Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
167
Бидайдың интенсивті жаңа сорттары басқа сорттарға қарағанда кеш егілгенін
қалайды, олар ерте егілсе тез дамып, кӛптеген аурулардан және сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларынан тӛзімділігі нашарлап кетеді.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында күздік
бидайды себу мерзімі
сорттардың биологиялық ерекшелігіне байланысты дифференциацияны талап етеді.
Дәнді дақылдарды ӛсіру шаруашылықтарында кӛп ауданды жерлерде егу
техникаларының жетіспеушілігінен аз уақытта барлығын сеуіп шығу мүмкін болмайды,
кейде кыркүйектің басынан қарашаның ортасына дейін баруы мүмкін.
Осыған
байланысты күздік бидай сорттарының дұрыс дифференциациясының қажеттілігі
туындайды.
Себу мерзіміне байланысты түсімділік ұлғаюының ӛзгерісі кӛбінесе себу
мӛлшеріне және күздік бидайдың минералды қоректенуіне және ӛсірілген сорттардың
биологиялық ерекшелігіне тәуелді. Біздің зерттеген сорттарымызда әртүрлі себу
мерзімінде және себу мӛлшерін кӛбейткен сайын оның ӛнімділігі тӛмендей түсті, Алмалы,
Лютесценс 42 Эритроспермумнің 217, 317, 256, 596 сорттары 20.10 күні себілгенде және
себу жиілігі 1,5-2,5 млн дән болғанда жоғары ӛнімділікті кӛрсетті, ал ерте 20.09 күні және
себу мерзімі 2,5 -5,5 млн дән болғанда тӛменгі ӛнімділікті кӛрсетті (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: