Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
49
нәтижелерді сипаттайды. Сонда мақсат «педагогикалық терминдермен» берілетін оқу-
тәрбие үдерісінің күтілетін нақты нәтижесі ретінде интерпретацияланады.
Кӛптеген әдебиеттерде білім беруден күтілетін нәтижелер деп нақты оқушының
білім ала білу үдерісін
сипаттайтын, оның белгілі бір нақты нәтижелерге жетуге
талпынысына негізделген оқыту үдерісін білдіреді [1,2,3]. Осы тұрғыдан алғанда,
күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылатын мақсаттар жүйесін құруды ескереді, олар әрі
қарай нақтыланып, оқу жетістігі деңгейіндегі жалпы нәтижелер (олар 3-5 болуы мүмкін)
арқылы сипатталады.
Жалпы алғанда қолданбалы курстарды оқытудан күтілетін
нәтижелер дегеніміз-қандай білім, білік, дағдылар оқушылардың болашақ мамандығының
жетістігіне қажет, іс-әрекеттің қандай түрлері игеріледі, оларды игеру үшін қандай
құндылықтар ұсынылатын болады деген сұрақтарға жауап болып табылады немесе
қолданбалы курсты оқытудан күтілетін нәтижелер – оқу материалының кӛлемі, оның
мәнділігінің деңгейі, сондай-ақ оны меңгерудің нормативті оқу уақыты ескеріле отырып,
игерілетін білім, білік, дағдылар.
Мектепте математиканы оқытудан күтілетін нәтижелерді
құзырлық тұрғысынан
жобалау жан-жақты қарастырылған мәселелердің бірі [4, 5]. Олардың кӛп жылғы
нәтижелері ретіндегі математиканы оқытудан күтілетін нәтижелер 2010 жылы жарық
кӛрген «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламаларында берілген. Мұндай күтілетін
нәтижелер қолданбалы курсты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтауда басты назарда
болуы тиіс.
Күтілетін нәтижелер оқушылар үшін маңызды болуы тиіс, бұл курспен алғашқы
танысуда оның тартымдылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Оқыту нәтижелері
«оқушылар білуі тиіс (түсінігі болуы, мысалдар келтіре алуы),
істей алуы, тәжірибесі
болуы» сияқты терминдер арқылы беріледі. Күтілетін нәтижелерді анықтауға арналған
барлық тәсілдер: оқытудың соңында оқушылар қандай жаңалықты біле алады, түсінеді,
жасай алуға үйренеді сұрақтарына жауап болып табылады. Бұл сұрақтарға жауап
«күтілетін нәтижелер» деген терминмен беріледі. Олар қолданбалы курста нені және оны
қалай нақты оқыту керек деген шешімді қабылдаудың алдында анықталады, яғни олар оқу
жоспарының құрылымын және нәтижелерін,
нақты берілетін мазмұнды, оны түсінуді,
құндылықтарды, сондай-ақ бағдарлануды сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: