«А» 26 Ата-аналармен ынтымақтастық формалары. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен факторлары?



бет11/15
Дата05.06.2023
өлшемі67,46 Kb.
#98767
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ТӘРБИЕ АЛФАВИТ РЕТІМЕН-1

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: Саяхат ойын сабағы 
Сабақтың әдісі: Қайталау, сұрақ-жауап, интер белсенді әдістер.
Сабақтың көрнекілігі:1. Сезім мүшелерінің түрлері және құрылысы (слайд)
2. Дидактикалық материалдар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімінде: оқушыларға бүгінгі сабақта таңғажайып саяхатқа аттанатыны айтылады. Олар « Білім » мұхитын жүзіп өтіп, қазыналы аралға баруы тиіс. Мұғалім кеме капитаны, оқушылар жас теңізшілер. Сынып үш топқа бөлініп, әр топ топбасшысын сайлайды. Мұғалім саяхаттың маршруттық картасымен таныстырды.
1-аялдама « Сенсорлық жүйе »
2-аялдама « Сезім жағалауы »
3-аялдама « Сынақ түбегі »
4-аялдама « Өзен порты »
5-аялдама « Шариғат шапағаты »
6-аялдама « Қазыналы арал » ( үйге тапсырма )
Негізгі бөлім: мұнда әр аялдамада берілген тапсырмаларды орындайды
1-аялдама « Сенсорлық жүйе » тапсырмасы.
Ағыстардың қаттылығынан кеме шайқалып, картамыз суға ағып кетті. Енді картаны қайта жасау керек. Ол үшін « Лото » ойынын ойнаймыз. Мына кеспе қағаздардан араласып кеткен мүшелерді жүйесіне қарай жіктейміз: құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы, кірпік , мұрын қуысы, тіл, иіс сезу бадамы, дабыл жарғағы, қабақ, мұрын қалқандары, тері, тәтті,дыбыс сүйекшелері, иіс сезу жүйкесі, қарашық, тіл бадамшасы, кеңсірік, ақ қабықша, есту жүйкесі, ащы, торлы қабықша, тұзды, ұлу дене, миға баратын иіс сезу жүйкесі. 


Осы тапсырмаларды үш топ жеке-жеке сезім мүшелеріне, құрылысына қарап жіктейді. (яғни сезім мүшелеріне не жататынын сипаттап береді)
2-аялдамада «Сезім жағалауы» тапсырмасы
Үш топқа үш қобдиша беріледі. Қобдишаға түрлі заттар салынған. Оқушылардың көзі орамалмен таңылады да заттарды қолмен ұстап, иіскеп жіктеп атын атайды. Қобдишадағы заттар: бор, алма, иіс су, мақта, темір, спирт, т.б. Оқушылар сипап сезу, иіс сезу мүшелерінің көмегімен заттарды тану қабілетін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет