А 11 «Механика және молекулалық физика» бөлімінен лабораториялық жұмыстар орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Қызылорда. ҚМУ, 2007ж



бет23/25
Дата23.09.2023
өлшемі2,13 Mb.
#109915
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
мех-лаб-каз (2)

Құралдың сипаты
Жұмыс қатты денелердiң сызықтық ұлғаþ коэффициентiн анықтауға арналған құралдың көмегiмен орындалады. Зерттелетiн үлгi шыны ыдыстағы (пробирка) суда қыздырылады. Судың деңгейi ыдыстың жартысынан төмен болмауы тиiс. Қыздырылған үлгiнiң бастапқы ұзындығымен (бөлме температурасындағы) салыстырғандағы ұзындығы аз орын ауыстыру индикаторымен өлшенедi және сызықтық ұлғаþды анықтауға арналған белгiлi формулаға қойылады.
Құрал (1-сурет) қорғаушы қорап 1 бекiтiлген корпустан 2 тұрады. Қорғаушы қораптың iшiнде тiрекке 4 және қақпаққа 5 ортасынан кесiлiп дәл келтiрiлген қыздырғыш 3 орнатылған. Тәжiрибе жүргiзгенде стерженi 8 бар шыны ыдыс 7 қыздырғыштың iшiне салынады.
Құралдың корпусына аз орын ауыстыру индикаторына 11 арналған тiреуiшi 10 бар таған 9 орнатылған. Тiреуiш таған өз осiнiң айналсында 900 бұрышқа бұрыла алады.
Корпустың бетiнде индикатор шамы ,12 және қысқыштың шыртылдағы 13, ал оның iшкi тасасында жерлестiру бұрандасы, 14 орналасқан. Корпустың iшiндегi тiреуге сақтандырғышы бар тұтқыш ,15 бекiтiлген Штепсельдiк айыр тетiк, 16 құралды кернеуi 220В электр желiсiне қосуға арналған.




1-сурет. Қатты дененiң сызықтық ұлғаþын анықтауға арналған құрал.

Жұмыстың орындалу ретi


  1. Лабораториядағы ауа температурасын және стерженьдердiң бастапқы ұзындықтарын өлшеу.

  2. Құралдың жабдықтары жинағындағы шыны түтiктердi бөлме температурасындағы сумен жартылай толтыру және оның iшiне сыналатын стерженьдi салып, штативке орналастыру

  3. Стерженьнiң сфералық дөңес ұшынан шыны түтiктiң түбiне орналасуын қадағалау

  4. Жерлестiру бұрандасының өткiзгiштiгiн жерлестiру өткiзгiшiне немесе кез келген жермен байланысы бар нәрсемен қосу. Құралдың штепсельдiк тетiгiн розеткаға қосу

  5. Бұрылатын тiреуiшке индикаторды орналастыру және оны бекiтiлген шегiне дейiн ширек бұрышқа бұрып қоþ

  6. Сыналатын стерженi бар шыны ыдыста резеңке төсем және құрал қақпағындағы саңылау арқылы қыздырғышқа орналастыру

  7. Индикатор штогын жоғары тартып, индикаторды шыны ыдыс түбiне орналастыру (кесiктегi тiреуiштi бұру. Тiреуiштi бұрандамен мықтап бекiту) және штокты стерженьнiң ойыс шетiнiң ортасына келтiру.

  8. Индикатор шкаласындағы бағдаршаның орнын белгiлеу (ең бiрiншi тәжiрибе үшiн бағдаршаны нольге қоþ).

  9. Құралдың қорегiн шыртылдақты қосқышпен қосу. Бұл кезде индикатор шамы жанады.

  10. Ыдыстағы су қайнағанда сыналатын үлгi температурасы судың қайнау температурасымен теңеледi. ¶лгi ұзындығының артуын индикатор бағдаршасының бастапқы орнынан ығысуы бойынша анықтау. Бағдарша орнының ығысуын индикатор шкаласының жарты бөлiгiне дейiнгi дәлдiкпен есептеу.

  11. Жұмысты одан әрi жалғастыру және тәжiрибенi басқа стереженьдермен жасау үшiн шыртылдақты өшiргiшпен құралдың қорегiн ажырату.

  12. Индикатор штогын алдын ала жоғары көтерiп қоþ және бұрылмалы тiреуiштегi индикаторды жанына тiрелгенше ығыстыру.

  13. Қызған ыдысты құралдан шығарып алу және штативке орнату.

  14. 5-9 пунктердi басқа үлгiлер үшiн қайталау.

  15. Өлшеулеердi әр түрлi үшiн 3 рет жүргiзу. °р өлшеудi жүргiзер алдында үлгiнi салқындату және ыдысқа бөлме температурасындағы суды құþ.

  16. °рбiр үлгi үшiн сызықтық ұлғаþды (9) формуламен есептеу, бұл кезде ∆L орнына Lорт мәнiн қоþ және t ыдыстағы судың бастапқы температурасы (бөлмедегi), t0 – ыдыстағы судың қызған кезiндегi температурасы (1000С), ал үлгiнiң бастапқы ұзындығының L0=160мм екенiн ескеру.

  17. Алынған нәтижелердi кестеге орналстыру.


¶лгi

L0,мм

L1,мм

L2,мм

L3,мм

< L>,мм



№1



















№2



















№3























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет