Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
165
қызылша, салат пен шпинат шырын түрінде шаршайтын жұмыстардан соң күш кӛзі
болып, тез табылатындар [ 2].
Шырындардың бағалылығы оның тез сіңірілуінде: оны қабылдағаннан кейінгі жарты
сағатта ол үдеріс аяқталады. Кӛкӛністі тағамдардың толық қорытылу мен сіңірілуі үшін
бірнеше сағат қажет. Шырындарды қолдана отырып біз ағзаның асқорытуын тездетеміз.
Шырындарды жекелеген тағам ретінде ішуге болады немесе кез келген тағамға дейін 30-
40 мин бұрын ішуге болады.
Шырындардың құрамындағы гербицидтер ағзаға келіп түспейтіні туралы мәліметтер
бар. Олар негізінен клеткада қабығымен байланыста болып қалады. Бұл шырындардың
тағы бір басты артықшылығы. Шырындарды қалай ішу керек? Бұл жағдайда әр түрлі
авторлардың ұсыныстары ӛзгеше. Шырындарды басқа тағамдармен,
сонымен қатар
минералды сумен бірге диеталық тамақ ретінде ішуге берілген кеңестерді тиімді деп
санауға болмайды. Егер сізде асқорыту ағзаларында созылмалы ауру болса, онда
тамақтану кезінде және одан кейін шырындарды ішу (әсіресе кӛмірсуларға бай) қауіпті.
Бұл асқазандағы ашыту процесін күшейтеді және патологиялық процестің асқынуын
тудырады. Асқазандағы қышқылдылық тӛмен немесе орташа болса ӛсімдіктер шырынын
тамаққа дейін 30-40 мин бұрын ішу керек. Асқазанда тұз қышылының түзілуі артық болса
шырындарды тамақтан кейін жарты сағаттан соң қабылдайды.
Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, қысқа уақыт аралығында шырындардың ӛте
кӛп мӛлшерін қолданудың жалпы жағымсыз әсері жоқ. Практикалық тәжірибе негізінде
бұл жерде белгілі бір норманың қажет екенін айта кеткен жӛн.
Әдетте шырындарды
қолданудың екі режимі пайдаланылады: шырынмен қанығу (күніне 1,5- 2 л шырын) және
күнделікті профилактикалық қолдану. Шырындар салмақты тез түсіреді және ағзаны
тазартады. Үш күннен кӛп тек шырындарды қабылдау дәрігердің қадағалауында болуы
қажет. Шырынды профилактика ретінде жүйелі түрде, ретпен аптасына 1-2 рет ішуге
болады. Әдетте, шырындардың әсерінің нәтижесі кӛрінуі үшін 2-5 тәулік қажет [1,2].
Шырындарды үй жағдайында қалай дайындау керек? Оларды тек балғын,
бұзылмаған кӛкӛністер, жемістер мен жидектерден жасау керек және бірден ішу қажет.
Соңғы жылдары Н.В.Уокердің шырындарды престеу арқылы шырынсыққышта дайындау
әдісі классикалық ұсыныс болып табылады. Кеңес одағы
ғалымдары центрифуга мен
шырынсыққышта дайындалған шырындардың қасиетін анықтады (мысалы, СВА-1типі).
Центрифугалық шырын сығылғанға қарағанда 3-4 есе тез дайындалады, сондықтан
физиологиялық активті заттар аз қышқылданады. Центрифугалық алма шырынында
сығылғанға қарағанда флавоноидтердің мӛлшері 3 есе, лейкоантоционидтер (бояғыш
заттар) 10 есе кӛп. Сонымен қатар центрифугалық шырын 10% жұмсағы бар нектар болып
табылады. Оған ФАЗ-дың кӛп мӛлшері түседі, сондықтан да ол ағзаға биологиялық
тұрғыдан бағалы. Шырынды дайындағаннан соң бірден қабылдау қажет.
Оны тоңазытқышта аз уақыт сақтаудың ӛзінде дәмі ӛзгермесе де,
ашуы мен
бұзылуын тудырады. Консервіленген шырындар балғынға қарағанда аз белсенді әсер
етеді. [3]
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ж.Ж.Қожантаева «Экология және сыртқы ортаның тұрақты дамуы». – Алматы,
2011.
2. «Флора Казахстана» Алматы 1956-1966. І – ІХ т.
3. М.К.Кӛкенов, С.Н.Әдекенов, Қ.Д.Рақымов, Ә.И.Исанбаев, Б.Н.Сауранбаев
«Қазақстанның дәрілік ӛсімдіктері және оның қолданылуы» Алматы «Ғылым» 1998ж.
РЕЗЮМЕ
В статье приведены данные о составе сока выделенных из плодов и из вегетативных
органов овощных культур и его значение для здоровья человека.
SUMMARY
The article deals with composition of garden-stuffs juice and the vegetative organs of
vegetable cultures and its value for the man’s health.