м2 қабаттардың арасында 1 Н күш пайда болғандағы, ортаның динамикалық тұтқырлығына тең.
Неғұрлым тұтқырлық үлкен болса, соғұрлым сұйық идеал сұйықтан көп өзгешеленедi, соғұрлым сұйықтың iшiнде үлкен iшкi үйкелiс пайда болады. Тұтқырлық температураға тәуелдi және бұл тәуелдiлiк сұйықтар мен газдар үшiн әртүрлi болады ( сұйықтарда температура артқан сайын кемидi, ал газдарда керiсiнше артады). Бұл сұйықтар мен газдардағы iшкi үйкелiс механизмдерiнiң әр түрлi екенiн көрсетедi. °сiресе майлардың тұтқырлықтары температураға қатты тәуелдi. Мысалы, майсана майының тұтқырлығы 18-400С температура аралығында төрт есе артады.
Сұйық ағысының екi түрi бар. Егер сұйықтың көршiлес қабаттары ағынның бойымен бiр-бiрiмен араласпай сырғанаған тәрiздi ағып өтсе, онда мұндай ағыс ламинарлық (қатпарлы) деп аталады. Егер ағын бойымен қарқынды құйын түзiлсе және сұйықтың қабаттары қауырт араласып орын ауыстырса, онда мұндай ағыс турбуленттiк деп аталады.
Сұйықтың ламинарлық ағысы оның жылдамдығы аз қозғалысында байқалады. Сұйықтың ағып өтетiн құбырдың бойымен жанасатын сыртқы қабаты молекулалардың iлiнiсу күшiнiң салдарынан қабырғаға жабысады да, қозғалыссыз қалады. Келесi қабаттың жылдамдығы құбыр бетiнен қашықтаған сайын артады және құбыр осi бойымен қозғалатын қабат ең үлкен жылдамдыққа ие болады.
Турбуленттiк ағыс кезiнде сұйық бөлшектерi ағысқа перпендикуляр жылдамдық құраушысына ие болады, сондықтан олар бiр қабаттан басқа қабаттарға өте алады. Сұйық бөлшектерiнiң жылдамдығы құбыр бетiнен қашықтаған сайын өседi, сонан соң елеусiз өзгередi. Сұйық бөлшектерi бiр қабаттан басқа қабатқа өтiп жүретiндiктен олардың әр түрлi қабаттардағы жылдамдықтары бiр-бiрiнен көп өзгешеленбейдi. Құбыр бетiнде жылдамдық градиентi үлкен болғандықтан, әдетте құйын түзiледi.
Құбырлардағы турбуленттiк ағыс кезiндегi орташаланған жылдамдық кескiнi ламинарлық ағыс кезiнде парабола тәрiздi көрiнiстен көп өзгешеленедi. Турбуленттiк ағыс кезiнде құбыр қабырғасы маңайында тым арта түскен жылдамдық ағыстың орталық бөлiгiнде баяу өзгерiске ұшырайды (2 сурет).
Ағылшын оқымыстысы О.Х.Рейнольдс ағыстың сипаты өлшемсiз шама, Рейнольдс санымен, сипатталатынын белгiледi.
(2)

Ламинарлық Турбуленттiк
2 сурет
мұндағы – кинематикалық тұтқырлық;
 - сұйықтың тығыздығы;
- құбыр қимасы бойынша сұйықтың орташа жылдамдығы;
d – сұйықтың ағысына тәуелдi сызықтық өлшем, мысалы, құбырдың диаметрi.
Рейнольдс санының аз мәндерiнде (Re1000) ламинарлық ағыс байқалады, ламинарлық ағыстан турбуленттiк ағысқа өту 1000Re2000 облысында болады, ал Re=2300 облысында болғанда (тегiс құбырлар үшiн) ағыс – турбуленттiкке өтедi. Егер Рейнольдс саны бiрдей болса, онда қималары әртүрлi құбырлардан әртүрлi сұйықтардың (газдардың) ағыс тәртiбi бiрдей болады.
Сұйықтардың тұтқырлығын немесе iшкi үйкелiс коэффициентiн лабораториялық жағдайда Стокс немесе ротациялық вискозиметр әдiстерiн қолданып анықтауға болады.
Стокс әдiсi тұтқырлығы аз мысалы, глицерин, майсана майлары сияқты сұйықтардың iшкi үйкелiс коэффициентiн анықтауға қолданылады. Тұтқырлықты анықтаудың бұл әдiсi, сұйық iшiнде баяу қозғалатын сфера пiшiндi кiшкене қатты дене – шардың жылдамдығын өлшеуге негiзделген.
Т ұтқыр сұйық iшiнде еркiн құлаған шарға Р ауырлық күшi, Q Архимедтiң керi итерушi күшi және F тұтқырлықтың кедергi күшi (қозғалысқа кедергi күш) әсер етедi.



мұндағы mш и mс – шар мен сұйықтың массалары;


ш и с – олардың тығыздықтары;
r – шардың радиусы;
 - шардың құлау жылдамдығы; 3-сурет
g – еркiн түсу үдеуi;
 - тұтқырлық коэффициентi.
Тұтқыр сұйықта құлаған шардың қозғалысы тек алғашқы уақыттарда үдемелi болады. Жылдамдық артқан сайын тұтқырлықтың кедергi күшi артады және қандай да бiр уақыт моментiнде қозғалысты бiрқалыпты деп есептеуге болады, яғни төмендегi теңдiк орындалады.
P = Q + F, F= P – Q, яғни

Егер шардың қозғалысы бiрқалыпты болса, онда жылдамдық 0 = l / t, мұндағы l – құбыр белгiлеулерi арасындағы қашықтық, t – шардың құлау уақыты. (3) теңдеуге жылдамдықтың формуласын қойып, келесi өрнектi аламыз

Бұл теңдеу шар шектеусiз ортада құлағанда орындалады. Егер шар радиусы R құбыр осiнiң бойымен құласа, онда құбырдың бүйiр қабырғаларының әсерiн ескеруге тура келедi. Стокс формуласын берiлген жағдай үшiн теория жүзiнде Ладенбург негiздеп бердi. Тұтқырлық коэффициентiн анықтауға арналған, түзету енгiзгеннен кейiнгi, формула келесi түрде жазылады:
(4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет