65
Мұндай сабақтардың мақсаты – оқушылардың кешенді білім және іс-
әрекет түрлерін ӛз бетімен қолдану үшін мазмұндық және ұйымдастыру
жағдайларын жасау.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация.
2.Кешенді білім мен іс-әрекет әдістерін ӛзектілеу.
3.Ұқсас және жаңа жағдайларда білімді ӛз бетімен қолдану, бақылау
және ӛзін-ӛзі бақылау.
4.Түзету.
5.Рефлексия.
Аталған сабақ типін әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг
түрінде жүргізу тиімді.
Төртінші сабақ типі: «Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және
қорытындылау» деп аталады.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың білімін және іс-әрекет әдістерін
қорытындылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация.
2.Оқу материалының мазмұнын талдау.
3.Оқу материалындағы басты мәселені ерекшелеу.
4.Жүйелеу және қорытындылау.
5.Пән аралық және пәнішілік байланыс орнату.
6.Рефлексия.
Бірінші және екінші сабақ типтеріндегі сабақ түрлерін белсенді қол-
дануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: