«А» 26 Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен факторлары?



бет13/15
Дата05.06.2023
өлшемі67,46 Kb.
#98767
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ТӘРБИЕ АЛФАВИТ РЕТІМЕН-1

Ж: Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады.
Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.
Парадигма – ғылым дамуының белгілі бір кезеңдерінде ғылыми қоғамның қабылдаған әдіснамалық және теориялық қағидаларының жиынтығы, ғылыми зерттеудің үлгісі, стандарты, зерттеу мәліметтерін,болжамдар мен ғылыми міндеттердің жиынтық үлгісі ретіндегі көрінісі. Чех елінің белгілі ойшылы, педагог Ян Амос Коменский (Jan Amos Komenský, 1592-1670) ғылымға «пампедия» жаңа терминін енгізді. Ұғым бойынша «пампедия - бүкіл адамзаттың әмбебап тәрбиесі... Басты мәселе бәрі, барлығына, жан-жақты үйренуі тиіс». Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамда тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет.
7) «Тәрбиелік жүйе» ұғымы және оның құрылу кезеңдері?
Ж: «Тәрбиелік жүйе» – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің компоненті. Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. 
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:
I кезең — мектеп бейнесін жасау.
II кезең — оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру.
III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.
8) Тәрбиелік жүйе: мәні, құрылымы, негізгі компонентеріне сипаттама?
Ж: Қазіргі педагогика «технология» сөзі секілді «жүйе» сөзін де жиі-жиі қолданады. Бұл заңдылық қазіргі ғылымның негізгі принципі – жүйелік принципіне сай келеді. Педагогикалық феномен ретінде тәрбие жүйесін зерттеу жұмыстары 1970 жылдардың басынан үзіліссіз жүргізілуде. Бүгінде тәрбие жүйесінің біртұтас тұжырымдамасы жасалды, солардың ішінде Л.И.Новикова, В.А.Караковский, A.M.Сидоркин, Н.Л.Селиванова және т.б. құрған жүйелерін атауға болады. Олардың зерттеулерінде тәрбие жүйесі біртұтас әлеуметтік-педагогикалық ағза және өзара әрекеттесу жағдайындағы тәрбиенің қалыптасқан негізгі компоненттері (субъектілер, мақсаты, мазмұны және іс-әрекет, қарымқатынас тәсілдері), сондай-ақ ұжым болып өмір сүру, ондағы психологиялық ахуал ретінде қарастырылады (Л.И.Новикова). Тәрбие жүйесі «педагогикалық жүйе», «дидактикалық жүйе», «тәрбие жұмысының жүйесі» секілді ұғымдардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені бұл кең көлемді ұғым. Ол өзінде жоғарыда аталған үш жүйені өзінің компоненттері ретінде қарастырады. Егер тәрбие жағымды жағдай тудыра отыра тұлғаның даму процессін басқаруды қарастырса, тәрбие жүйесі – педагогикалық әрекеттің компоненттерінің (мақсаты, тәрбие субъектілері, олардың ісәрекеттері, қарым-қатынасы, ортасы, жүйені басқару т.б.) белгілі бір тәртіппен орныққан жиынтығы ретінде тәрбие процесінің мақсатын нәтижелі жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Компоненттердің өзара әрекеттесуі және кірігуі бала тұлғасының қалыпты дамуына мақсатты және нәтижелі түрде ықпал етеді. Соған орай мектеп педагогикалық әрекетте логикалық тұрғыдан өзара байланысты өмір сүретін және дамитын біртұтас әлеуметтік ағза ретінде танылады. Бұл жүйе педагогикалық әрекетте өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі ұйымдастыратын процесс ретінде қарастырылады. Демек, жүйе – белгілі бір қатаң тәртіппен, логикалық тұрғыда өзара байланысты болып келетін элементтердің құрылымы. Құрылым – [структура] (латынша structura – строение) – бұл жүйедегі элементтердің орналасу тәртібі. Жүйенің құрылымын қабылданған өлшем бойынша элементтер (компоненттер) құрайды және олар бір бірімен өзара байланыста
болады. Жүйенің компоненттерін педагогтар, тәрбиеленушілер, тәрбие жағдайы құрайды. Бұған Қытай халқының: «Құдықтағы суды мақтағанда, оны тұрғызғандарды ұмытпа» деген мәтелі тірек болады (Кукушин В.С.)

12) Тәрбие процесіне технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану?
Ж: Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";

• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";

• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";

• тән саулығы - "дене тәрбиесі".

И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген. Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Сипатына қарай оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері. Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.

• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
А. П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі – бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.


«Ұ»
19) Ұжымдық-тәрбиелік істердің мәні мен оның құрылымы?
Ж: Ұжымда адамға сыйластық сезімін қалыптастыру-педагогтың бастр міндеттерінің бірі. Алайда, ешқандай педагог кластағы жолдасын күшпен сыйлата алмайды, әр түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы бір ұжымға біріктіреді. Оқушылар ұжымы педагогикалық басшылықы қажет етеді. Бірақ әкімшілік би леп төстеуге жол беругеде болмайды.Оқушылардың дербес шығармашылығын, белсенділігіншебер бағыттап отыру керек. Оқушылардың ынтасын басып, артық мазасыз, қамқоршы болу да негізсіз.
Ұжымның даму үш кезеңнен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет