131
сыныпта «Қатты денелердің айналмалы қозғалысы» тақырыбын
қарастырғанда айналмалы қозғалыстың кинематикалық және
динамикалық сипаттамалары
-инерция моменті ұғымы мен
айналмалы қозғалыстың динамикасының теңдеуі
беріледі.
10-сыныптың факультативтік курстарында молекулалық
физика модельдерінің қолданылу шегі, молекулалардың
жылдамдықтары бойынша жіктелуі (Максвелл), статистикалық
және термодинамикалық әдістер қарастырылады.
«Термодинамика» тарауы бойынша жылу сиымдылық ұғымы
тереңірек қарастырылып, газдардың жылу сиымдылығының
оның күйінің өзгеру процесіне тәуелділігі, қайтымсыз процесс
туралы түсінік, термодинамиканың ІІ заңы және оның статис-
тикалық мағынасы, жылу двигателінің жұмыс істеу принциптері
қарастырылады. «Электродинамика» тарауында Остроградский-
Гаусс теоремасы, сегнетоэлектриктер, пьезоэлектрлік эффект,
жартылай өткізгіштің қолданылуы сияқты мәселелер қарасты-
рылады. Электрлік шамаларды және магниттік шамаларды өлшеу
әдістеріне көңіл бөлінеді.
11-сыныптың факультативтік курсында электромагниттік
тербелістер туралы білімдері гормониялық емес тербелістерді
қарастыру арқылы тереңдетіледі. Политехникалық білім берудің
мақсаты оқушыларды үш фазалы токты алу, үш фазалы токтың
асинхронды двигателі мен үш фазалы электр энергиясын
тасымалдау жүйесін қарастыруда жүзеге асырылады. Жарықтың
толқындық қасиеттерін қарастырғанда Френель зонасы, Гюйгенс-
Френель принциптері туралы түсінік беріледі.
«Кванттар» тақырыбы бойынша материаның корпускулалық-
толқындық қасиеттерін дәлелдейтін фотонның нақты өмір
сүретінін дәлелдейтін материалдар қарастырылады.
«Қолданбалы физика» факультативтік курстарында уақыт-
тың көбі практикада кеңінен қолданылатын механизм-дердің,
машиналардың, автоматтық қондырғылардың жұмыс істеулерінің
физикалық принциптерін қарастыратын практикалық сабақтарға
бөлінеді. Мысалы: (7-8 сынып) «Физикалық шамалар және
оларды өлшеу». Курстың міндеттері:
- оқушыларды физикалық шама, өлшеуіш құралдар, өлшеу
әдістері, өлшеу қателіктері, экспериментальдық зерттеу деген
сияқты ұғымдармен таныстыру;
)
(
Достарыңызбен бөлісу: