Дәріс 9. Этнос және ұлт әлеуметтануы . Топ -мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы) немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін. Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады.
Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді: Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі.
Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді. 1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: ұлт, этнос, сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін. 2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін. 3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі. Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың этносоциология деген арнаулы теориясы зерттейді. Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық және түрлі ұлт өкілдері) пайда болуын, мәнін, мазмұнын, олардың қоғамдағы атқаратын әртүрлі қызметін, араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жаңа заңдылықтарды ашады.
Этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс әрекеттерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді.Этника деген ұғым этнос деген ұғымнан шыққан. Этнос грек тілінен аударғанда ру, тайпа, халық дегенді білдіреді.Этнос адамдардың тарихи этникалық тұрақтылық бірлігі. Бұл термин халық деген ұғымға жақын келеді. Осыдан келіп метаэтнос және субэтнос деген терминдер шығады. Этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс әрекеттерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді.Этника деген ұғым этнос деген ұғымнан шыққан. Этнос грек тілінен аударғанда ру, тайпа, халық дегенді білдіреді.Этнос адамдардың тарихи этникалық тұрақтылық бірлігі. Бұл термин халық деген ұғымға жақын келеді. Осыдан келіп метаэтнос және субэтнос деген терминдер шығады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, қазір жер бетінде 3 мыңнан астам ұлт өкілдері әлемнің 220 мемлекетінде өмір сүреді екен. Этностар мәңгілік өмір сүрмейді, олар туады, дамиды, кетеді. Мұндай процесті этноәлеуметтану теориясында этногенез деп атайды. Этногенез ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Л.Н.Гумилев болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, қазір жер бетінде 3 мыңнан астам ұлт өкілдері әлемнің 220 мемлекетінде өмір сүреді екен. Этностар мәңгілік өмір сүрмейді, олар туады, дамиды, өледі. Мұндай процесті этноәлеуметтану теориясында этногенез деп атайды. Этногенез ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Л.Н. Гумилев болатын.
Этникалық қауымдастық дегеніміз - белгілі бір ұлт өкілдерінің ұзақ уақыт бойы белгілі бір аймақта өмір сүретін адамдар тобы.
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықты біріктіретін факторлар:
Этникаалық қауымдастықтардың түрлері Тобыр - туыстық және әлеуметтік белгілері бойынша топтасқан адамдар тобы Ұлт - адамдардың материалдық, территориясы мен экономикалық және тілі мен мәдениетінің негізінде топтасқан адамдар тобы Халық – белгілі бір аймақта шоғырлан ған түрлі этнос өкілдерінен құралған адамдар жиынтығы. Саяси лексикада, көбіне ғылыми әдебиетте этнос және ұлт түсінігі синоним ретінде қолданылады, өйткені "этнос” "этникалылық” ұғымдары этникалық жіктелім үшін базалық болып табылады, ал "ұлт” ұғымы көбіне адамдардың этникалық тұтастығының мемлекеттік формасы ретінде анықталады.
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар Қазақстан егемендігін алғаннан кейін жағдай көп өзгере бастады.Қазіргі нарықтық жағдайда Қазақстанда тұратын ұлттар, ұлыстар қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын билікке, теңдікке, еркіндікке, бостандыққа қол жеткізді. Ұлттар арасында сенімділік, ынтымақтастық, келісушілік, түсінушілік күшейе түсті. Олардың арасындағы алуан түрлі қатынастар қоғам бірлігін, тұтастығын күн сайын дамытып жетілдіруде. Ұжымдарда, фирмаларда, мәдени орталықтарда, білім ордаларында, шаруашылықта алуан түрлі ұлт өкілдері бір адамдай еңбек. Мұның өзі республикада тұратын 130-дан астам ұлт өкілдерінің одан әрі дамып, әл ауқатының жақсара беруіне зор кепіл болып есептеледі.