Ақ Алматы технологи


Дәріс. Сайлау жүйелері және сайлау



бет26/34
Дата20.11.2023
өлшемі209,48 Kb.
#124951
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
Д ріс леумет-саясаттану 21-22

9 Дәріс. Сайлау жүйелері және сайлау.

Демократияның басты қағидаты (принципі) сайлау болып табылады. Сайлау арқылы ресми биліктің түрлі органдары – парламенттер, мемлекет басшылары, кейде үкіметтер, сот мекемелері, жергілікті басқару мекемелері анықталады. Сондай-ақ сайлау барысында саяси элита сарапталып, құралады, көшбасылар, мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі саяси қайраткерлер тәрбиеленіп шығады.


“Сайлау” термині арқылы дауыс беру нәтижесінде мемлекеттік мекеменің қалыптасу желісін (процедурасын) яки белгілі бір лауазымды тұлғаның өкілеттілікпен қамтамасыз етілуін, оның мандатына бір немесе бірнеше үміткердің тартысу құқығы барлығын білдіреміз
Сайлаудың әртүрлі жіктелуін келтіруге болады:
1. тікелей;
2. жанама;
3. бүкілхалықтық (жалпы);
4. бөлшектік;
5. кезекті;
6. кезектен тыс.
Сайлау үрдісі дегенде мемлекеттік және жергілікті мекемелерге сайлау өткізуге индивидтерді, ұйымдарды және топтарды заңдар және әлеуметтік ережелер шеңберінде реттелініп қатыстырылуын түсінеміз. Сайлау үрдісі сайлау құқығының бірқатар қағидаттары (принциптері) негізінде құралып, шын мәніндегі бүкілхалықтық ерікті анықтау болып табылады
Сайлау құқығының негізгі қағидаттарына мыналар жатады:
а) Жалпыға бірдей сайлау құқығы – сайлау құқығы барша кәмілетке толғандар мен ақыл-есі сау адамдардың сайлауға ерікті дегенді білдіреді.
ә) Белсенді сайлау құқығы – сайланбалы мемлекеттік мекемелерге сайлау мен кері шақыруға шешуіші дауыс беру құқығымен қатысу құқығы.
б) Тұйық (пассивтік) сайлау құқығы – мемлекеттік сайланбалы мекемеге өкілетті тұлға ретінде сайлану құқығы.
Сайлаудың негізгі функцияларына жатады:
1. Қызмет етуші өкілетті жүйені қалыптастыру. Билік мекемелеріне сайлау, бұл мекемелерге азаматтардың өкілдерін енгізіп, олардың қызметін бақылауға мүмкіндік береді.
2. Сайлаулар түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескерудің айрықша механизмі болып табылады.
3. Сайлаулар шын мәнінде саяси базар болып, үміткерлер өздерінің беделі мен сайлау алдылық бағдарламаларына сайлаушылардың қолындағы сенім мен өкілеттілікті айырбастап алады.
Сайлаулар осылайша қоғамның саяси дамуының механизмі болып табылады.
Демократиялық жолмен ұйымдасқан қоғамның басты ажырағысыз құрамдас бөлігі ретінде сайлау жүйелері ерекше мәнге ие болады.
Сайлау жүйесі азаматтардың өздерінің өкілдерін заң шығарушы органдағы орынға сайлаудың әдістері мен тәсілдерін анықтайды. Бұл тәртіп белгілі бір топтан яки округтан бір немесе бірнеше өкілдің сайланатынын және олардың қандай негіз бойынша сайланатынын анықтайды. Сонымен бірге заң бойынша дауыс берудің құрылымы анықталуы тиіс: мәселен азаматтар бір тұлғаға яки партияға дауыс береді ме , жоқ әлде бір мезгілде бірнеше тұлға мен партияларға дауыс бере алады ма; сондай-ақ сайлау тобының көлемі қандай болуы керек (ауданның яки облыстың).
Сайлау жүйелері демократиялық үрдістің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Таңдап алынған жүйе сайлаудың қорытындыларына өте маңызды ықпал етеді; сондай-ақ бұл қорытындыға күреске саяси партиялардың қатысу яки қатыстырылмауы да ерекше ықпал етеді. Саяси партиялардың өз өкілдерін сайлау үшін, азаматтардың қолдауының минимум дауыс беру белісінен өтуі секілді тәртіп негізінде сайлау үрдісіне қатынасуы, түптің түбінде қоғамда демократиялық жүйенің қалаптасуына елеулі үлес қосады. Сайлау жүйелері сайлау үрдісін тиянақты да келісімді деңгейде өткізуге, яки сайлау үрдісін бұзып, бір мемлекетті ғана емес бүкіл әлемді аласапыран ахуалға жеткізуге қабілетті.
Сонымен бірқатарда барлық елдердің бір-бірінен елеулі айырмашылығы барлығында атап өту керек; сол секілді сайлау жүйелеріде нақты қалыптасқан ахуалға байланысты сан-алуан болып келеді. Бегенмен белгілібір жағдайда көппартиялықтың қалыптасып, қоғамда пікір алуандылығы мен сөз бостандығын орнатып, демократияның кең қанат жаюына алып келген сайлау жүйесінің, енді бір елдерде қалыптасқан саяси институттардың күйреуіне әкеліп соғып, елді үлкен ауырытпалықтаға душар етуі де мүмкін.. сонымен бірге бірде бір сайлау жүйесі нақты нәтижеге кепілдік бермейді. Сайлау жүйесін өз мүддесіне пайдалануға тырысқан саяси партиялар көп жағдайда сан соғып қалып жататындығы да бар. Дегенмен сайлау жүйелері белгілі бір болжамдық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігіде даусыз.
Сайлау жүйелерінің типтері:

  • Қатысты көпшіліктің мажоритарлық жүйесі;

  • Аралас жүйе;

  • Тепе-теңдік (пропорционалдық) жүйе.

Бұл жүйелер өз кезегінде іштей бірнеше тармақтарға бөлініп кетеді.
Қатысты көпшіліктің мажоритарлық жүйесі (Р-М) бойынша бір
мандатты округтар құрылып, әрбір сайлау тобы бір өкілді ғана сайлай алады. Бұл жүйе Қазақстанда сайлау туралы 1999 жылғы заңға дейін қолданып келген. Бұл жүйенің төрт типі белгілі:

  • Қарапайым көпшілік дауыс жүйесі (ҒТРТ);

  • Дауыс берудің блоктық жүйесі (ВҮ);

  • Альтернативті дауыс беру жүйесі (АҮ);

  • Екі турдан тұратын жүйе (TR).

Мажоритарлық жүйеден (Р-М) өзге сайлау жүйесінің келесі түрін Аралас жүйе (SP) деп атайды, бұл жүйе екі типке бөлінеді:

  1. Кандидатты жарияламай дауыс беру жүйесі (SNTY);

  2. Көлбеулік (Параллельдік) жүйе.

(SNTY) жүйесі партиялық тізім бойынша сайлауға негізделген.
Көлбеулік (Параллельдік) жүйе бойынша сайлауда бір мандатты окрук бойынша және партиялық тізім бойынша бір жеңімпаздың жеңіске жетуі назарда тұтылған.
Тепе-теңдік өкілділік (Пропорциональдық) (PR) жүйесі сайлау жүйесінің үшінші соңы түрі болып табылады. Бұл жүйе бойынша жалпы халықтық дауыстың партиялық үлесін заң шығарушы органдағы орынды әділетті түрде бөлуге қолданылады.
Енді осынау жүйелерге қысқаша шолу жасап өтейік:
Мажоритарлық (фр. majorite-большинство) жүйенің негізінде көпшіліктің қатысты үстемдігі алынады: сайлау заңдары бойынша көпшілік дауысқа ие болған үміткер немесе үміткерлер тізімі сайланған болып саналады. Қалған үміткерлер мен үміткерлер тізімі сайланбалы органға өкілдерін енгізе алмайды.
Қатысты көпшіліктің мажоритарлық жүйесі – бұл сайлау нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинаған үміткердің жеңісі айқындалатын жүйе болып саналады, яғни басқа үміткерлердің кез – келгенінен көп дауыс жинаған үміткер жеңіске қол жеткізеді. Бұл жүйе өте қарапайым және қашанда нәтижелі болады. Себебі үміткерлердің біреуі қашанда көп дауыс жинайды. Бұл жүйенің артықшылығы екінші сайлау турының болмайтындығы. Бұл жүйеде тіпті сайлауға қатысушылардың қажетті минимумы да бекітілмейді. Қатысты көпшіліктің мажоритарлық жүйесін сондай-ақ “мәреден бірінші өткеннің жүйесі” деп те атайды. Қазіргі күнде мұндай жүйе АҚШ – да, Канадада, Англияда, Жаңа Зеландияда қолданылады.
Абсолютті көпшіліктің мажоритарлық жүйесінде сайлауға қатысушылардың жартысынан көбінің дауысына ие болуды талап етеді (50% дауыс + 1 дауыс). Бұл жүйеде әдетте сайлауға қатысушыларлың ең төменгі шегі бекітіледі. Бұл жүйенің артықшылығы сайлауға қатысушылардың көпшілігінің қолдауына ие болған үміткер, егер бұл артықшылық бір дауысқа артық болса да жеңімпаз саналады. Дегенмен кейде үміткерлердің ешқайсысы да көпшілік дауысқа ие бола алмай жатады. Мұндай жағдайларда үміткерлерді қайта ұсыну жүргізіледі де, сайлауға түскен үміткерлердің ішінен көп дауыс жинаған екі үміткер, сайлаудың екінші турына шығады. Екінші турда абсолюттік көпшілікке ие болған үміткер жеңімпаз саналады. Екінші турда дауыс беруге қатысушылардың белсенділігі бірінші турға қарағанда әлдеқайда төмен болатындықтан, заң қатысушылардың ең төменгі шегін едеуір төмендетеді немесе, ондай минимумды тіптен белгілемейді.
Сапалы көпшіліктің мажоритарлық жүйесінде дауыстың сапалы көпшілігіне ие болған үміткер немесе үміткерлер тізімі жеңген саналады. Сапалы көпшіліктің мәні заң бойынша бекітіледі және оның көлемі абсолюттік көпшіліктен қашанда артық болып келеді. Осынау жүйе тәжірибеде өте сирек қолданылады. Өйткені ол абсолюттік көпшілік жүйесінен де тиімсіз.
Тепе – теңдік жүйесінде партиялық тізім бойынша дауыс беру және депутаттық мандаттарды партиялардың арасында берілген дауыстар бойынша қатаң үлеструді көздейді. Бұл дегеніңіз сайлаушылар нақты бір үміткерге емес, партиялық тізім бойынша бір партияға яғни белгілі бір бағдарламаға дауыс береді. Әрине партиялар өздерінің тізімдеріне белгілі және юеделді қайраткерлерді енгізуге әрекет етеді дегенмен бұл мандаттарды бөлісуге ықпал етпейді. Тепе – теңдік жүйесінің екі түрі бар: 1) бүкіл ел біртұтас бір сайлау округы болады да сайлаушылар ел көлемінде саяси партияларға дауыс береді; 2) ел бірнеше сайлау округтарына бөлінеді де әр округта партияларға дауыс береді, мұнда партиялар аймақтардағы беделдеріне қарай жеңіске жетеді. Жалпы тепе – теңдік жүйесі бүгінгі әлемде кеңінен қолданылады. Партиялардың праламенттегі беделін арттыру мақсатында олардың дауыс жинаудағы қажетті дауыс минимумның көлемін төмендетудің қажеттілігі айқындалуда. Мұндай ереженің мәні мынада, белгілі бір дауыс мөлшерін жинай алмаған партиялар мандатқа ие болу құқығынан айырылады.
Мәселен Қазақстан Республикасында - 7 %, Алмания мен Ресейде - 5 %, Болгария, Венгрия және Италияда - 4 % , Испанияда - 3 % және т.б
Аралас сайлау жүйесінде мажаритолық және тепе – теңдік жүйелерінің артықшылықтарын қамту арқылы құралған. Аралас жүйе бойынша депутаттардың бір бөлігі мажариторлық жүйе бойынша құралса, енді бір бөлігі тепе – теңдік жүйесі негізінде партиялық тізім бойынша жасақталады. Мәселен АФР – да депутаттардың жартыснан жуығы қатысты көпшіліктің мажоритарлық жүйесі бойынша сайланса, екінші жартысы тепе – теңдік жүйесі негізінде партиялық тізім бойынша жасақталады. Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасынындағы 470 депутаттың тең жартысы тепе – теңдік сайлау жүйесі бойынша сайланады . Қазақстан Республикасында 2006 жылдың наурыз айындағы деректер бойынша Республика Парламентіне 67 депутат мажоритарлық жүйе бойынша , 10 депутат тепе – теңдік сайлау жүйесі бойынша сайланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет