Ақ Алматы технологи


Дәріс 7. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау



бет8/34
Дата15.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#122725
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
социология0

Дәріс 7. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау
Әлеуметтенудің мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай келетін адамның белгілі бір типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси құрылымға қарай әр түрлі болады. Қазіргі заманда қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы бар екенін айтуға болады. Соған сәйкес әлеуметтену үрдісі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы әлемдік тенденциялармен (кенттену мен ақпарат¬тандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.
Әлеуметтену үрдісінің негізі - кез келген қоғам мүшелерінің еркектің немесе әйелдің өз рөлдерін сәтті меңгергендігі (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуі), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуы және қатысқысы келуі (кәсіби әлеуметтену), қоғам мүшелерінің берік отбасын құруы (отбасылық рөлдерді игеру), заңды сыйлайтын азамат болуы (саяси әлеуметтену). Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі ретінде сипаттайды. Алайда, адам әлеуметтену объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде адам әлеуметтену үрдісінде өз белсенділігін жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту және қоғамда өзін-өзі көрсету арқылы, бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.
Егер де әлеуметтену үрдісінде адамның тұлғасы дамитын болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. «Девианттық мінез-құлық» ұғымы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік «жамандықтың» жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады».
Девианттық мінез-құлықтың өзіне тән белгісі мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған мысалы: қылмыс жасау, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, олар тұтастай қоғамға және нақты жеке тұлғаға зор зиян келтіреді.
Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы - қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті қауіптілімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жодарын айқындау
Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтанудағы түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды.
«Әлеуметтік бақылау» - терминін айналымға алғаш рет енгізген француз социологы және криминологы Жан Габрие́ль Тард (1843-1904), оны бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде қарастырған болатын.
Қоғам түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, әрқашан ауытқушы мінез-құлықтардың жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға тырысады. Әрбір әлеуметтік топта өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Жалпыға ортақ қабылданған үлгілер шеңберіне сыймайтын мінез-құлықтарды тиісінше қоғам санкциялаған болады. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі. Демек, әлеуметтік бақылау өзін-өзін реттейтін жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді қызмет атқаруын ескере отырып, қоғам қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтар жүйесіне сәйкес келетін жеке адамның мінез-құлқын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын түрлі әрекеттер мен санкциялар, ынталандырулар мен марапаттар арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік бақылау топтағы конформизмді қалыптастырады. Адамның кез келген мінез-құлқы мен әрекеттері бақылауға жата бермейді. Әрбір адамның қоғамның түріне, топтағы қоян-қолтық қызметке, оның институттарының сипатына, жеке адамның топтағы ұстанатын позициясына қарай кең немесе тар болатын белгілі бір жеке аясы болады. Осындай іс-әрекет, тұтас топты қаншалықты деңгейде қозғайтын болса, оған қарсы бағытталған шаралар да соншалықты салмақты болады.
Э.Росстың пікірінше, әлеуметтік бақылау дегеніміз «салауатты» әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қоғамның жеке адамның мінез-құлқына мақсатты ықпал етуі. Р.Парк әлеуметтік бақылауды әлеуметтік күштер мен адам табиғаты арасындағы белгілі бір арақатынасты қамтамасыз ететін құрал деп түсінеді. Ол әлеуметтік бақылаудың үш нысанын бөліп қарайды: 1) қарапайым (мәжбүрлеуші) санкциялар; 2) қоғамдық пікір; 3) әлеуметтік институттар .
Т. Парсонс әлеуметтік бақылау мәселеріне және әлеуметтік жүйенің орнықтылығы мен ықпалдасушылығын қамтамасыз ету құралдары ретіндегі нормаларға ерекше назар аударған. Ол әлеуметтік бақылаудың үш құралын бөліп қараған:
1. Оқшаулау нормаларды бұзушыға (девиантқа) қатысты қолда¬ны¬лады және оны жөндеуді көздемейді. Мұндай әдіспен түзелмейді делінген қылмыскерлерге ықпал жасалады.
2. Шеттету құқық бұзушының байланыстарын шектеумен байланысты, бірақ оны қоғамнан толық оқшаулауды көздемейді. Бұл оған өзінің қоғам нормалары мен заңдарын ұстануға дайындығы мен қабілетін байқаған кезде қоғамға қайтып оралуына мүмкіндік береді.
3. Құқық бұзушыны жөндеу, оны қалыпты өмірге және өзінің әлеуметтік рөлін атқаруға қайта оралуына дайындау. Көптеген түзету орындарында, психиатиярлық емханаларда оңалту бағдарламалары кеңінен қолданылады, ал әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік қамсыздандыру органдарында, түрлі қоғамдық ұйымдарда ынтымақтаса отырып, құқық бұзушыларды оңалтумен айналысуда. Бұл ұйымдардың полициядан, соттан, бас еркінен айыру орындарынан айырмашылығы, девианттық мінез-құлықты қаскүнемдік жауыз ниет емес, әлеуметтік сәтсіздік, өзінің еңбек және өзге қабілеттерін қолдана алмау проблемасы ретінде қарауға бейім, әрқашан құқықтық санкцияларды емес, қолдауды, жанашырлықты, мейірімділікті, көбінесе емдеуді талап етеді. Сондықтан да олар әлеуметтік-психологиялық, медициналық және өзге алдын алу шараларына, тұлғаға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.
Сонымен, тұлғаның қалыптасуы өзара байланысқан бірқатар деңгейлерді - адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және дүниетанымдық қалыптасуын қамтитын күрделі процесс болып табылады. Әлеуметтену институттары адамға мінез-құлық үлгілерінің мәдени нормаларын үйретіп қана қоймай, әлеуметтік нормалар мен рөлдердің қаншалықты берік, терең және дұрыс меңгерілгенін де бақылап отырады.
Осылайша, девианттық мінез-құлық” ұғымы мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет