А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет76/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90
 
Жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы. 
Арнайы энергетикалық әсер шырындарда 
энергетикалық заттардың, әсіресе кӛмірсулардың болуымен байланысты. Кӛбінесе олар 
жемістер мен жидектердің шырындары. Глюкоза мен фруктозаның минералды тұздармен 
қолайлы сай келуі қанттардың сіңу мүмкіндігін жоғарылатады. Арнайы биостимулдеуші 
әсер белгілі бір ФАЗ-дың болуына негізделген. Адаптогенді ӛсімдіктердің 
шырындарының әсері осындай, мысалы, қытай лимонының жемісі, шырыны. Табиғи 
антиоксиданттарға байлары: облепиха мен сәбіздің шырындары, янтар типті органикалық 
қышқылдар, зат алмасуды стимулдеушілер: жүзім мен қарлығаның шырындары. Жалаңаш 
мияда фитогармондар бар, ал сәбіз, алма және қызылша шырындарында пектиндер бар. 
Соңғылары ішекте шіру мен ашу, іру ӛнімдерін байланыстырып, жұмысқа қабілеттілікті 
арттырады. Кӛптеген зерттеушілердің ойы бойынша шырындар ағзадан улы зиянды 
заттарды шығаруға арналған «қорғаныс» сусындары бола алады.
Кеңес одағы кезінде шырын негізіндегі «Новинка», «Яблочно-пектиновый», 
«Айвово-вишневый» сусындарын шығарған. «Яблочно-пектиновый» сусынының 350 мл 
кӛлемі пектиннің (9,1г) күндік профилактикалық нормасын құрайды. Кӛптеген 
шырындардағы фитонцидтер де осыған ұқсас әсер етеді. Олар ішектердегі микробты 
флораны азайтады, әсіресе дисбактериоз кезінде. Жалған биостимуляторларға 
дәрумендер, макро және микроэлементтер жатады. Олар ағзада дефицит болған жағдайда 
ғана шырындар жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Кез келген бұлшық ет қызметі кезінде 
тек калория ғана жұмсалмайды, сонымен қатар дәрумендер, минералдар мен 
макроэлементтер де жұмсалады. Сондықтан дәрумендер тыныш уақытқа қарағанда 
бірнеше есе тез бұзылады [1].


164 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
Азықтық заттарды сіңіру үшін ағзада ӛткізуші, ерекше тасымалдаушы ферменттер 
бар, мысалы, минералдар мен дәрумендерді асқазаннан қанға тасымалдайтын. Бұл үдеріс 
қосымша энергия жұмсауды қажет етпейді. Ӛсімдіктердің табиғи фармацевтикалық 
фабрикасында бұл заттар ферменттер мен ақуыздардың кешенді қосылыстарында болады. 
Қазақстанның тамақтану институтының соңғы мәліметтері бойынша ақуыздардың 
айтарлықтай мӛлшері асқазан қабырғасында жарықшақтанбай сіңіріледі. Оның мысалы 
шикі шырындар арқылы ағзаға табиғи дәрумендер, макро және микроэлементтер келіп 
түседі. Шикі шырындар ол ӛсімдіктердің «тірі суы». Ол энергетикалық шығынды қажет 
етпейді, катализаторлық және биохимиялық, физиологиялық процестерді жылдамдата 
отырып, зат айналымға бірден түседі. Құрушы және ағзаны қалпына келтірушілер болып 
табылады. Қажетті заттардың кӛзі ретінде шырындарды жарыстағы шаршаудан кейінгі 
спорттық қабілеттілікті қайта қалпына келтіруге қолданған. Бұл кезеңде ағзаның 
дәрумендер, макро және микро элементтерге қанығуы үлкен рӛл ойнайтыны анық. 
Кӛптеген әлемнің дамыған елдерінде қалыпқа келтірушы сусындар шырынды негізде 
жасалған. Дами бастаған елдерде «Атлант», «Летний», «Солнечный» (алма шырынымен), 
«Букет Грузии» және «Салют» (шие шырынымен), «Дружба» (клюква шырынымен), 
«Андреиш» (жүзім шырынымен), «Лейла» (қой бүлдірген шырынымен), «Регата» (айва 
шырынымен), «Свайя» немесе «Мечта» (сәбіз шырынымен), Қазақстанда алма, сәбіз, қара 
ӛрік және т.б. шырындары ӛндіріледі [2] . 
Шырындардың эрогенді әсер ету механизмінің классификасының сипаты бірнеше 
түрлі. Ол кез келген шаршаған адамның жұмысқа қабілеттілігін қалпына тиімді келтіру 
үшін организмге қажеттісін тез таңдауға кӛмектеседі. Мысалы, жазғы ыстыққа жасанды 
боялған және ароматталған газдалған суға қарағанда балғын жеміс жидектер немесе 
кӛкӛніс шырындарын ішкен пайдалы. 
Алма шырыны.
 
Бауыр, бүйрек, зәр шығару жолдарындағы сырқаттар және 
атеросклерозда кӛмегі зор. Сондай-ақ, асқазан жұмысын жақсартады, зат айналымы 
қалдықтарының сыртқа шығуына кӛмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет