Дәріс 8. Дін, мәдениет және қоғам.
Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм «діни өмірдің қарапайым түрлері» (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. «Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз» – деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. «Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал». Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем – қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем – клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті [1].
Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап – өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді [1].
Зигмунд Фрейд, діннің басқа да қызметін көрсеткен. Оның пікірі бойынша, дін – адамдарды бала кезінен бойынан өткізіп келген қорғансыздық қорқынышынан сақтайды. Осындай қорқыныштан сақтанудың жолын бала атаанасынан тапса, сол сияқты үлкендер оның жауабын сүйікті жаратушыдан табуға тырысады. Оның ойынша, діни түсінік – ол әлеуметтік иллюзиялар. Адамдар материалдық табиғатқа қарамақайшы өздерінің психологиялық қажеттіліктерге бағытталып өмір сүріп жатқандығын түсінсе, бұл иллюзиялар сейілер еді дейді.
Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан, дін институты өзара байланысқан екі деңгейден тұратын жүйелік құрылысты көрсетеді: 1) құндылықты-нормативтік модель, өзіне қасиетті деп танылатын анықталған құбылыстар мен құралдар ортасына кіретін сенім жиынтықтары мен символдарын бекітеді; 2) діни нормалар мен сенімдердің барысында реттеліп және басқарылып отыратын, мінез-құлықтық үлгілердің құрылымы. Соңғысының шынайы көрінісі діни тәжірибенің түрлі аспектілерін бекітетін ұйымдардың әрекет етуі: сенушілердің моральдық қауымдастығы, дәстүрлер, ұстанымдар жіне т.б. Діннің құндылықты-нормативті деңгейі құлшылық етудің күрделі жиынтығын көрсетеді, яғни киелі мәтіндер мен жазбалар- да берілген құндылықтар, символдар. Мысалы, мұсылман дінінде құндылықтар мен білімнің көзі Құран болса, ал христиан дінінде Библия [2].
Діннің әлеуметтік қызметтері, негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыт – дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін, құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни абсолютті күш деп түсіндіреді.
Екінші бағыт – бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге, ең алдымен, отбасының, оның мүшелері мен туған-туысқандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті, халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдетғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнегеөсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштердің – әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады.
Үшінші бағыт – реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Дін топтастыру қызметін де атқарады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады. Діндерді мәмлеге келтіретін ондағы адамгершілік қағидалар. Осылар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.
Діндердің адам тәрбиесіндегі рөлін ерекше бағалай отырып, діндердің тарихын, олардың ізгілікке, имандылыққа шақырған және т.б. адамгершілікті насихаттаған қағидалары мектептерде оқытылып жатыр. Бұл бүгінгі жаһандану заманында аса қажеттілік болып тұр. Алайда бүгінгі дін оқулықтары туралы пікір қайшылықтары мол. Ол көбіне көп мемлекеттің дінге байланысты, оның ішінде ежелгі діндерге деген көзқарастарының кешегі кеңестік кезеңнен ұзап кете алмағанынан болып отыр.
“Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды,мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.
1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.;
2. Рухани- бұл ғылым,өнер, әдебиет,;
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі бір шартқа (жағдайға) байланысты. Дегенмен, олардың арасында тығыз байланы, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайсан, басқа да құрал-жабдық түріне айналады, ал, жаңадан пайда ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызыады.
Адамдар күнделікті өмірде мәдине құбылыстардың әр түрлі түсінеді.
Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе,екіншілері- қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениетті адамның туралы әңгіме қозғайды; үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, кішіпейілдігімен, өзін-өзі ұстап білумен, құқықтың жауапкершілігімен ұштастырады.
Мәдениет- адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының,еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы.
Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.
К. Маркс айтқандай, мәденит адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде қолдануды білдірмек.
Сонымен, мәдениет дегеніміз, жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуы болып табылады.
Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі. Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория.
Осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып, ол еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, көркемөнер мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті, т.б. түрінде көрініп отырады.
Мәдениет – тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті негізінде екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда – мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз куш. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.
Біздің әлеуметтік дүние танымызда руханилық, адамгершілік және құнды қасиеттер, әсіресе, шындық, әділеттілік және әдемілік негізіндерінде адамның бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал, бұлардың арасындағы қарама-қатынастар мен байланыстар өте күрделі болғандықтан, адамның руханилығын бір жақты ғана қарауға болмайды. Керісінше, руханият адамның ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың, мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с. аражігін ажырата білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін анықтағаннан кейін адам өзінің жүргізілетін әлеуметтану зерттеулерінде сүйенсек, құндылықтар, олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады, ал , адамгершілік қасинттерді алдынғы орынға қоятын санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі болады. Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз, кішіпейілдік, қаржылық бағалық, құндылықтар болса, қазір, нарықтық жағдайда, олар:мейірбандық, қайырылымдық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі-тұлға болып өзгерді.
Жалпы қоғамның рухани өмірінің дамуында екі үлкен бағыт (тенденция) бар екенін аңғаруға болады: Біріншісі, жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын көрсетеді және жалпы адамзат құндылықтары адамның іс-қызметімен тығыз байланысты. Адамдардың рухани мүмкіншілігі тоқырау уақытында да бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта іске асырылуда. Екінші бағыт, ел- жұрттың белгілі бір бөлігіне ғана тән. Бұл бөлік бұрынғы идеологияық құндылықтардан, ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани кеңістігі тұмшаланып қалды. Ал, адамның рухани өмірінің осындай жағдайда болуы адамдардың қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия) немесе керісінше, ойға келиейтін олардың тым белсенділігін туғызып отыр. Соған орай осындай жағымсыз, теріс құндылықтарды терең біліп, түсіну, ұлттардың жағымды әдет-ғұрыптарын жаңғартып дамытуға, оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға емес, ымыраластыруға шақыратын жағымды құндылықтарды насихат құралына айналдыру керек. Бұл әлеуметтік және рухани сабақтастығы үзілген, бытыраңқы, «басы бірікпейтін» қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |